» » Отбасы- бақыт мекені

Отбасы- бақыт мекені

  Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата - ана тәрбиесі, өнегесі және ата - ана баланың бас ұстазы екенін түсіндіру. Отбасы мүшелерінің арсындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым- қатынасты қалыптастыру;

Түрі: топтастыру

Көрнекілігі: слайд, «Бала тәрбиесі» жөнінде бейнеролик, қанатты сөздер, карточка, дөңгелектер, нақыл сөздер сергіту сәті, үлестірмелі материалдар.

Күн тәртібі:

1. «Отбасы- бақыт мекені» атты баяндама.

2. І тоқсанның қорытындысы.

3.Әр түрлі мәселелер.

Ұйымдастыру кезеңі:

Жоспар

1. Амандасу. «Сиқырлы сандар» әдісімен шаттық шеңберін құрып, топқа бөлу.

2. І тапсырма: Мақал - мәтел мәнін түсіндіру.

3. Кіріспе сөз: Ата - ананың басты қуанышы бала.

4. ІІ тапсырма: Ситуациялық жағдаяттар көрінісін көрсету

5. Ата - аналармен «Балаңызға деген сүйіспеншілік» атты ойын өткізіледі.

6. ІІІ тапсырма: Сіз қандай ата-анасыз?

Қорытынды.

Мұғалімге сөз: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата аналар, қонақтар! Бүгінгі жиналысты ерекше өткізгім келіп тұр. Жиналысымызды бастамас бұрын топ – топқа бөлінейік.

«Сиқырлы сандар» әдісімен топқа бөлу (сандар жазылған қималарды тарату арқылы).

Барысы:

І тапсырма: Мақал - мәтел мәнін түсіндіру.

І - топ:Ата-ананың қарызы, Ұрпақтың өмірлік парызы.

ІІ – топ: Біреу әкеге тартып туады,

Біреу әкеден артып туады.

ІІІ – топ: Ат болатын құлынның,

Бауыры жазық келер,

Адам болатын баланың,

Маңдайы жазық келер» - дей келе, бүгінгі «Отбасы-бақыт мекені» атты ата-аналар жиналысымызды өткізсек.

Кіріспе сөз. Ата- ананың басты қуанышы - бала.

Ата- ананың басты- қазығы, алтын тіреу діңгегі- бала. Отбасы тұлғаны дамытатын кішігірім орта.

   Отбасының қоғамдағы мақсаты; баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасында баланың жан -жақты қалыптасуына ата- ана мен отбасы мүшелерінің қарым қатынасында махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері және т.б келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян.

Мына жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде мектеп партасында отырған баланың жан- жақты білім алуына ең бірінші ықпал ететін- ұстаз болса, оның сүйеніші ата- ана. Сондықтан ата -ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасау тиіс. Бала тәрбиесі – ата-ана үшін күрделі де, жауапты міндет. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Туындаған тәлім-тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен ата-ана әлеуметтік орта, бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады.

Халық «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілерсің» деп тегін айтпаған. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да, жаманға да бейім болатыны баршамызға аян.

Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор.

Ұлы ғалым, философ Әбунасыр әл Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі деген екен. Бұдан шығатын түйін: бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл-ой, сана- сезімі, адамгершілігі әсер еткен. Бала тәуліктің бір бөлігінде , яғни 5 сағат мектепте болса, 18 сағат өз отбасында тәрбие алады.

ІІ тапсырма: Ситуациялық жағдаяттар көрінісін көрсету

1-жағдаят: Балаңыз сабақты 4 пен 5-ке оқиды. Бір күні сабақтан «Екілік» баға алды. «Екілік» алған бала мен ата - ананың диалогі

2-жағдаят: Бала міндетіне салғырт қарау

3-жағдаят: Балаларға қымбат зат алып беру

Ата-аналардың пікірі тыңдалады.

Осы жерде мен ата-аналарға мынадай кеңестер айтқым келіп отыр.

Егер балам қатыгез,қайырымсыз,өзімшіл болып өспесін десеңіз,бала тәрбиесінде мына қателіктерге жол бермеңіз!

1-қателік: «Егер сен мен қалағандай болмасаң мен сені жақсы көрмеймін».

2-қателік: «Не істесең оны істе маған бәрібір».

3-қателік: Аса қаталдық «Мен не айтсам соны орындауың керек,өйткені мен үйдің басшысымын».

4-қателік: Балаларды тым еркелету.

5-қателік: «Саған көңіл бөлуге уақытым жоқ».

6-қателік: Балаңызды тым көп ақшамен қамтамасыз ету.

7-қателік: Баланың ісіне көңіл-күйіңізге қарап баға беру, яғни көңіл-күйіңіз нашар болса оның қуанышына ортақтаспау,әңгімесіне құлақ аспау

Міне, құрметті ата-аналар, бала тәрбиесінде осы қателіктерге жол бермесеңіз ғана балаңыздың саналы азамат болып өсіп,сізді бақытқа кенелтері сөзсіз.

