» » Тараз қаласының мектебінде футбол сабағы пән ретінде енгізілді

Тараз қаласының мектебінде футбол сабағы пән ретінде енгізілді

 Тараз қаласындағы Төле би атындағы №8 орта мектеп гимназиясының базасында өңірімізде балалар футболын дамыту жөніндегі семинар өтті, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

 Жиынға 30-дан астам қала мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері мен спорт саласының өкілдері қатысты.

Биылдан бастап білім саласына енгізілген жаңа өзгерістердің бірі – 1–4-сынып аралығындағы мектеп оқушыларының дене шынықтыру пәніне футбол сабағын үшінші пән ретінде енгізу.

 Мәселен, футбол сабағы бұрын жыл бойына жоспарға сай өткізілетін болса, биылдан бастап ол апта сайын міндетті түрде өткізіледі.

 Сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларына бірден футбол ойнатпай, оларды алдымен футбол ойынының техникасымен таныстырады. Тіпті қазақ футболы жөнінде, атақты футболшылар туралы да ақпараттар берілетін болады.

 Бұл бірінші кезекте балаларды жастайынан футболға баулу үшін керек дейді сала мамандары. Осыған орай ҚР білім және ғылым министрлігі, Ұлттық ғылыми практикалық орталығының жетекшісі Асылхан Әбішов пен Қазақстан футбол федерациясының техникалық директоры Евгений Булгаков қазір өңір өңірлерді аралап мұғалімдермен жиындар өткізіп жатыр.

 Футбол спортын оқушының жастайынан біліп өсуі баланың оған деген қызығушылығын арттырады. Сабақ кезінде енді дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері оқушыларға допты қалай лақтыру, қалай тебу керектігі мен футболда қандай терминдер бар екендігін де үйрететін болады. Кездесуден кейін  жиналғандарға спорт саласының өкілдері арнайы жасыл алаңда шеберлік сыныбын өткізді.

14 қыркүйек 2017 г. 2 328 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 766 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 056 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031