» ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЫНТАСЫ ЖӘНЕ САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЫНТАСЫ ЖӘНЕ САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ

Қазіргі қoғамның өзeкті мәселелерiнің бірі-әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жекe тұлғаны қалыптастыру. 

Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар-шығармашылық, жоғары интелектілік, терең білімділік, кәсiби сауаттылық.Сол себепті, білім берудің қазіргі заман талабы - шығармашылықпен жұмыc жасайтын, бәcекеге қабілетті, құзіретті тұлға тәрбиелеу.

«Математика» пәні бойынша жаңартылған оқу бағдарламасы оқушыларға ХХІ ғасырдағы қарқынды дамып келе жатқан зияткерлік және техникалық ортада табысты болу үшін қажетті дағдыларды меңгертуге бағытталған. Олар оқушыларды сын тұрғысынан ойлау, бірлесіп жұмыс істеу, ақпаратты өңдеу, проблемаларды шешу сияқты анағұрлым жоғары деңгейдегі көптеген дағдыларды өз бетінше меңгеруге және зерделеуге дайындайды және ынталандырады. Осы дағдыларды жоғары дәрежеде меңгеру «Математика» пәні бойынша оқу бағдарламасында проблемаларды шешу, бірлескен зерттеу және ғылыми зерттеу жүргізу дағдыларына баса назар аударып, ойлау дағдыларын дамытуды көздейді. [1]

Білім алуды жандандыратын аспектілердің бірі оқушыларды ынталандыру болып табылады, бұл оқушылардың өз қабілеті мен мүмкіндіктерін іске асыруына оң ықпал етеді. Әдетте балалар мектепте жақсы оқиды, алайда кейбіреулері оқуға деген уәжі мен қызығушылығын жоғалтып жатады. Негізінде, оқушылар оқу қажет болғаннан емес, өз еркімен оқуға ынталанып, өздігінен уәжделуі тиіс. Бұған оқуды мүмкіндігінше белсенді, күрделі, қызықты және маңызды ету арқылы қол жеткізуге болады. «Балалардың білгені, тапқан-таянғаны өмірге жанасып, жарыққа шығып отырып, барлық жұмысты балалардың белсене, құлшына өздері істеуі шарт. Өзі еңбектеніп, өзі бейнеттеніп тапқан білім берік болады. Өмірінде ұмытпайды» (Аймауытұлы, 1929). Оқушылар өздерінің жаңа білімдері мен дағдыларын іс жүзінде өз тәжірибесінде қолдануға болатынын көргенде және шынайы өмірден алынған жағдаяттарға негізделген өздерінің күнделікті тәжірибесімен байланысты болғанда, олардың оқуға деген ынтасы артады. [2, 28 б.]

Мектеп қабырғасында мұғалімнің сабақты түсіндіруіне орай баланың пәнге деген қызығушылығы қалыптасады. Бүгінгі күні мектеп оқушыларын білім алуға ынталандыратын, оқуға деген қызығушылығын оятатын түрлі көрнекіліктер, ақпараттық-техникалық құралдар жетерлік. Осы мүмкіндіктерді пайдалана отырып оқушылардың оқуға деген ынтасын жоғарлатуда әр ұстаз өзіндік тәсілдері бойынша сабақты түрлендіріп өткізеді. Оқушының сабақты қызыға оқуы мектепте мұғалімнің сабақты қаншалықты деңгейде өткізетіндігіне тікелей байланысты. Сабақ процесінде оқушылардың эмоционалдық көңіл-күйін жіті бақылап, жеке оқушымен жұмысты дамыту керек. Негізгі мақсаттардың бірі- оқушылардың оқуға деген, пәнге деген қызығушылығын арттыру, дамыту. Бұл іс сабақ тақырыбының маңызы мен оның өмірге пайдасын оқушы терең түсіне білгенде,сабақ мазмұны ғылым жаңалықтары мен дәйектемелеріне бай болғанда ғана жақсы нәтиже бермек. Сондай-ақ сабақта ойындарды пайдалану, оқушылардың қабілеттерін дәл тауып,соны ары қарай дамытуға еңбек ету оқушының пәнге деген қызығушылығының артуына көмектеседі.

