» » Жаңа буынға сенім артылуда

Жаңа буынға сенім артылуда

 Бағдарламалар халықтың болашаққа деген үміті мен сенімінің артуы үшін жасалынады.Мемлекет тарапынан жасалған жоспарлар елді ұйыстырып, берек-бірлігінің нығаюына, мақсат-жігерінің бір арнада тоғысуына жол ашады.Елбасымыздың «Қазақстан-2050» стратегиясында ұлт ден саулығы, ауыл шаруашылығын дамыту мен еңбек саясатын ұтымды шешу жолдары, салауатты ұрпақ тәрбиелеу, ана мен баланы қорғау, білім беру ісін жетілдіру, кәсіпкерлерді жан-жақты қолдау секілді маңызды бағыттарға мән берілді. Еліміздің жастары Елбасымыздың стратегиясынан өздеріне зор қолдау мен қамқорлықты сезініп, бұл күндері игілігін де көруде. Себебі, соңғы он шақты жылдың өзінде  білім  алуға жұмсалатын қаржы он есеге жуық өсіп, жоғары білім алуға берілетін грант саны да айтарлықтай ұлғайған. 1993 жылы қабылданған «Болашақ» бағдарламасы арқылы қаншама жастар шетелдің озық оқу орындарында оқыды. Өз елімізде де әлемдік университеттермен теңесе алатын үздік білім ошақтарын ашу, зияткерлік мектептерді көбейту мәселелері де назардан тыс қалған емес. Бұл 2050 жылға дейін жүйелі жоспар жасап отырған Қазақстанның жастар саясатына оң көзбен қарайтынын көрсетеді. Айта кетерлігі, республика тұрғындарының әрбір екінші азаматы жасы отызға толмаған адам екен. Демек, Қазақстан-жастар мемлекеті. «Жасыл ел», «Дипломмен-ауылға!» «Болашақ» сынды бағдарламалардың бәрі де жас буынға жағдай жасауда. Сондықтан, Елбасымыздың: «Мен жариялаған Жаңа саяси және экономикалық  бағыт сіздерге жақсы білім беруді, яғни бұдан да лайықтырақ болашақ сыйлауды көздейді. Мен сіздерге, жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіз дер жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер» деген сенімінің үдесінен шығуға тырысу-еліміздің әрбір жас азаматының парызы. Жастарды білімге, еңбекке, ынтымаққа үндейтін «Мәңгілік ел» идеясы барысында кемел де келісті келешектің жарқын күндері алыс емес. Бұл жолда жастардың бірлігі мен отансүйгіштік қасиетті бойларына сіңіруі маңызды болып табылады.

Садықова Сәнімкул Серікбайқызы
Қызылорда облысы,Арал қаласы
№2 Облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернаттың бастауыш сынып мұғалімі

17 тамыз 2017 г. 6 007 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 793 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930