Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында тіл дамыту жұмыстары
Елеукешова Нургуль Ертаевна
Қарағанды облысы білім басқармасы
Қарағанды қаласы білім бөлімінің
«Ю.Н.Павлов атындағы ЖББМ» КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында тіл дамыту жұмыстары
Тіл дамыту – қазіргі оқытудың басты мәселесі. Тіл мен сөйлеу процесін жіктей оқыту, оқушының дұрыс сөйлей білуіне көңіл бөлу, ауызша және жазбаша тілін дамытып, тіл мәдениетін жетілдіруде қазақ тілі мен әдебиет пәнінің алатын орны ерекше. Әр мұғалім қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол оқушының күнделікті өмірдегі құбылысты жан-жақты түсіне білуіне, білген нәрселерін ауызекі сөздерінде қолдана білуіне жағдай жасайды. Сондықтан қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі көркем сөздің осы сияқты ерекшеліктерін оқушыларды тіл мәдениетіне үйретіп жетілдірудің мықты құралы ете білуге тиіс. Оқушының тілін дамыту жұмысы,ол баланың жалпы ойын дамыту деген сөз, өйткені оқушы пәнді оқып үйренсе де, өзінің істеген жұмысы, көрген-білгені туралы күнбе-күн сөйлеп, ойын қалыптастырып отырады, яғни оқушылардың тілін дамыту мәселесі олардың ойлау қабілетімен байланыстырылса, сондай-ақ, ойлау мен сөйлеу процесінің бірлігінде ұйымдастырылады.
Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында нақтылы тәрбиелік процесте ауызша тіл дамыту жұмыстары қай жерде, қалай жүргізіледі, оқушылардың сөйлеу тіліндегі кемшіліктер қандай әдіс-тәсілдер арқылы түзетіліп отырады-мұның бәрін ойластырып, педагогикалық, психологиялық, методологиялық тұрғыдан қарап, дұрыс шешімін табатын тек қана тіл маманы болып табылады. Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін, тіл мәдениетін арттыру мен дамыту, сапалы білім беру-қазіргі кезде мектеп мұғалімдерінің, тіл мамандарының алдында тұрған басты міндеттердің бірі.
Қазіргі заман талабына сай білім беру үрдісі білімді жеке тұлғаға қарай бағыттай отырып, тұлғаны жан-жақты дамытуға, шығармашылықпен айналыстыруға жол ашып отыр. Алайда, осы іс-шаралардың барлығы мұғалімнің ұйымдастыруы мен шеберлігінің нәтижесінде іске асырыларды.
Сондықтан оқушылардың тілін дамыту, сөйлеу мәдениетін өрістетіп, жетілдіріп отыруды көздейтін мектеп көлемінде тиісті шаралар белгіленіп, жаппай жұмыс жүргізілмесе де, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері оқу материалдарының мазмұны мен түрлеріне байланысты сынып жағдайында және одан тыс уақытта да бұл жұмысты үздіксіз жүргізіп отыруға міндетті.
«Білім туралы Қазақстан Республикасының Заңында», «Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту»-дейтін тұжырымдар бүгінгі білім берудің мақсаттары мен міндеттерін ғана емес, тіл дамытудағы өзекжарды мәселелерді де айқындайды.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушыларды сөзді дұрыс қолдана білуге, өз ойын орнықты жеткізуге, еркін сөйлей білуге жетелейтін тәсілдің бірі – тіл дамыту жұмыстары. Оқушылардың тіл дамыту жұмысын дұрыс ұйымдастырып, дұрыс жүргізіп отыру-әдебиетті сөз өнері ретінде шығармашылық шабытпен шебер оқыта білудің бір көрінісі болып саналады. Тіл дамыту мақсатындағы жүргізілетін жұмыстар оқушының ойлау қабілетіне,сондай-ақ өз ойын жеткізе білуіне, шығармашылық ізденісіне жол ашады. Оқушының білімі ғана жетіліп қоймайды, қабілетінің, дарын көзінің ашылуына түрткі болады.
Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқушылардың сөйлеу тіліне мынадай талап қойылады:
Оқушы айтайын деген ой-пікірін жүйелі, байланысты түрде әңгімелеп беруге жаттығу.
Сөз тартымды, мазмұнды болуға тиісті.
Әдеби тілдің нормасынан ауытқып кетпей, оны сақтап мәнерлеп сөйлеуге дағдылану.
Сөзді дұрыс, орынды қолданып, сөйлемді дұрыс құрап ойын айта білуге машықтану.
Тіл дамытудың басты құралы сөздік қорда жатады. Оқушының сөздік қорының неғұрлым көп болуы және оны тиімді қолдана білуі жүйелі еңбекті қажет етеді. Сөздік қорды байыту жұмысында іріктелініп алынатын атаулар, ұғымдар ұлттық дәстүріміз бен өткен тарихымызға байланысты болса, оның жан-жақты маңызы артып отыратындығы белгілі.Өйткені оқушылар өзінің туған халқының тарихымен, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрімен байланысты атауларды үйрену арқылы білім қорын жинай бастайды.
Қазақ тіліндегі тіл ұстарту жұмыстарының негізгі мақсаты – дұрыс, сауатты жазуға, оқушының ауызша және жазбаша ойын, грамматикасын және стилистикасы жағынан дұрыс сөйлем құрап,жүйелі сөйлеуге үйрету. Мұғалім оқушының ауызша және жазбаша тілін дұрыс дамытуда грамматикалық ережелерді жақсы білуге, тыныс белгілерін
дұрыс қоюға үйретіп,көркем әдебиетті көп оқуға бағыт беріп,оның үлгісін көрсетіп отыруы тиіс. Әр мұғалім тіл ұстарту жұмыстарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол оқушының күнделікті өмірдегі құбылысты жан-жақты түсіне білуіне,білген нәрселерін ауызекі сөздерін де қолдана білуіне жағдай жасайды.
Тіл дамыту жұмыстары ауызша-жазбаша жаттығулар,мәтінмен жұмыс, мазмұндама,шығарма,диктант, мақала жазу, мінездеме беру,суретпен жұмыс, сұраққа жауап жаздыру, жоспар жасату, кітап оқу сияқты жұмыс түрлері арқылы іске асырылады.
1.Тіл дамытудың негізгі мақсаты.
Тіл дамыту-оқушыны тілдік тұлғаларды дұрыс қолданып, ойын басқа адамға толық жеткізіге дағдыландыру, басқа адамдардың сөзін жақсы түсінуге үйрету. Басқаша айтқанда тіл дамыту – қазақ тілі оқушының қарым-қатынас құралына айналдыру. Бұл жалпы тіл үйрету мақсатымен толық сай келеді. Мектептерде оқушының қазақ тілін дамыту ұғымына қазақ тілінің лексикалық, грамматикалық тұлғаларын меңгерту, оларды сөйлемде қолдану дағдыларын қалыптастыру яғни қазақ тілінде әдеби тілмен сөйлеуге үйрету жатады; қазақ тілінің орфографиялық нормасын оқушыда қалыптастыру, қаақша сауатты жазу дағдысын меңгерту де осы ұғымға кіреді; сөздерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып, сөз тіркесін жасау арқылы оларды арқылы ойын басқаға жеткізу, басқаның сөзін түсіну де тіл дамыту ұғымына жатады.
Сөйтіп тіл дамыту сөйлеуге жеткілікті сөздік қорды және ол сөздерді сөйлемде бір-бірімен байланыстыратын тілдік нұсқаулардың қолдану заңдылықтарын меңгерту болып шығады. Оқушының сөздік қорын байыту тілдік нұсқаулардың қолдану дағдысын қалыптастырумен тығыз байлансыта жүргізіледі.
