» » Табысты кәсіпкер экономика көшбасшысы

Табысты кәсіпкер экономика көшбасшысы

Жібек жолы ауылындағы №5 орта мектебінде жуырда түлеп ұшқан мектебіне қолдау көрсету мектебінің даму көрсеткішін жоғарылату мақсатында "Табысты кәсіпкер экономика көшбасшысы-2023" форумы өтті. 

Еліміздің президенті Қ.Тоқаев "Отанға деген сүйіспеншілік бос ұрандар емес, ол халық игілігі үшін күнделікті аянбай еңбек ету шын жүрекпен жасалатын қайырымды істер" деп атап көрсеткен болатын. Білім ордасында осындай игі шараның басы қасында жүрген мектеп директоры Нурмбетов Ғалымжан Аманкелдіұлы мен Бағдарлы ісі жөніндегі орынбасары Жайлаубеков Дидар Тілеуұлы, Кәсіби бағдар беруші Алимбекова Жанар Айтбайқызының еңбектері зор. Сондай-ақ "Жомарттық-жанның байлығы" демекші №5 орта мектебінің түлектері жеке кәсіпкер, ауылдың тұрғыны Балтабаев Меңдібек Орынбайұлы, Баймен Сания Мұхтарқызы, Избасарова Жансая Айдарқызы мектебімізге әрдайым шаңырағы биік болсын деп қазақтың киелі киіз үйін сонымен қатар "Алтын адам" макетін сыйға тартты. "Ауылым-алтын бесігім" деп келген мектебіміздің жомарт түлектері туған жеріне, ауылына қолдан келгенше көмек көрсетіп, абзал қасиеттерімен халық игілігіне үлкен демеу көрсетіп, жомарттық танытып жүрген түлектерімізге ұжымның атынан мың алғыс!


 
























Алимбекова Жанар Айтбайқызы
Байзақ ауданы, №5 орта мектебінің кәсіби бағдар беруші

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Жібек жолы ауылы

17 маусым 2023 г. 8 591 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 846 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930