Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқытудың белсенді әдістері
«Ел болам десе, бесігіңді түзе»
М. Әуезовтің
Білім беру сапасын арттыру міндетінде оқытудың инновациялық бағдарламаларын қолдану, сол арқылы жаңа бағдарламалар баланың жеке даму ерекшеліктерін ескере отырып жасалады делінген.
Жаңа сабақты түсіндірер
алдын инновациялық технологиялардың тақырып пен сәкес келерін таңдай отырып, оқушы қызыығушылығын
арттыруда маңызы зор. Жасерекшелігін ескере отырып иновациялық технологияның мүмкіндіктері мен
мәселелерін алдын қарастырып барып қысқа мерзімді жоспар құрғанда маңызы арта түседі.
«Бұл заман білекке емес, білімге сенетін заман». Заманауи әлемде елдің қуаты, ең алдымен, білім мен ғылымның
тұғырының биік болуымен өлшенеді. Білімді игілікке жарата білу, инемен құдық қазғандай, орасан қажыр-қайрат
пен ерік жігерді қажет ететін еңбек арқылы келетіні даусыз. Иновациялық технологияның мүмкіндіктері қазақ
тілі мен әдебиеті сабақтарының мазмұн тереңдігін қалыптастыру бағытында, заманауи білім беруді қамтамасыз
ету, сабақ барысында нәтижеге бағытталған білім беру жүйесін жасау, сабақтың әр кезеңінде оқытудың белсенді
әдістерін қолдануда оқушыға оң әсерін береді. Оқытудың белсенді және интербелсенді үлгілерін енгізу – бүгінгі
таңда өзекті мәселенің бірі. Себебі, оқушы оқу үдерісіне белсенді араласқан кезде ғана берілген материалды
жеңіл меңгеріп, жақсы есінде сақтайды, мәніне тереңірек үңіледі. Сондықтан да бүгінгі күн талабы – оқушыны
белсенді әрекетке тарту. Оқыту үдерісінде тұлға зерттеу тақырыбына, талқыланатын мәселеге, жағдаятқа белсене
араласып, сәттілікке қуанып, сәтсіздікке реніш білдіріп отырса ғана оның ішкі уәжі оянады. Сонда ғана білімді
саналы меңгеруге ынтасы пайда болады. Ал оны қалыптастыру үшін белсенді оқу мен оқытудың тиімді әдіс-
тәсілдерін пайдалану қажет. Сол себепті де қазіргі қолданыстағы белсенді оқу, интербелсенді оқу, енжар оқу
сияқты түсініктердің аражігін аша білуіміз қажет.
Интерелсенді әдіс. Интербелсенді және белсенді әдістер арасында ұқсастық болғанымен, олардың өзара
ерекшеліктері де бар. Интербелсенді («Inter» - өзара, «act» - әрекет) – үнемі біреумен» - өзара, «act» - әрекет) –
үнемі біреумен әрекеттестікте, диалог құрып, әңгімелесу үстінде болуы тиіс. Басқаша айтқанда, белсенді әдіске
қарағанда студент тек оқытушымен ғана емес, бір-бірімен кең көлемде әрекеттестікте болулары шарт және оның
белсенділігі басымдылыққа ие. Ал оқытушы - сабақтың мақсатына жету жолында оларға бағыт беруші. Сонымен
қатар, студентті белсенді әрекетке жұмылдырып, оқу материалын өз беттерімен меңгеруге жетелеп отыратын
өзара белсенді жаттығулар мен тапсырмаларды әзірлейді. Интербелсенді сабақтың негізін өзара белсенділікке
жұмылдыратын әдіс-тәсілдер құрайды. Оқушылар жаңа тақырыпты да өздері меңгереді. Интербелсенді әдістер
арқылы студенттер оқу материалын жылдам меңгереді, естеріне сақтауға да тиімді. Сондықтан да инновациялық
оқытудың негізі интербелсенді әдістерде жатыр. «Қалай оқыту керек? » дейтін дәстүрлі дидактикалық сұрақ
заңды түрде оқыту әдісінің категориясын шығарады. Әдіс жоспарланған мақсат пен соңғы нәтиженің арасын
байланыстыратын оқу үдерісінің өзегі болып табылады. Оның жүйедегі айқындаушы рөлін «мақсат – мазмұн –
форма – оқыту әдісінің құралдары» көрсетеді.
