» » Өз тілін құрметтеген шет тілі мамандарының шеберлік мектебі

Өз тілін құрметтеген шет тілі мамандарының шеберлік мектебі

 Қазақстан Республикасы дүниежүзілік қауымдастықпен нарықтық экономикалы ел деп танылып отыр. Тәуелсіздік алғалы бері мемлекетіміз дүниежүзілік қауымдастықпен кіріге отырып, экономикалық өсудің жоғары қарқынымен ерекшеленді.

Осыған байланысты,  қоғамдық даму деңгейінің, экономикалық қуаттылықтың және елдің ұлттық қауіпсіздігінің  белгісі ретіндегі адами ресурстардың, білім беру жүйесінің рөлі мен маңыздылығы артады. Білім - әлемдегі өркениетті дамыған елдердің барлығында дерлік дамудың негізгі көрсеткіші мен негізгі басыңқы бағыты болып табылады. Шын мәніне келгенде, елдер тек тауарлар мен қызметтер өндіре отырып бәсекелеспейді, сонымен бірге олар қоғамдық құндылықтар жүйесі мен білім беру жүйесі арқылы бәсекеге түседі.

Жаңа ғасырдағы жаңалықтар қоғам өміріне етене еніп, оның ажырамас бір бөлігіне айналды. Бүгінгі күні жаһандық бәсекелестіктің артуымен жасанды интеллект, робот техникасы, 3D жобалау, Big  data секілді ұғымдарды жиі кездестіреміз. Технологиялық трендтер біз өмір сүретін ортаның экономикалық, әлеуметтік-мәдени, тіпті тұлғалық қалыптасуына өзгеріс енгізетіні айтпаса да белгілі. Ендігі жұмысты түтіні будақтаған зауыт-фабрикадағы қаптаған қара жұмысшы емес, шағын кеңседе инженер-программистің басқаруымен роботтар атқаратын болады. Біздің айтпағымыз да осы, қазіргі білім алушы жастардың жаңалыққа құмарлығының нәтижесінде көптеген жақсы бастамалар жүзеге асуда. Әрине, бұл орайда оларға үлкен көмек қолын созып, қолдау  көрсететін өздері білім алып жүрген оқу орындары.

Шырайлы Шымкент шаһарында орналасқан Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті шет тілі мамандарын даярлау  бағытында жоспарлы түрде жұмыс жүргізіп келеді. Жоспарлы деуімізге де үлкен себеп бар, университеттің алдағы оқу жылдарына көздеген мақсаттарында педагогикалық оның ішінде, тіл мамандарын даярлауға да ерекше мән берілген.

Шетел тілі: екі шет тілі академиялық білімнің бакалавр деңгейін көрсететін жоғары білікті мамандықтардың бірі болып табылады. Жалпы екі шет тілін бірдей меңгеріп шығарудағы мақсат еліміздегі билингуалды азаматтарымыздың ретін көбейту, сондай-ақ, өзге елдермен қарым-қатынас тілдерін елде барынша дамыту.

Шет тілдер кафедрасының мамандарымен әзірленген шетел тілі бағдарламасы: екі шет тілі жоғары деңгейлі студенттерді екі тілде оқытуға, сонымен қатар мансаптық мүмкіндіктердің кең спектрін игеруге арналған. Бағдарлама академиялық тілді үйрену мен қарым-қатынасты шет тілдерін оқытудағы практикалық сабақтармен үйлестіреді және оқу жоспарларын әзірлеу мен оқытуда көшбасшылық қабілеттерге баса назар аударады.

Білікті маман қай кезде де нарықта сұранысқа ие. Осыған сәйкес бәсеке де өте жоғары. Шет тілдер кафедрасының профессор-оқытушылары студенттерді барынша бәсекеге қабілетті етіп даярлауда аянбай еңбек етіп келеді. Білім алушыларға білім беруден бөлек, ғылымға деген қызығушылығын арттыру, ынтымақтастық арқылы әртүрлі деңгейдегі халықаралық іс-шараларда тәжірибе алмасуға баулу, сондай-ақ ТМД-нің беделді ЖОО-нда біліктілікті арттыру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді. Университет басшылығының қолдауымен жүзеге асатын түрлі тақырыптардағы конференциялар, семинарлар, вебинарлар, кездесулер білім алушыларға зор мүмкіндік екені айтпаса да түсінікті.

