» » БОЛАШАҚ ТІРЕГІ – БІЛІКТІ ҰСТАЗ ЖӘНЕ САПАЛЫ БІЛІМ

БОЛАШАҚ ТІРЕГІ – БІЛІКТІ ҰСТАЗ ЖӘНЕ САПАЛЫ БІЛІМ

16 желтоқсан - ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік  күні.

1991 жылғы 16 желтоқсанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге 28 жыл толды.

Тәуелсіздіктің жаршысы деп 1986 жылы желтоқсанның ызғарында алаңға шыққан жастардың ерік-жігері, ең алдымен барша қазақстандықтардың арман-мұратының салтанат құруы деп айтуға толық негіз бар. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің салтанаты мен  егемендігіміздің көк байрағы  өскелең ұрпақтың еншісінде деп білеміз. Тәуелсіздіктің баянды болуы мен білімнің салтанат құруы бір бірімен біте қайнасқан ұғымдар.

Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мәйекті мақаласында «білімнің салтанат құруы» жайында ой қозғайды. Әрбір мемлекеттің дамуы үшін, ең алдымен  білімнің салтанат құруы шарт.Демек осы ұрпақты бүгінгі таңда жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары, өз бетімен ізденуге қабілетті етіп қалыптастыра білу – болашағымыздың кепілі деп ұғыну керек.  Ал ол  үшін мұғалімнің терең білікті болуы қажет. Себебі,кәсіби білікті және шығармашыл ұстаз ғана бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыра алады.

«Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және  Шымкент қаласы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұжымы да ұстаздардың біліктілігін арттыру жұмысын  осы бағытқа жұмылдырған.

Институт тарапынан облыс мұғалімдері арасында қазақ тілін латын графикасына көшіру идеясын насихаттау және талқылау бағытында көптеген іс-шаралар атқарылды. «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жағдайында жоғары оқу орындары профессор-оқытушылар құрамының кәсіби құзыреттілігін арттыру» бағдарламасы құрастырылып, педагогтер үшін, оның ішінде ЖОО орындарының ПОҚ үшін латын қаріпіне өту бойынша курстары өз жұмысын бастады. Сонымен бірге инклюзивті білім беру міндеттерін жүзеге асыру, CLIL әдістемесі арқылы оқытылатын тілде  пәндерді жүргізу бастамасы жалғасын тауып келе жатыр.

Осындай игі істердің жалғасын табуынҚасымжомарт  Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» [1]атты жолдауымен байланыстыратын болсақ, шын мәнінде, педагог мамандардың кәсіби құзыреттілігі жоғары болуымен қатар педагогика саласында жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, тұрақты өзін өзі жетілдіруге  бағыт алған, рухани дүниесі бай, шығармашыл  тұлға,  оның кәсіби шеберлігі әдістемелік жұмыстағы шеберлігімен ұштасып, ғылыми зерттеу жұмысының  нәтижесін таратып жүрген  ұстаз ретінде көрінуі шарт.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның мақсаттарында:

«... сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, зияткер, дене  бітімі және рухани жағынан дамыған,  табысты  азаматты  қалыптастыру» - деп көрсетілген [2]. Осыған орай «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және  Шымкент қаласы бойынша педпгог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты тарапынан  білім беру жүйесіндегі өзекті  мәселелерге қатысты веб-форумдар, on-line және off-line режимінде ашық, вебинар сабақтар, семинарлар мен конференциялар өткізіліп тұрады.

Үстіміздегі жылдың елеулі шараларының бірі - Қазақстан Республикасы Президентінің Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсәптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы аясында өткізілген«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2019» байқауын атап өтуге болады. Байқауға мұрындық болған «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамы. Мақсаты - педагогикалық қызметкерлерінің заманауи білім беру технологиялары мен әдістемелерін қолдану бойынша тиімді практикаларын және озық тәжірибелерін таныстыру мен тарату.

Республика көлемінде жүргізілген осы іс-шараға біздің институттың ұжымы да ат салысты. Өңірлік видео сабақтар байқауын  ұйымдастырып,  жеңімпаздар институт және Республика көлемінде марапатталып,  ал ұстастаздардың үздік сабақтары yotube желісінде еліміздің жалпы мұғалімдерінің  назарына ұсынылды.

13 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 28 жылдығынаорай «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым!» тақырыбында"Менеджмент және ақпараттық технологиялар" кафедрасының ұйымдастыруымен (кафедра меңгерушісі – ф.ғ.к. Рахимжанова Г.К.) салтанатты іс-шараөткізілді.

Мерекелік кешті ашу және құттықтау сөз институтдиректоры, п.ғ.д., профессор  Искакова Лаура Тұрлыбекқызына берілді.

«Nur Otan» партиясы әл-Фараби аудандық филиалының «Оңтүстік»  бастауыш партия ұйымының төрағалығына «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және  Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ директоры, п.ғ.д., профессорИскакова Лаура Тұрлыбекқызы тағайындалған болатын.Институт ұжымы  Лаура Тұрлыбекқызын  партия тарапынан зор сенімге ие болуымен құттықтай отырып, білімді, іскер, тәжірибелі басшы ретінде партия филиалының жұмысын одан әрі күшейтуге ықпал ететіндігіне сенім білдірді.

Қорыта айтқанда , Қазақстан Республикасы  білім беру жүйесіндегі барлық реформалар мен оң өзгерістердің  арасын  байланыстырушысы  болып табылатын«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» іске асырып отырған инновациялық, заманауи технологиялар, жаңашыл жобалар педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіруге, еліміздің зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға өз үлесін қосып отырғанына біз сенімдіміз.

Жасампаз елі жарқын болашаққа бет алған Тәуелсіз Қазақстанның жолы болсын! Ұлы еліміздің ұлы тағдырын айқындаған Тәуелсіздік күні құтты болсын!

1.Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі:табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауы, 5 қазан, 20218 ж.

2.Қазақстан Республикасының Президенті  Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты  Қазақстан халқына жолдауы, 2 қыркүйек, 2019 ж. 

Байназарова Бағлан Әшімбекқызы,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы 

Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ,

 тарих ғылымдарының кандидаты.


Дереккөз: "EDUNEWS.KZ" ақпарат агенттігі
24 желтоксан 2019 г. 55 587 0

Похожие новости:

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 737 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930