Дегенде де, балалардың сабаққа қызығушылығын арттыруды жүзеге асырудың алғашқы қадамдарының бірі сабақты жоспарлау кезіндегі ескеретін кейбір жағдайлар бар. Сабақ жоспарлауды бастағанда мұғалім бұл сабақтың мақсаты қандай болатынын шешеді. Сабақтың мақсаты оқу бағдарламасында қарастырылған оқу мақсатына сәйкес келуі керек, бірақ оқу мақсаттарының барлық тармақтарын қамтуы міндетті емес. Яғни, бір оқу мақсаты бірнеше сабаққа негіз болып, алайда ол сабақтардың мақсаты әртүрлі болуы мүмкін.

Мұны анықтап алғаннан соң, келесі кезекте сабақтың басында оқушылармен бірге сабақтың мақсатын ашу мәселесі орын алады. Бұл дегеніміз, әрбір оқушы қазір өтейін деп отырған сабақтың мақсатын нақты біліп қана қоймай, сонымен қатар олар үшін бұл жаңа әрі қызықты болуы қажет. Мұндай тұжырымды, сонау 80-ші жылдары белгілі дидакт М.Н. Скаткин жасаған. Ол өз еңбегінде В.А.Сухомленский, Я.А.Коменский, Н.А.Добролюбов сияқты педагогтардың еңбектеріне сілтеме жасай отырып жасаған. [3]

 Мысалы, физика пәнінен Галилейдің осыдан 435 жылдай бұрын Галилейдің еркін түсу үдеуін тәжірибе арқылы анықтаған орны - Пиза мұнарасынының жанында болған оқиғаға назар аударуға болады. Қандай да бір биіктікте бос тұрған дененің жерге құлайтыны бәріне белгілі. Жоғары лақтырылған дене кайтадан жерге түседі. Мұның бәрі Жердің тартуы әсерінен болады делінеді.   Алайда, барлық адамдардың күнделікті бакылау нәтижелері денелердің калыпты жағдайда түрліше құлайтынын көрсетеді. Мәселен, ағаштың жемісі тез күлап түседі, ал оның жапырағы біртіндеп, күрделі траектория бойымен калыктап түседі. Сонымен барлығы бірдей «дененің құлау жылдамдығы оның салмағына байланысты» деген тұжырымның дұрыстығына толығымен келісетін. Әсіресе,  мұны грекия ғалымы Аристотель растағандықтан ешқандай күман келтірілмейтін тұжырым ретінде қабылданған. Ең алғаш мұндай тұжырымның дұрыстығына күман келтірген италияндық ғалым Галилео Галилей болды. Галилей 1583 жылы Пиза қаласындағы биік көлбеу мұнара үстінен, ауыр және жеңіл (зебірек пен мылтықтың оқтары) шарларды бір мезгілде тастап, олардың мұнара табанына бірдей уақытта келіп түсетініне кез жеткізеді.[3, 80 б.] Сөйтіп, ол мұнара төңірегіне жиналған пизандықтарды таңғалдырды. Мұндай тәжірибелерді Галилей пішіндері мен өлшемдері әртүрлі денелермен, олардың түрлі орталардағы түсуін бақылай отырып, сан мәрте қайталады.   Сонымен, неге олай болды? Мұны қалай түсіндіруге болады?.

Осындай кіріспеден соң осы сұрақтардың жауабын бүгінгі сабақта алатын боламыз десе оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артары сөзсіз. Сондықтан да, әрбір сабақты өтпес алдын сабақтың мақсатын дайын күйде хабарлай салмай балаларды қызықтыратын жағдайдан бастау, сабақтың мақсатын ашу тиімді.

Пайдаланылған әдебиеттер

  • Тренерлерге арналған нұсқаулық «НЗМ» ДББҰ, 2016ж.

Мүғаалімге арналған нұсқаулық, «НЗМ» ДББҰ, 2016ж.

М.Н.Скаткин. Проблемы современной дидактики. М.:Педагогика, - 1984г.


Мусабеков Маулен Омурзакович, 

п.ғ.к., доцент,

Шитыбаев Серікбек Алтынбекович, 

х.ғ.к., доцент

«Өрлеу»  БАҰО» АҚФ 

Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ


Дереккөз: "EDUNEWS.KZ" ақпарат агенттігі
---
27 қаңтар 2020 г. 2 378 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 13 583 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031