» » Қазақ әдебиеті сабақтарында интерактивті тапсырмалар арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру

Қазақ әдебиеті сабақтарында интерактивті тапсырмалар арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру


Серікбай Кенже Рахманұлы

Маңғыстау облысы Маңғыстау  ауданы Т.Жалғасбайұлы атындағы ЖББ Шайыр мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу- әрбір ұстаздың басты міндеті. Оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту үшін, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Бұл мақсатқа жетуде ұстаздар терең білімді, әдістемелік жағынан толық қаруланған және жоғары мәдени деңгейі болуы тиіс. Мұғалім алғашқы сабақтан бастап әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін, ынтасы мен бейімділігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығын ескере отырып оқу үрдісін жүргізуі керек. Шығармашылық жұмыста, әсіресе, бала қиялының орны ерекше. Оқушылардың қиялын ұштап, олардың қызығушылығын артыру, әдебиет әлеміне жетелеу – тіл, әдебиет пәні мұғалімдерінің басты міндеттерінің біріне саналады.

            Осы тұрғыда сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігіне сабақ құрлымының ұйымдастырылуы, сыныптағы оқушылардың іс-әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу-танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқу уақытының үнемделуі, шығармашылық тапсырмалардың тиімді берілуін атауға болады. Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, ұстазы берген ақпаратты, іс-әрекет тәсілдерімен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп қана қоймай, оқушы барлық іс-әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады, қабілет білігін ұштай түседі.

            6-сыныптағы қазақ әдебиеті пәні бойынша кейбір сабақтарында пайдалануға болатын тапсырмаларды ұсынып көрелік. «Аяз би» ертегісін өткізуде тестік тапсырмалар, сәйкестендірулер өткізудің маңызы зор. Мәтінді толық білгізу мақсатында төмендегідей сәйкестендіру кестесі ұсынуға болады.

Сәйкестендір:

1. Жаман айтқан шөп жаманы.

А.Қырғауыл

2. Уәзірлер тапқан шөп жаманы

Ә. Қаз

3. Жаман айтқан құс жаманы.

Б. Шеңгел 

4. Уәзірлер тапқан құс жаманы

С. Үйрек

5. Ханның қан шығармай сойып беретін адам іздейтін асыранды құсы.

Д. Сауысқан

6. Барсакелместегі қанаты күміс, үсті алтын құс.

Е. Қарақоға

  •  2-  3-   4-  5-  6 –

  Ертегідегі көркемдеуіш құралдарды айқындау үшін төмендегідей сәйкестендіру тапсырмаларын орындауға болады.

Сәйкестендір:

1. Сексеуілдің шоғындай

А. Мәтел

2. Сіздің көлеңкеңізде жүрсем де жарар.

Ә. Литота

3.  Сөз тапқанға қолқа жоқ.

Б. Тұрақты тіркес

4. Бұл таудың етегін қырау шалғалы неше жыл болды

С. Эпитет

5. Інжулі қара арғымақ

Д. Теңеу

6. Екеуінің арасына от салалық.

Е. Символ

  •  2-  3-   4-  5-  6 –

 

 

 Келесі тапсырма оқушылардың мәтіндегі оқиғаларды мақал-мәтелдермен, нақыл сөздермен байланыстыра білуіне құрылған.  Бұл тапсырмада оқушы берілген мақал- мәтелдерде айтылған ойды Аяз бидің өмірімен байланыстыра отырып дәлелдейді.

Мақал- мәтел

Ертегідегі оқиға

Сертке берік бол, досыңа серік бол.


Біреуге ор қазба, өзің түсесің.


Көп асқанға- бір тосқан.


Сөзіне қарай кісі ал, кісіге қарап сөз алма(Абай)


Бақпен асқан патшадан мимен асқан қара артық. (Абай)


Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш.

 

            Оқушылардың қиялын дамыту мақсатында түрлі шығармашылық жұмыстар жүргізуге болады. Мысалы, оқиғаны жалғастырып, жаңадан ертегі құрастыр деп те тапсырма беруге болады. Оқушы қиялымен қазіргі заманға келіп, өз ойымен жаңа ертегі құрастырады. Бұдан оқушының ой ұшқырлығын аңғарамыз.

            Бір бай бизнесмен болыпты. Ол өз қызметкерлеріне «Ең ақылды, ең ақымақ, ең сабырлы адамды тауып келіңдер. Мен оларды марапаттаймын» дейді.  Қызметкерлер аталған адамдарды іздеп жолға шығады...

                Сондай-ақ, ертегідегі хан мен қойшы шал арасындағы диалогты алып, ондағы астарлы ойды басқа шешендік сөздердегі оқиғалармен салыстыруға болады.

            Сабақ барысында мәтіннен берілген мәліметтерді дұрыс, бұрыс деп белгілеу де оқушылардың мәтінді терең білуіне әсер етеді. Төмендегідей тапсырманы пайдалануға болады.

Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба? 

Мәтіннен үзінді

Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба?

Жаман ханның жұмсауымен Барсакелмеске барды.


Мадан ханның тұлпарының сиырмен шатысы бар екен.


Жаман қырғауылды құстың жаманы деп санады.


Хан шаңыраққа қарап жатқанда, күлдіреуішінің бір басы шыққанын көрді


Ханның гауһартасының ішінде құрт бар екен.


Жаманды дарға апарып,асып жатқанда, оны Ақша хан құтқарып қалады.


Мадан хан - жеті атасынан бері  хан тұқымы.


Жаман хан болғаннан кейін ешбір соғыссыз бес хандықты біріктіреді


            Осындай тапсырмаларды қай сабақта да пайдалануға болады. Оны қағаз түрінде де, электронды ойын түріне енгізіп те пайдаланса құба-құп. Рөлге бөліп оқу, пікірсайыстар өткізу, сұхбаттар жүргізу, бір-біріне сұрақтар беру,  басқа тапсырмалар оқушылар қызығушылығын арттырады деп санаймын.    

            Осындай тапсырмаларды дамытып, өткізу  нәтижесінде оқушылар бойында

белсенді ойлануға және тең құқылы серіктес ретінде өзіндік «мені» қалыптасады,

 мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмасуға, бір – біріне құрметпен қарауға, тыңдауға, сыйлауға үйренеді, өзін жеке тұлға ретінде тануға жол ашып, өз пікірін дәлелдеуге тырысады деп санаймын.     

            Қорытындылай келе , нәтижелі өнім алу үшін жоспарлауды тиімді ойластыра отырып , тәсілдерді оқушы жалықпайтындай етіп қызықтыра білуге тиістіміз

17 мамыр 2023 г. 987 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 201 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 607 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031