Белсенді әдіс. Бұл – оқытушы мен оқушының сабақтың өн бойында өзара белсенді әрекеті жүзеге асатын оқу
мен оқыту әдісі. Оқушылар - енжар тыңдаушы емес, сабаққа белсенді қатысушы. Оқушы енжар субъект түрінде
көрінетін дәстүрлі оқытуда оқытушы ғана негізгі әрекет иесі және сабақ менеджері болатын болса, бұл жерде ол
студентпен тең дәрежелі. Белсенді әдіс оқытудың демократиялық стилін ұстанады. Білім алушы сабақ бойы
үдеріске 4 оқушы оқытушы оқушы мен оқушы араласа отырып, барлығын өзі жасауға қатысады: тапсырманы өзі
орындайды, талдауға белсене араласады, жаңа тақырыпты меңгеруге атсалысады.
Миға шабуыл. Ми штурмы (дельфи) Миға шабуыл әдісін 1941 жылы А. Ф. Осборн ұсынған болатын. Әуел баста
жарнамалық бизнесте қол данылған бұл әдіс адамның шығармашылық ойлауына қозғау салу мақсатын көздеген
еді. Бұл әдістің негізгі міндеттері: ☺мүмкіндігінше көп идеяларды жинақтау; ☺ ғылыми немесе оқуға қатысты
мәселелерді шешу; ☺Оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту; ☺ынтымақтастықты арттыру. Миға
шабуыл – топ мүшелерінің белгілі бір тақырып бойынша белсенді жұмыс істей отырып, соған қатысты айтылған
идеяларын өз ішінде талқылап, ортақ келісімге келгендерін негіздеп жазып ұсыну әрекеті. Бұл әрекет жүргізуші
тарапынан нақты белгіленген уақыт көлемінде орындалуы шарт. Әсіресе жаңа тақырып өтер алдында қолданған
тиімді. Тақырыпты атап, соған байланысты қандай ақпарат білетінін, нендей ұсыныс, идея айта алатындарын
сұрауға болады. Осылай сұрау арқылы тақырыпқа байланысты нені білетіндерін, нені білмейтіндерін анықтап
алуда тиімді. Сосын барып олар үшін тың ақпараттан бастап мәлімет беруге қолайлы болады. Ал білетін мәселені
қайта қайталаудың қажеті болмас. «Миға шабуыл» әдісін қолдану ережелері: ☺миға шабуыл барысында
идеяларды сынамаңыз, бағаламаңыз, талқыламаңыз және қорғамаңыз. Топ ішіндегі жұмыс барысында Сіз тек:
«Бұл керемет идея екен? », деп қана айта аласыз, ал жеке-дара жұмыс жасағанда өз11 өзіңізге тым сыни көзбен
қарамаңыз. Өзіңізді-өзіңіз сынауыңыз креативтікпен жанаспайды әрі жолыңызда түрлі кедергілер келтіреді;
☺топ мүшелері мейлі ол қандай болсын, әйтеуір ойларына келген кез келген идеялардың, шешімдердің,
мысалдардың барлығын ортаға тастауы қажет. Әрбір идея толық айтылуы тиіс. Келесі кезеңде жаңа идеяларды
ойлап тапқанша, айтылғандарды електен өткізіп, ішінен ең ақылға сыйымдысын таңдау оңай болады; ☺бұл
кезеңде идеялардың сапасынан гөрі санының көп болуына назар аударылады. Идеялар саны көп болған сайын,
олардың ішінен ең орынды болады дегендеріне сенімділік те арта түседі. Егер жеке-дара жұмыс жасаған
болсаңыз, өз ой-пікірлеріңізді қағазға түртіп жазып отырыңыз; ☺айтылғандардың ішінен енді өзге жаңа
идеяларды ажыратып аласыз. Оларға түсінік беру мен түзетулер енгізуде шығармашылық шабыт қажет. Топ
мүшелерінің қай қайсысы да идеяларды жетілдіруге, басқа нұсқаларын ұсынуға құқылы. Сондықтан қолыңызда
бар идеяларды тағы бір екшеп қарау артық болмайды, мүмкін олар тағы да бір жаңа идеялардың тууына алғышарт
қалыптастыруы ғажап емес. Кезеңдері: ☺мақсатты анықтау (сізді не қызықтырады: көпшілік алдындағы сөздің
идеялары ма, әлде белгілі бір мәселені шешу қамтыла ма, әлде тақырып па? …) ; ☺қатысушыларды өз идеяларын
айтуға үндеу (көпшілікпен жұмыс жағдайында әр қатысушы кезекпен бір идеядан ұсынуы керек, ал топтық
