» » Балабақшаға электронды кезекке тұру

Балабақшаға электронды кезекке тұру

 Перзентіңізді енді балабақшаға электронды кезекпен тіркеп, орналастыра аласыз. Шымкентте осындай жоба басталып, сәтті жүзеге асырылуда. Жыл басынан бері осы жоба бойынша мыңнан астам балғын мектепке дейінті тәрбие мекемелеріне орналасып үлгерген. Бұл туралы Шымкент қаласының білім бөліміне сілтеме жасап EDUNEWS.KZ ақпарттық агенттігі хабарлайды.

 Қала тұрғындарының бірі – Айгерім Назарға балабақша жолдама туралы смс хабарлама келіпті. Кезегі келген соң қызы бос орын бар балабақшаға жіберілген. Осыған орай Айгерім қажет құжаттарды жинап, перзентін №5 балабақшаға алып келген.

Айгерим Назар: “Менің телефоныма СМС хабарлама келді. Оқып, қызымды балабақшаға апаратын уақыт келгенін білдім. Ешқандай қиындығы жоқ екен, қуанып қалдым. Бүгін келіп, балабақшаны көріп шықтым. Маған ұнады.”

Сәбилерді балабақшаға электронды түрде кезекке қою жобасының мақсаты – кезектың тазалығын қамтамасыз ету және жемқорлық фактісінің алдын алу. Электронды кезекте адам факторы болмайды.

Күлзина Уәлиханова, қалалық білім бөлімі жетекшісінің орынбасары: “Бұл жүйе өте қолайлы, қолжетімді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алады. Ал ең бастысы – ашық жоба. Кез келген адам пайдалана алады. Адам факторы жоқ, бәрі автоматты түрде жүзеге асады.”

Айта кетейік, garden.shymkent.edu.kz сайтында тек сәбилерді балабақшаға кезекке қойып қана қоймай. мекемелердің құжаттарын, бағдарлама және фотосуреттерін көруге болады. Бұған қоса жеңілдіктер мен балабақшалардағы бос орындар туралы ақпарат жазылған. Енді жыл соңына дейін 5000-нан астас сәбиді балабақшаға тіркеу қарастырылуда.

Бұл жоба Шымкентте 2017 жылдың мамыр айының соңында іске қосылған. Кезекке garden.shymkent.edu.kz, egov.kz порталдарында немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарына келіп тұруға болады. Өтініш беру үшін 2 ұялы телефон нөмірін жазып, ЖСН және электронды пошта нөмірін жазу керек. 15 минуттың ішінде перзентіңіз балабақшаға кезекке қойылады. Бір тәуліктің ішінде сізге тіркелу туралы СМС хабарлама келеді. Балабақшада орын босаған соң сізге ол туралы СМС келеді.

19 шілде 2017 г. 18 341 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 653 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031