» » ЖООдарының ректорларының сайлауы өтті

ЖООдарының ректорларының сайлауы өтті

 2017 жылдың 5 қыркүйегінде Астанада мемлекеттік жоғары оқу орындары ректорлары лауазымдарына үміткерлерді айқындау бойынша Республикалық конкурстық комиссия отырысы болып өтті.Бұл туралы EDUNEWS.KZ ақпаратық агенттігі,БҒМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

 Отырыс барысында 5 мемлекеттік ЖОО: Атырау мұнай және газ  университетінің, Қазақ мемлекеттік әйелдер педагогикалық университетінің, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және  инжиниринг университетінің, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректорлықтарына үміткерлер қарастырылды.

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Ерболат Досаевтың төрағалығымен, сондай-ақ, ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаеваның, ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтың, «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқармасының төрағасы Ерлан Қариннің, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетовтың, Қазақстанның Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшановтың және басқа да комиссия мүшелерінің қатысуымен өткен отырыста вакантты ректорлық лауазымдарға үміткерлермен сұхбаттар өткізілді.

15 үміткер ЖОО дамыту бағдарламаларын ұсынды. Олар ЖОО Бақылау кеңестерінің ұсынымдары бойынша, 38 үміткердің арасынан іріктелініп алынды.  

Сұхбаттасулар қорытындылары мен ЖОО дамыту бағдарламаларын талқылау нәтижесінде конкурстық комиссия төмендегі үміткерлерді ректорлық лауазымға ұсынылды: Атырау мұнай және газ  университетіне – Әбішев Әли Әжімұлы, Қазақ мемлекеттік әйелдер педагогикалық университетіне – Алдамбергенова Гаухар Төремұратқызы, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және  инжиниринг университетіне – Ахметов Берік Бақытжанұлы, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне – Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне  - Ахметова Гаухар Ғалымқызы.

Ректорларды сайлауды енгізу Елбасы Н.Ә. Назарбаев белгілеген бес институционалдық реформаларды іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 78 қадамына сәйкес, ЖОО-дарының академиялық және басқару дербестіктерін кезең-кезеңімен кеңейтуге бағытталып отыр.

07 қыркүйек 2017 г. 4 699 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 227 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 613 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031