жұмыста әр топтан бірнеше идея қатар ұсынылады) ; ☺ әрбір идеяны тақтаға (флипчартқа) жазып отыру; ☺
басқалардың идеяларын жетілдіру мақсатында қолдану; ☺ идеялардың бірін-бірі қайталамайтындай анық әрі
дұрыс құрастырылуын, қайталанбауын қадағалау; ☺ идеяларды жіктеп, жинақтап топтастыру. «Миға шабуыл»
соңында жеке адам немесе топтар айтылған ойлардан жалпы қорытынды жасау үшін үдерістің нәтижесін
қарастырады. Бұл әдіс даулы мәселелерді талқылау, пікірталасқа қатысуға онша сенімді емес қатысушыларды
ынталандыру, қысқа мерзім ішінде идеяны көптеп жинау, аудиторияның тақырып бойынша білімін анықтауда
тиімді. Кроdоs) ссенс Кроссенс – ағылшын тілінен аударғанда inter» - өзара, «act» - әрекет) – үнемі біреумен –
«арасы»; act – «әрекет» дегенді білдіреді. Сонымен 12 «кроссенс» сөзі «мағыналардың қиылысуы»,
«пайымдаулар қиылысы» дегенді білдіреді. Осы атаумен аталатын әдісті жазушы, педагог, математик Сергей
Федин мен техника ғылымдарының докторы, суретші және философ Владимир Бусленко ойлап тапқан. Авторлар
бұл әдісті «сөздер қиылысы» деген мағына беретін «кроссворд» сөзінің баламасы ретінде алған және алғаш рет
2002 жылы «Наука и жизнь» журналында жариялаған. Кроссенс – кескіндер мен суреттердің өзара байланысы
арқылы құрылған ассоциялық тізбек, біртұтас әңгіме. Тоғыз сурет тор көздерге орналастырылады. Олардың
әрқайсысы алдыңғы және өзінен кейін тұрған суреттермен логикалық байланыста болады, ал ортасындағысы
мағынасы жағынан барлығын бір арнаға тоғыстырады. Суреттердің өзара байланысы мағынасы жағынан
оқиғаның, құбылыстың даму эволюциясын білдіруі мүмкін. Кроссенсті жоғарыдан төмен және солдан оңға қарай
оқу керек, сосын алға жылжи отырып, ортасындағы: 5-тор көзде тұрған суретпен аяқтау қажет. Оқыған кезде
қайсы суреттің мағынасы түсінікті содан бастап шеше беруге болады. Әдетте тор көздердегі байланыс былайша
құрылады: 1-2, 2-3, 3-6, 6-9, 9-8, 8-7, 7-4, 4-1, сондай-ақ, орталық тор көзбен мына тор көздер байланысуы
ықтимал: 2-5, 6-5, 8-5 және 4-5. Кроссенстің сабақта қолданылуы: ☺ жаңа материалды оқып үйренуде: сабақ
тақырыбын анықтауда, жағдаятты шешуде; ☺оқу материалын бекіту, қорытындылауда; ☺шығармашылық
жұмыс берілгенде. Кроссенс құру алгоритмі: ☺тақырыпты, жалпы идеяны анықтау; ☺идея мағынасын ашатын
суреттерді іздеу, іріктеу; ☺ идеяға, тақырыпқа қатысты 9 элементті көрсету; ☺ элементтер арасындағы
байланысты табу, реттілігін анықтау; ☺бір элементке негізгі –орталық ойды шоғырландыру; ☺әр элементтің
ерекше белгілерін танып білу. «Адам дамуы» тақырыбындағы кроссенс 13 1 – тіршіліктің бастауы -жасуша; 2 –
кез келген тіршілік иесі сияқты адам да жасушалардан құралған; 3 – адам дамуы сулы ортадан басталады; 4 –
эволюция идеясын ағылшын ғалымы Ч. Дарвин негіздеп берген; 5 – Ч. Дарвин еңбегінің бірі – «Адамның пайда
болуы»; 6 – Ч. Дарвин өз еңбегінде адамның биологиялық дамуын көрсеткенімен, интеллект жоғары рөлге ие
әлеуметтік және мәдени дамуды назардан тыс қалдырған; 7 – интеллект дамуы арқылы тәжірибе қалыптасып,
келесі ұрпаққа беріліп отырады; 8 – адам дамуын жайқалған, жеміс беріп тұрған ағашпен теңеуге болады; 9 –
«ағаш жемісі», яғни адам білімі Леонардо да Винчи Витрувианский суретінде белгіленген үйлесімділікке,
экологиялық тепе-теңдікке әкеледі.