 Кафедраның білікті ғылыми-педагогикалық кадрлармен жинақталуының нәтижесінде түрлі халықаралық деңгейдегі іс-шаралар өткізіледі. Атап айтсақ, филология ғылымдарының докторы, Дрезден техникалық университетінің профессоры Х.Куссенің қатысуымен қазан айында ауқымды семинар өтті.

Профессор-оқытушылар білім алушылармен ашық сабақтар жүргізіп, тәлімгерлер топ студенттерімен үнемі байланыста.

Кафедарада кәсіптік практика жоспарға сәйкес жүйелі түрде жүргізіледі.

Өндірістік практиканың мақсаты кәсіптік құзыреттілікті бекіту, кәсіптік қызметтің практикалық дағдылары мен тәжірибесін алу болып табылады. Өндірістік практиканың негізгі міндеттері: 1) мамандық бойынша кәсіптік қызмет түрлерін, олардың функциялары мен міндеттерін зерделеу; 2) теориялық білімді нығайту және осы негізде кәсіптік шеберлікті, дағдылар мен құзыреттерді қалыптастыру; 3) инновациялық технологияларды, еңбек пен өндірістің озық әдістерін меңгеру; 4) ұйымдастырушылық және кәсіптік өсуді меңгеру; 5) командалық жұмыс дағдыларын, корпоративтік басқару ережелерінің құзыреттерін меңгеру; 6) өз қызметін өз бетінше жоспарлау, әріптестермен пайдалы байланыстар орнату, рөлдік кәсіптік позицияны анықтау, жауапкершілік сезімін қалыптастыру дағдыларын меңгеру.

Ал жжғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі кәсіптік практика жоғары оқу орнында оқу процесінде алынған теориялық білімді бекітуге, практикалық дағдылар мен құзыреттерді меңгеруге, сондай-ақ озық тәжірибені игеруге бағытталған кәсіптік даярлаудың құрамдас бөлігі болып табылады. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудегі кәсіптік практика мынадай түрлерге бөлінеді: зерттеу, педагогикалық және өндірістік. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудегі зерттеу практикасының мақсаты отандық және шетелдік ғылымның жаңа теориялық, әдіснамалық және технологиялық жетістіктерін зерделеу, практикалық дағдыларды бекіту, диссертациялық зерттеуде эксперименттік деректерді жинаудың, өңдеудің және түсіндірудің қазіргі заманғы әдістерін қолдану болып табылады. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудегі педагогикалық практика мақсаты жоғары оқу орнында ғылыми-педагогикалық қызметке даярлау, арнайы пәндерді оқытуды, білім алушылардың оқу қызметін ұйымдастыруды, пән бойынша ғылыми-әдістемелік жұмысты қамтитын жоғары мектепте оқу-тәрбие процесін жүзеге асыру бойынша практикалық қызмет дағдыларын меңгеру және бекіту болып табылады. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудегі өндірістік практика мақсаты негізгі құзыреттерді игеру және бекіту, болашақ мамандық бейіні бойынша практикалық дағдылар мен кәсіптік қызмет тәжірибесін алу болып табылады. Осы орайда университетімізде болашақ шет тілі мұғалімдерінің іс-тәжірибеден  өту жұмыстары оң нәтижесін беріп келеді. Тіпті білім алушылардың тәжірибеден өткен жалпы білім беретін мектептерде мұғалім қызметіне шақырылғандары өте көп. Біз болашақта орта және кәсіптік, сонымен қатар жоғары білім беретін мекемелермен ынтымақтастықты жалғастыра береміз.


Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің

«Шетел тілдері» кафедрасының меңгерушісі,

педагогика ғылымдарының кандидаты

Мамырбаева Бағила Сағынбайқызы

04 мамыр 2023 г. 19 091 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 18 110 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 857 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031