2.Оқушының сөздік қорын байыту, сөздік жұмысы
Оқушының сөздік қорын үнемі байытып отыру-тіл дамытудағы негізгі мәселе. Сөздік қоры бай адамның ойын анық жеткізу мүмкіндігі мол болады. Сөздік қоры бай адам ойын жеткізуге ең керек сөзді таңдап қолдана алады, оның ойын дәл білдіретін сөзді тыңдау мүмкіндігі бар. Сондықтан тіл дамытуда оқушының сөздік қорын байытуға ерекше мән беріледі.
Сөздік жұмысы әр сабақ үстінде, жыл бойында, бүкіл оқу кезеңінде белгілі жоспармен, жүйемен жүргізілуі керек. Оқушы сабақ сайын жаңа сөз үйреніп отырады. Оқушыға үйретілетін жаңа сөз тексте, диалогтарда жаттығу қолданысымен байланысыты беріледі. Сабақ сайын жылма-жыл әр сыныпта оқышының сөздік қоры өсіп отырады. Әр сабақта үйретілетін жаңа сөзді оқушының сөздік қорын байтудағы негізгі мақсат болып саналады. Осы мақсатта жету үшін, төмендегі жұмыстар жасалу керек:
1. жаңа сөз мағынасын оқушыға анық түсіндіру;
2. жаңа сөздің оқушы есінде сақталуын қамтамасыз ету;
3. жаңа сөзді қолданыста меңгеру яғни жаңа
сөзді қолдану дағдысын қалптастыру;
4. жаңа сөздің айтылуы мен жазылуын меңгерту;
5. сөздікпен жұмысқа үйрету.
Оқушының сөздік қорын байытудың тағы бір жолы- мақал-мәтелдер сөздігін жасау. Мақал-мәтелдер сөздігі оларды есінде тұрақтандыруға көмектеседі. Ал мақал-мәтелдер оқушыныңқазақша сөйлеуін көріктендіреді.Мақал-мәтелдер сөздігін оқушы сөйлесу кезінде, мазмұндама, шығарма жазғанда, пайдалануына болады.
3. Жаттығулар арқылы тіл дамыту.
Оқушы қазақ тілінен меңгерген бай сөздік қорын қарым-қатынаста қолдана алмаса, тіл білген болып саналмайды. Сондықтан оқушының сөздік қорын байыту сөздердің сөйлеуде қолданысына жаттықтырумен бірге байланыста жүргізіледі.
Ал оқушы сөздерді қарм-қатынаста қолдана алу үшін, тілдік тұлғалардың қолданылу заңдылықтарын білуі керек. Ал ол- грамматиккалық мәселесі.Грамматикада сөздерді бір-бірімен байланыстыру үшін қолданылатын сөз түрлендіруші қосымшалар, олардың қандай сөздердіңтобына, қалай жалғанатыны, беретін мағынасы , сөз түрлендіруші қосымшалар арқылы түрленген сөздің қандай сөз тіркесін жасайтыны, сөз тіркеснің сөйлем жасауы, сөйлемдердің бір-бірімен байланысу заңдылықтары беріледі.
Екінші тілді үйрету ісіне оқушы тілін дамыту жұмыстарын ұйымдастырылғанда, жаттығулардың атқаратын қызметі зор. Тілге үйрету қай тілде де жаттығулардан басталады.Жаттығулар тілдік материалдың негізінде оқушының жас ерекшелігіне, білі деңгейіне сай беріледі. Жаттығуларды ғылымға екіге бөледі: тілдік жаттығулар және сөйлеу жаттығулар. Тілдік жаттығулардың міндеті тілдің грамматикалық материалын оқкшыға меңгерту. Тілдік жаттығулар әр тілдік тұлғаны таныстырады, оны қолданып үйренуге жаттықтырады. Тілдік жаттығулар тілдік тұлғаларды дұрыс ойланбай қолддану дәрежесіне жеткізуді көздейдіТілдік жаттығулар алуан түрлі болып келеді. Мұндай жаттығулдар тілдік тұлғаның қолдану үлгісі ретінде, оның қолданылуына оқушының назарын аударып, көзін үйрету мақсатын көздейді. Ал тілдік жаттығуда тілдік тұлғаның сөздегі орнына нүкте қойылатын жаттығулар оқушыны тілдік тұлғалардың дыбыстық вариантын дұрыс таңдауға үйрету мақсатын көздейді.