МӘТІНМЕН ЖҰМЫСҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТӘСІЛДЕР Мәтін – өте күрделі тілдік құрылым. Осы
құрылымды айқындайтын басты белгілері-жүйелілік және тұтастық. Тұтастық категориясы сол мәтінді ұғынып,
мәнін түсінгенде ғана пайда болатын, оның логикалық жағымен тығыз байланыста болса, ал оның жүйелілігі
күрделі бірліктерді құрайтын тілдік құралдардың белгілі әдіс-тәсілдер арқылы ұйымдасуынан көрінеді. Мәтін
мазмұнын түсіну, оның ішіндегі негізгі және жанама ойдың бөліну заңдылығын айыра білумен айқындалады.
Мәтінді толық және дәл ұғыну оның ішіндегі сөздердің мән-мағынасын түсініп, білуге де байланысты Мәтін -
бұл жалпы белгілі бір тақырып төңірігіндегі біріккен, сабақтастық пен тұтастыққа ие, ақпаратты жеткізетін
мазмұнды сөйлемдердің тізбегі. Мәтінді ұғыну үшін оны қабылдауға арналған арнайы тапсырмаларды орындау
қажет. Іштей немесе дауыстап оқылған мәтінді тыңдап отырған адам қандай дәрежеде ұққанын тексеру немесе
кездескен түрлі қиындықтарды еңсеруге көмектесетін түрлі сан-алуан тапсырмалар қызмет етеді. Ал енді бүгінгі
жаңа ғасырдың жаңашыл шәкірттерін тәрбиелеуде, мұғалім үздіксіз ізденіп, кез-келген тосын сұраққа жауап бере
алатын, кез-келген ситуациядан шыға алатын, білімді болу қажет. «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп
отырғада ғана мұғалім өсіп-өркендеп отырады.
Пайдаланылған әдебиет
1. Алексюк А. Н. Общие методы обучения в школе. — К. : Радянська школа, 1983. — 244с.
2. Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғарғы оқу орындарында қолдану. Оқу құралы. – Алматы, 2009. - 263 б.
3. Давыдов В. В. Теория развивающего обучения. — М. : ИНТОР, 1996. — 544 с.
4. Жанпейісова М. Модульдік оқыту технологиясы студентны дамыту құралы ретінде. – А. , 2002. - 198 б.
5. Загвязинский В. И. Теория обучения: Современная интерпретация: Учебное пособие для вузов. 3-е изд. , испр.
— М. : Академия, 2006. — 192 с.
6. Краевский В. В. , Хуторской А. В. Основы обучения: Дидактика и методика. Учеб. пособие для студ. высш.
учеб. заведений. — М. : Издательский центр «Академия», 2007. — 352 с.
7. Ляудис В. Я. Методика преподавания психологии: Учебное пособие. 3-е изд. , испр. и доп. - М. : Изд-во УРАО,
2000. - 128 с.__
Таленова Меруерт Максутовна
«Қоссейіт» жалпы орта мектебі
КММ – нің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Түркістан облысы, Шардара ауданы, Қоссейіт ауылы