Ата-ананың міндеті:

1. Балаңыздың сынып жетекшісімен тығыз байланыста болуы;

2. Сабақтан келген баланың күнделікті күнделігін тексеріп, көмек көрсету;

3. Мектепішілік ата-аналар жиналысына қатысу;

4. Сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымымен байланыста болу;

Қателігін түсіне білетін,

Дұрыс жүріп күтіне білетін,

Үлкенді сыйлап, кішіні сүйетін,

Білімді жинап, дүниені шолатындай

балаларыңыз үлкен азамат болып өссін!

3. «Балаңызға деген сүйіспеншілік деген» ойыны өткізіледі.

Баланың жан дүниесі – Бұл толып тұрған ыдыс сияқты. Өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз? Қандай қабілеттері болғанын және сіз өзіңізден қандай қасиетті алғанын қалайсыз? Әрқайсыларыңыздың қолдарыңызда жүрек бар. Сол жүректің ішіне өздеріңіздің ойларыңызды жазып, осы ыдыстың ішіне салып қойыңыздар және де жазған сөздеріңізді айтып шығуларыңыз керек. Қорыта айтқанда ата ананың махаббаты, сүйіспеншілігі бала үшін бақыт, Осы сезімдеріңіз арқылы баланың өз орнын таба білуге үйретесіздер.

ІІІ тапсырма: Сіз қандай ата-анасыз? Ата-аналардан сауалнама алынады.

1.Кез-келген өзіңіздің бар ісіңізі тастай салып баламен айналыса аласыз ба?

2.Балаңыздың жасын ескермей онымен ақылдаса аласыз ба?

3.Балаңызбен қарым- қатынас барысында қателіктеріңізіді мойындайсыз ба?

4.Өзіңіздің қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?

5. Өзіңіз балаңыз жасаған ісі ашу шақыртқан кезде, өзіңізді ұстап, игере аласыз ба?

6.Баланың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?

7.Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге бола ма?

8. Өзіңіздің басыңыздан өткен, балалық шағыңыздан ескерілетін жағдайды айта аласыз ба?

9.Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып уәдеңізді орындайсыз ба?

10. Баланың жүрегін жарақаттайын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?

11. Балаға өзіңіз қалаған ісін жасауға,өзін ұстауға кедергі жасамайтындай бір күн еркіндік бересіз бе?

12. Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе, көңіл

аудармайсыз ба?

13. Баланың еркелеген дөрекі мінезінің уақытша екенін көре тұрып, соған қарсы тұра аласыз ба?

Ата-ананың аты-жөні:

Құрметті ата-ана сіздің шын жүректен жауап бергеніңізге көптен-көп рахмет!

Жауабы: келісемін-3ұпай

Кейде келісемін -2 ұпай

Келіспеймін-1 ұпай

0-16 ұпай: Бала тәрбиесі-сіз үшін үлкен мәселе.Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін педагог немесе психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз
16-30 ұпай: Сіз үшін балаға қамқорлық жасау бірінші кезектегі маңызды іс. Сіздің бойыңызда тірбиешінің қабілеті бар,бірақ тәжірибеде бір қалыпты ретпен, бір қалыптағы мақсатпен қолдануды әрқашан жасайсыз. Кейде қатал, кейде мүлде жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.
30-39 ұпай: Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тек түсініп қана қоймай, әрі ойын тануға, сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.

 

«Көңілді күн» музыкалық сергіту

Қаралатын сұрақтар:

I тоқсан қорытындысы (білім сапасы, үлгерімі, БТС қорытындысы)

1) Тақырып бойынша

2) Құқықтық әкімшілік жаңа 2015 жылғы кодекспен таныстыру

3) Әр түрлі мәселелер

Кері байланыс

4.Жиналыстың соңындағы көңіл-күйіңіз.

«Бала тәрбиесі» жөнінде ата – аналарға бейнеролик көрсете отырып, ой түйіндеу.

«Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.

Ата - аналардың, қатысушылардың тілектерімен бүгінгі жұмысты қорыту

Қорытынды.

Ата-анаға көз қуаныш,

Алдына алған еркесі,

Көңіліне көп жұбаныш.

Гүлденіп ой - өлкесі,- деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Адам да өмір сияқты, күлмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізге ұстайық: «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең, балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер», - деп ата-бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытыңда көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата-ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл-қыздары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.


Әбдуәлі Гүлмира Даулетбайқызы

З.Космодемьянская атындағы

№23 көпсалалы мектеп-лицейінің

бастауыш сынып мұғалімі

Шымкент қаласы

07 ақпан 2019 г. 37 399 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 203 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 607 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031