Ал сөзді қосымшасыз беріп, оған тиісіт қосымшаны тауып жалғау оқушыға түрлі қосымшаларды өткен соң, олардың әрқайсысын жақсы меңгергенде беріледі. Мысалы, бірнеше септік жалғауын оқығаннан кейін , оның сөйлемде қайсысын қолдануды табу ол септіктердіоқушының жақсы білуін талап етеді.
Сөйлемдегі түсіндірілген сөзді тауып қосу, сөйлемді өзгерту, сөйлемді аяқтау , сөйлемді кеңейту, сөйлемді тарылу сияқты жаттығулар оқушыны сөйлеуге апарады. Бұлар алғашқы жаттығулардан гөрі көп күрделі болып табылады.
Сөйлеу жаттығуларына сурет арқылы оқушыны сөйлеуге үйрету, оқыған кітабының мазмұнын әңгімелету, мақал-мәтелдерді сөйлеуде қолдануға жаттықтыруң, тақпақ, өлең айтуға үйрету де жатады. Бұладығ бәрі- оқушыны тілін дамытудың құралды.
Оқушыны тілін дамытуда оқыған кітабының мазмұнын қазақша әңгімелету пайдалы. Жұмыстың бұл түрін 5-6 сыныптарда бастау дұрыс.Кітап оқу жұмысы сабақта басталды. Оқу әдісін меңгерген оқушы өздігінен кітап оқымайды. Кітап оқуға баулу үшін алдымен оқушыны анық, тез оқитын дәрежеге жеткізу керек. Оқу әдісін жақсы меңгерген оқушы ғана, өздігінен кітап оқи алады.
Оқушының тілін дамыту үшін тақпақ жаттау, өлең айту да пайдалы болып саналады. Оқушы әр сыныпта бірнеше тақпақ жаттайды, олар көбіне оқулықтарда беріледі.
Өлең айтуға, ән салуға үйрену де тіл дамытуда өзіндік қызмет атқарады., бірақ бұл жұмыс үйірмеде жүргізіледі.
Мақал-мәтелдер де- оқушыны тілін дамытудың құралы. Оқулықтарда мақал-мәтелдермен жұмыс жүргізуде әр мақал-мәтелдің оқушы мағынасын түсінуі керек, сонда ғана оны орынды қолдана алады.
Сөйлеу жаттығулары оқушыларды тілдік материалды сөйлеуде қолануға дағдыландыруды көздейді. Сөйтіп, оқушы алдымен тілдік материалды меңгеру жаттығулармен кездеседі, оны білі, танып, түсініп алуы қажет. Ол тілдік материалды сөйлеуде қолдануға жаттықтыру, дағдыландыруда сөйлеу жаттығулары маңызды қызмет атқарады.
4. Мәтін арқылы оқушы тілін дамыту.
Оқушы тілін дамытуға мәтіндердің атқаратын қызметі өте күшті. Мәтін оқушыға білім береді, мәтін-оқушыны оқуға үйретудің құралы, ол ойын, тілін дамытады, тәрбиелйді, қазақша сөйлеуге үйретеді. Мәтін осы қызметтерді толық атқару үшін, оған төмендегі талаптар қойылады.
Мәтін оқушының жас ерекшелігіне, түсінігіне сәйкес болуы керек. Мәтін әр сыныптағы оқушының жас ерекшелігіне, біліміне, түсінігіне сай алынады. Осымен байланысты әр сыныпта оқытылатын мәтін әр түрлі деңгейде болады.
