» » Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі іс-тәжірибені транслиатциялау. Іс-әрекеттегі зерттеуді ұйымдастыру

Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі іс-тәжірибені транслиатциялау. Іс-әрекеттегі зерттеуді ұйымдастыру

Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі іс-тәжірибені транслиатциялау. Іс-әрекеттегі зерттеуді ұйымдастыру

Зияткерлік  мектептер  білім  берудің жаңа  модельді  жобасын  бастауыш,  орта, жоғары   мектепте     іске   асыратын,   зерттейтін,   талдайтын, дамытатын,енгізетін эксперименттік алаң болып танылады.Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушылардың бойында тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту және отандық, халықаралық деңгейдегі жоғарғы оқу орындарына түсуге қолдау көрсету мақсатында лингвистикалық құзыреттіліктерді қалыптастыруды көздейді. Осы мақсатқа жету үшін Біздің  мектебіміз төмендегі 7 бағыт бойынша жұмыс жасайды.

  • Басқарудың жаңа үлгісі;
  • Кіріктірілген білім бағдарламасы;
  • Сабақ беру мен оқыту;
  • Білім сапасын бағалау;
  • Мұғалімдердің кәсіби дамуын қолдау;
  • Дарынды балаларды іздеу және оқыту;

Мектеп миссиясы да еліміздің зияткер әлеуетін дамытуға, Қазақстанның дамуына үлес қосуға құлшыныс танытатын, бәсекеге қабілетті азаматтарды тәрбиелеу болып табылады.  Бұл бірден-бір ұстаздар қауымына жүктелген абыройлы міндет. Соған орай ұстаздар өз біліктілігін арттырып, тәжірибе алмасып отыруы уақыт талабы. Біздің мектебіміз осы бағытта үздіксіз, талмай жұмыс істеп келеді. Аймақтың жалпы білім беретін мектептеріне тәжірибе тарату мектебімізде дұрыс шешімін тапқан. Біздің білім ордамыз білім мен инновацияның, зерттеудің, сыни ойлау мен патриотизмді көрсетудің ашық алаңы болып табылады. Мектебіміз қала мектептерімен және жоғары оқу орындарымен тығыз байланыста. Жыл сайын қалалық деңгейде «Жалпы білім беретін мектептерге Назарбаев Зияткерлік мектептерінің іс-тәжірибесін трансляциялау» тақырыбында семинар-практикум өтіп тұрады. Мен, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Шаяхметова Гульнар Алшановна «Іс- әрекеттегі зерттеуді ұйымдастыру» тақырыбы аясында өз іс-тәжірибеммен бөлістім.Семинар-практикум екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде Іс- әрекеттегі зерттеуді ұйымдастыру  барысы жөнінде теориялық түсінік берілсе, екінші бөлімде практикалық жұмыстар жасалынды. Теориялық тұрғыдан қаралған сұрақтар.

1.Іс-әрекеттегі зерттеу дегеніміз не?

Бұл ретте ең маңыздысы жүйелілік.Іс-әрекеттегі зерттеуде мұғалім сыныптағы жағдайды зерттеп, оған қатысты болжам жасайды. Белгілі бір ситуацияның болу себебін анықтау үшін, жағдаятты жан-жақты бақылау керек. Бұндай бақылау белгілі бір қорытынды жасауға алып келеді. Жүйелі зерттеу тәжірибемізді өзгертуге,анықталған жағдаятты басқаша жасауға рефлекцияны дамытады. Іс-әрекеттегі зерттеу - Action research –Оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіру мақсатында бірізді, тізбектелген,жоспарланған іс-әрекеттерді орындауды, сондай-ақ зерттеу барысында алынған нәтижелерге жүйелі түрде мониторинг жүргізуді көздейтін үдеріс. Іс-әрекеттегі рефлекция-алдыңғы қадамдарды жоспарлау және орындау мақсатында іс-әрекет жасау (мысалы, оқыту мен оқу), іс-әрекет нәтижелерін сыни талдау және бағалау барысындағы мұқият ойлану үдерісі.

2. Іс-әрекеттегі зерттеуде  ақпаратты  жинақтауды қалай жоспарлауға болады?

Зерттеу бағыты: нысана, қажетті мәліметтер; Қолдағы бар мәліметтер: алдағы жиналатын мәліметтер,салыстыру; Қатыстырылым: кімнен? қанша адам? қалай іріктеу керек?; Тереңдік: қандай мәселелер?, зерттеу аясы; Уақыт шегі: дерек жинауға бөлінетін уақытты нақтылау; Адами ресурстар: әдіс, білім, зерттеушілік дағды.

Сандық және сапалық деректер. Сандық деректер- зерттеу сұрағы бойынша нақты объективті  деректер (сауалнама, тестілеу). Сандық деректер ( зерттеу басында және аяғында жүргізіледі) анализ, мониторинг жасауға мүмкіндік береді. Сапалық деректер- талдауды қажет ететін хабарлы деректерден тұрады.

