» » Астананың ең байырғы жоғары оқу орны 60 жылдық мерейтойын атап өтеді

Астананың ең байырғы жоғары оқу орны 60 жылдық мерейтойын атап өтеді

  2017 жылы 6 қазан күні Астана қаласында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің 60 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара өтеді. Бұл туралы ҚАЗАТУ-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып,EDUNEWS.KZ ақпараттық агенттігі хабарлайды.

 Іс-шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықова, Вице-премьер-  ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов қатысады. Мерейтой қонақтарының арасында Қазақ агротехникалық университетінің    Болгария, Италия, Ресей,  Беларусь, Польша, Германия, Венгрия, Қытай, Моңғолиядағы әріптес жоғарғы оқу орындарының ректорлары мен ғалымдары бар. Сонымен бірге,  Болгария, Италия, Польша, Германия, Венгрия, Қытай, Моңғолия ҚазАТУ-мен серіктес жоғары оқу орындарының ректорлары, АҚШ, Германия, Нидерланд корольдігі, Финляндия, Франция, Белорусь, Қытай, Ресей, Ұлыбритания елшіліктерінің және Қазақстан ғылыми-зерттеу институттары мен ЖОО-ның өкілдері келеді. 

  С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысымен 1957 жылы қазан айында Солтүстік және Орталық Қазақстан аймағына ауыл шаруашылық мамандарын дайындау үшін Ақмола ауыл шаруашылық инситуты болып құрылып, Кеңестер Одағының ауыл шаруашылық саласына мамандар дайындайтын ең ірі он оқу орнының қатарына кірді. Бүгінде ол – республика бойынша аграрлық сала мамандарын даярлайтын  ең үлкен оқу орны. Қазіргі кезде университетте 37 мамандық бойынша бакалаврлар, 31 мамандық бойынша магистранттар, 19 мамандық бойынша докторанттар дайындайтын 9 факультет бар. ЖОО-да 11 мыңнан астам адам оқып, білім алады. Профессорлық-оқытушылар құрамының саны –900-ден асады. 

   60 жыл ішінде ЖОО-ны 65 мыңнан астам түлек шығарды. Оқу орнының түлектері тәуелсіз Қазақстанның экономикасы мен ауыл шаруашылығы саласын өркендетіп, елімізді әлемдегі жетекші астық шығарушы елдердің біріне айналдырған тың жерлерді игеруге арналған тарихи жобаға өлшеусіз үлес қосты. Олардың арасында жетекші ғалымдар, ауылшаруашылық өндірісінің ірі ұйымдастырушылары мен саяси және қоғамдық қайраткерлер де аз емес. ҚазАТУ түлектерінің ішінде он азамат Социалистік Еңбек Ері атанса, үшеуі «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алды.

  ЖОО-да бүгінде Назарбаев Университеті үлгісіндегі ғылыми-зерттеу университетіне ауысу процесі басталды. ЖОО-ның негізгі серіктесі – аграрлық білім мен ғылым саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі Дэвистегі Калифорния зерттеу университеті Чилидегі, Малайзиядағы, Вьетнам мен Қытайдағы аграрлық білім жүйесін реформалауда табысты тәжірибе жинақтаған. Әріптестік аясында бірінші кезекте  қазақстандық мамандар осы және өзге де жетекші  зерттеу университеттерінде  дайындықтан өтті.   Шетелдік профессорлардың тікелей көмегімен 6 жаңа магистратуралық   бағдарлама жасалды. Тағы 62 бағдарлама енгізу жоспарда тұр. Кәсіби дағдыларды қалыптастыруға ерекше ден қойылып,   студенттердің тәжірибе жұмысының ұзақтығы 3 айдан 7 айға ұлғайды. Соңғы жылдары 58 білім беру бағдарламасы үш тілге ауыстырылып, 126 оқытушы, яғни барлық профессорлық-оқытушылар құрамының 14 пайызы өз дәрістерін ағылшын тілінде жүргізеді. Ғылыми қызметпен айналысатын оқытушылар мен студенттер саны екі есе өсіп, Web of Science басылымдарға шыққан мақалалар саны 18 есе көбейді. Университет осы уақыт аралығында 1,1 млрд. теңге шетелдік инвестиция тартып, соның есебінен жаңа білім мен технологияны трансферттеп, бейімдеуге арналған 4 халықаралық орталық ашылды.

  Осы іс-шаралардың арқасында оқу орны QS рейтингі бойынша бірнеше жыл қатарынан әлемдік үздік университеттердің ТОП-800 тізіміне еніп, QS EECA рейтингі бойынша Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдері ЖОО-ның ТОП-200 қатарына кірді. 2017-2021 жылдарға арналған Агроөндірістік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің негізінде зерттеу университетін құру қаралған. Бүгінде университеттің Даму бағдарламасы жасалып,  барлық қатысты министрліктер тарапынан мақұлданды.

Құрметті журналистер! Сіздерді С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дың 60 жылдық мерейтойын атап өтуге арналған салтанатты іс-шараларға қатысуға шақырамыз. 

Өткізу орны: Астана қаласы, Жеңіс даңғылы 62. 

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дың Бас ғимараты 

Іс-шараның басталуы: 2017 жыл, 6 қазан. Сағат – 10:00. 

 Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 10/1

«Қазақстан» Орталық концерт залы 

Іс-шараның басталуы: 2017 жыл, 6 қазан. Сағат – 16:00. 

 БАҚ аккредитациясы: қалалық тел. 8 717 239 57 07, ұялы тел. 8 701 755 49 53. 

Kazatu_press@mail.ru

hadish@mail.ru

04 қазан 2017 г. 4 116 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 711 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930