Мәтіннің мазмұныны әр сыынпта оқышысының білім деңгейіне, дүние танымына сай болуы қажет. Оқушыға таныс емес, оқушы түсінбейтіндей қиын мазмұнды мәтін алынбауы, оқуға берілмегені дұрыс.
Мәтіндердің мазмұны оқушыны қызықтыратындай болуы қажет. Оқушыны қызықтыратын мәтіндерді оқушыны жақсы меңгереді.
Мәтіндердің тәрбиелік мәні болуға тиіс. Оқушыны досттыққа, бірлікке, адамгершілікке тәрбиелейтін мәтіндердің мәні күшті.
Мәтіндер қазақ халқының мәдениетімен, әдет-ғұрыптармен, ұлттық мерекелермен, жетістіктермен оқушыларды таныстыру қызмет атқарады.Олхалықты сыйлауға, тәрбиелеуге қажет.
Мәтінді аулдару- тіл үйренудегі, тіл дамытудағы негізгі мәселелердің бірі. Мәтінді аудару алғашқы кезеңде мұғалім өзі көрсетеді, кейін оқушылар өзі аударады. Мәтінді аударудан бұрын ондағы жаңа сөздермен жұмыс жүргізіледі.
Мәтіннің мазмұнына баланысты сұрақтарға жауапты жазбаша түрде жүргізу арқылы оқушының жазбаша тілін дамытуға болады. Мәтін бойынша ауызша тілдамытуға жүргізілетін жұмыстардың бәрі жазбаша да жүргізіледі.
5. Сөйлеу тілі мен жазбаша тілідң байланысы.
Сөйлеу тілі мен жазба тіл өте тығыз баланысты. Сөйлеу тілінде жазбаша тілде де қолданылатын тілдік тұлғалар бір. Тілдік тұлғалар сөйлеу тілі мен жазбаша тілде бір мағынада қолданылады, олардың тілде атқаратын жалпы қызметтерінде де өзгеріс болмайды. Сондықтан екінші тілді үйретуде жұмыс ауызша мен жазбаша жұргізулі тиіс.
Тыңдауға үйрету мақсатында жасалатын бұл жұмыстың түрлері, сөйлеуге үйретумен байланысты жүргізітіні есте болу керек.
6. Жазбаша тілді дамыту
Оқушының жазбаша тілін дамыту бастауыш сыныптан-ақ басталады. Тілді жаттығуларды жазбаша түрде орындау оқушыны жазбаша тілін дамытудың алғашқы басқышы шартты белгісінің бірі болып саналады.
Дегенмен оқушуның тілін жазбаша түрде дамытуда мазмұндама мен шығарманың орны ерекше.
Мазмұндама- тіл дамытудың өте маңызыды әдісі. Мазхмұндама негізінен оқушының жазбаша тілін дамытуға, ойын мәтінге сүйеніп, өзінше жазбаша түрде білдіруге үйретуді. Бірақ мазмұндаманы оқушының жазбаша тілін дамытуда, ойын мәтінге сүйеніп, өзінше жазбаша түрде білдіруге үйретеді
Шығарма жақын мазмұндама оқушының шығармашылық ойын дамытуды, ойын өз сөзімен білдіру дағдысын қалаптастырады.
Шығармаға жақын мазмұндамада оқушы мәтіннің мазмұнын өзінше жалғастырып жазаджы, кейде мәтіннің басына өзінше үзінді қосады, мәтіннің арасында мәтінге байланысты уақиға туралы өзінше әңгіме қосады.
Шығарма- жазбаша тілді дамытудағы ең негізгі жұмыс. Шығарма –оқушыны өздік шығармашылық жұмысы. Шығарма жазуға оқушыны үйрету ұзақ уақыттағы жүйелі жұмысты керек етеді.
Шығарма бір тақырыпта жазылды, тақырыпты ашуға керек сөздерді білуі керек. Мұғалім оқушының сөздік қорын жақсы біледі, сондықтан оқушының сөздік қорында бар сөздерді қажет ететін тақырып таңдау пайдалы.