» » С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне жаңа ректор тағайындалды

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне жаңа ректор тағайындалды

 С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры болып философия ғылымдарының кандидаты Гауһар Ахметова тағайындалды. 
 Жаңа ректорды облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев пен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Гүлзат Көбенова таныстырды.
Гауһар Ғалымқызы 1995 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының педагогика және әдіснама факультетін «Бастауыш және орта мектептегі музыка мұғалімі» мамандығы бойынша үздік бағамен бітірген. 2001 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінің аспирантурасын «Философия тарихы» бойынша тәмамдады. Ол – философия ғылымдарының кандидаты, «Болашақ» Президенттік стипендиясының иегері. 2014 жылы Қазақстан Республикасы Құрметті білім қызметкері атанды. Әр жылдары С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың академикалық жұмыстар жөніндегі проректоры, «Философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі секілді жауапты қызметтерді атқарған.
Сонымен қатар, осы күні ПМУ-дың академикалық жұмыстар жөніндегі проректоры болып Петр Быков тағайындалды.
Петр Олегович 2001 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген, техника ғылымдарының кандидаты.

Жанаргүл ҚАДЫРОВА,
Павлодар қаласы

Дереккөз:Алаш айнасы
 
08 қыркүйек 2017 г. 3 557 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 42 194 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 28 876 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031