» » Оқушыларды тәрбиелеудегі отбасы мен мектеп тәрбиесі

Оқушыларды тәрбиелеудегі отбасы мен мектеп тәрбиесі

   Әрбір отбасы қоғамның кішкентай бір бөлігі болып табылатындықтан, қоғам өркениетілікке жеткізу, ен алдымен, әрбір отбасындағы өмірді ұйымдастырудан басталмак. Тәрбиенің бастапкы әліппесін бала отбасында алады.

 Салауатты отбасында ғана салауатты ұрпақ қалыпттасады. Заманымыздың заңғар жазушысы М. Әуезовтің «Ел боламын десең, бесігінді түзе» деген накыл сөзінің мәні тереңде жатыр. Яғни, болашақ тізгінің ұстары, елінің ертеңі болар, халқының үмітін ақтай білетін дені сау, білімді де саналы жас ұрпақты өсіру талабынан туындап отырады. Осы ұлы мақсаттарга жету жолында киелі де қасиетті екі түсінік бар. Бірі, баланың бастапкы тәрбие мектебі алтын бесік отбасы болса, екіншісі, алтын ұя мектеп. Бұл екі ортанында мақсат мүддесі ортак. Отбасы, ата-ана адамды дүниеге әкеліп, калыптастырып, дамытып жетілдірсе, адам бойындағы бар игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады. Бұл киелі жерде қызмет ететін мұғалім мен ата- анаға жауапкершіліктің үлкен жүгі артылған. Ұлы Абай атамыз «Адамның адамшылығы- ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деп көрегендікпен ой түйген. Бала өміріне қажетті тәлім-тәрбиенің іргетесы ата-ана арқылы отбасында қаланады. Дана халқымыз «Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, ата-ананың әрбір іс -әрекеті балаға үлкен сабақ. Әрбір ата-ана өз балаларының тұңғыш тәрбиешілері. Бала -  ата -ананың адамгершілік өмірінің айнасы. Адамгершілік қасиет отбасы мүшелерінің бірін-бірі қадірлеуінен, олардың өзара бірлігі мен түсінушілігінен, ата- ана мен балалар арасындағы мейірімді қарым- қатынастың қатынасуынан, үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді толып жатқан жазылмаған заңдылықтар арқылы көрініс табады.

       Баланың жаны мен тәні таза, рухани бай, дені сау етіп өсірумен бірге еңбекке сүйіспеншілікке,  ұлтжандылыққа,  деген адалдыққа,  жинақылыққа,  адалдыққа баулып өсіруі шарт. Осы тамаша қасиеттердің бәрін ата- ана бойынан тауып, соған еліктеп өссе және әрбір ата-ана баласының жүрегіне жол тауып, оның өміріндегі шынайы досына айналса, тер төккен еңбегінің жанғаны. Ал мектеп баланы болашаққа дайындап, келешек өмірін қай бағытпен жүрсе дұрыс екенін, өзідерінің керекті, бейім мамандық таңдауға жол, бағыт беретін ұя. Отбасынан кейінгі, үйіміз мектеп осы мектепте, отбасының тәрбие бағыт беріп келген жерінен бастап, сол тәлім –тәрбиені, бағыт беруші. Мектеп пен отбасы арасында саналы да тәрбиелі бала тәрбиелеу үшін өте тығыз байланыста болуы керек. Бірлік арқылы біз көздеген мақсатымызға жетеміз. Және де адамға тән жақсы қасиеттердің бәрі бойына алған саналы ұрпақ тәрбиелеп шығарамыз. Тәрбие ешқандай үзіліс дегенді білмейді. Ол тұрмыста, ойын үстінде, оқу, еңбек барысында барлық кезде жүре береді. Сондықтан «Бала тәрбиесі баршаға ортақ» екенін ескеріп, жас ұрпақты саналы азамат етіп тәрбиелеу ең негізгі міндетіміз. Тәрбиенің бастапқы әліппесін бала отбасында алып, онда адамгершілік пен ізгіліктің негізі қаланады. Әрбір отбасы қоғамның кішкентай бір бөлігі болып табылатындықтан, қоғамды өркениеттілікке жеткізу, ең алдымен, әрбір отбасындағы өмірді дұрыс ұйымдастырудан басталмақ.

Бүгінгі отбасыларындағы ата-аналардың бала тәрбиесін заман талабына ұйымдастырудағы қабілеттері мен мүмкіндіктері бірдей болмай отыр. Қазақ зиялылыарының бірі M. Жұмабаевтың «Тәрбиедегі мақсат-баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып шығару» деп айтуы балалар тәрбиесінде ата-аналар алдында үлкен жауапкершілікте тұрғандығын дәлелдейді. Әрине, отбасы өзінің дербес әрекеті арқылы тәрбие саласында ауқымды мәселелерді шешуде әлсіздік танытады. Ол үшін отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастығын нығайту өте маңызды. Ал тәрбие қоғамдық құбылыс болғандықтан, оны қоғам талаптарынан тыс ұйымдастыру мүмкін емес. Бұл тұста үштік одақ: мектеп, отбасы және  оқушы  жұмысындағы өзара сабақтастық және ынтымақтастық өз үйлесімін табуы тиіс.       

     

                                                                                      Түркістан облысы Жетісай ауданы

                                                                                  «Х. Доспанова атындағы №28жалпы  

                                                                            білім беретін мектеп»коммуналдық 

мемлекеттік мекемесінің 

қосымша  білім беру педагогы 

Садыбаева Оралай Абдиашимовна

 

07 қараша 2024 г. 590 0

Похожие новости:

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 14 814 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 731 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930