  • Жеке сұхбаттасу барысындағы мәліметтер
  • Құжаттарды,есептерді қарау кезінде анықталған мәліметтер
  • Бақылау негізіндегі жазба ақпараттар
  • Бақылаушының толық ұғындырулары мен ескертпелері

3. Деректердің шынайылығы мен сенімділігін қалай тексеруге болады?

Шынайылық- ішкі және сыртқы болып бөлінеді.Ішкі шынайылық- зерттеу мәселесінің себеп-салдарын анықтау үшін керек. Сыртқы шынайылық- таңдау мен іріктеуде қателердің жоқтығы (ерекше адамдарға,ерекше жерлерде,ерекше уақытта) Сенімділік- деректерді бірнеше қайталап алғандағы нәтижесінің бірдейлігі.

4. Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізудегі дерек жинау әдісін талдау

Сауалнама - ең көп таралған зерттеу құралы. Жабық сауалнамада жауаптың бірнеше нұсқасы беріледі.Ашық сауалнамада қатысушылар сұрақтарға өз сөздерімен  жауап береді. Жартылай құрымдастырылған сауалдамада қатысушыларға жауап нұсұалары ұсынылады және өз жауабын жазуға да мүмкіндік беріледі. Сауалнаманың негізгі бөлімі зерттеудің мақсатына байланысты негізгі (нақтылау және сүзгі) сұрақтардан тұрады.

Сұхбат алу үшін зерттеу мәселесіне бақытталған сұрақтар құрастырылуы керек. Сұхбатты зерттеуге тартылмаған адаммен сынақтан өткізген дұрыс. Сұхбат жаңа проблеманы анықтауға мүмкіндік береді. Ұзақтығы 5-30 минут болуы мүмкін. Құрылымдалған сұхбат- әр адамға біріңғай мәнерде бірдей сқрақтар беріледі. Жартылайқұрылымдалған сұхбат- сұрақтар тізімі бағыттаушылық негізде болып келеді. Құрылымдалмаған сұхбат- сұхбат берушіңің өз көзқарасы негізінде бір мәселе негізінде әңгімелеп беруі.

Бақылау үдерісінің кезеңдері

  • Мақсат пен міндеттерді анықтау
  • Бақылау объектісін, нысананы және жағдаятты таңдау
  • Бақылау әдісін таңдау
  • Бақылау көзін анықтау
  • Бақылаушының нәтижелерді тіркеу әдістерін таңдауы
  • Бақылау жүргізе отырып,нәтижелерін тіркеу

Алынған ақпараттарды өңдеу және интерпретациялау

Бақылау жасауға қойылатын талаптар

  • Мақсат қою
  • Объектілік
  • Бақылау жоспарын жасау
  • Бақылау жүргізуге дайындық
  • Бақылау жүргізуде орын алуы мүмкін қателер
  • Алынған ақпаратты салыстыру,өлшеу,өңдеудң жоспарлау
  • Қажетті бақылау нысандарын бекіту

«Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі 

жақсы оқи түседі»                                                       Питер Клайн

Оқушылардың танымдық қызығушылығын үш деңгейге бөлуге болады.

  • жоғары деңгей: өзіме істетші –мен сонда түсінемін.Оқушы танымдық міндеттерді өздігінен шешуге ұтымды жолдарды қолдана білуімен, жаңаны білуге деген қызығушылығының жоғары болуымен және өз іс- әрекетін бақылап, бағалай білумен сипатталады;
  • орта деңгей: маған көрсетші – менің есімде қалады. Оқушы танымдық іс-әрекет деңгейін өздігінен орындауды оқытушының көмегін қажет етуімен сипатталады;
  • төменгі деңгей: маған айтшы – мен ұмытып қаламын; оқушы тапсырманы қайталаумен шектеліп, оқытушының көмегімен орындайды.

Ағылшын психологі  Уильям Глассер зерттеулері бойынша оқушы:

  • 10% оқығанынан,
  • 20% естігенінен,
  • 30% көргенінен,
  • 50% көріп, естігенінен,
  • 70% басқалармен бірге талқылағанынан,
  • 80% өзі сезінгенінен,                                    
  • 95% басқа біреуге үйреткенінен қабылдайды екен.

Оқушының ізденушілік қасиетін қалыптастырудың ең тиімді тәсілі (ізденушілік) – оқушының ғылыми зерттеу қоғамын ұйымдастыру.

Зерттеушілік процесс барысында оқушылар белгілі фактілер мен құбылыстарға берілетін түсініктемелер мен дәлелдеулерді өз бетінше іздестіріп, түсінуіне тура келеді.

Оқушыларды зерттеу әдісіне үйрету, оларға зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру арқылы танымдық қабілетін дамытып жетілдіруге мүмкіндік тудырады.

«Шәкірт – нығырлай беретін ыдыс емес, керісінше тұтандыруды талап ететін шырақ» 

 Елдің ертеңі білімнің тереңдігі мен өлшенеді. Олай болса оқушылардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және оларды шынайы өмірдегі дара тұлға етіп дайындау мұғалімнің басты мақсаты. 


Автор:

Шаяхметова Гульнар Алшановна

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі


23 қазан 2019 г. 56 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930