» » Абай туралы тың зерттеулер: 24 кітаптың таныстырылымы өтеді

Абай туралы тың зерттеулер: 24 кітаптың таныстырылымы өтеді

Өтетін күні:  26 желтоқсан, 2022 жыл, сағат 15.00

Өтетін орны: Пушкин көшесі 11, ЕҰУ «Отырар» кітапханасы

  2022 жылдың 26 желтоқсанында сағат 15:00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Абай туралы тың зерттеулерді қамтитын жаңа 24 кітаптың тұсаукесерін өткізеді. 13 серияда шыққан бірегей басылымдарды ЕҰУ-нің «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институты осы жылы дайындады. Бұл - Ерлан Сыдықов, Жабайхан Әбділдин, Тұрсын Жұртбай, Сатай Сыздықов, Жанат Аймұхамбет және т.б. белгілі абайтанушылардың,  тарих, әдебиет, филология саласындағы сарапшылардың еңбектері, деп хабарлайды edunews.kz ақпарат агенттігі Д.Н.ГУМИЛЕВ атындағы ЕҰУ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Абай Құнанбайұлы және қазіргі қазақстандық қоғамның басымдықтары», «Абай және Ахмет Байтұрсынұлы», «Абай және Ұлы даланың мұралары: өркениеттік сабақтастық» және т.б. жаңа кітаптар «Қазіргі Қазақстан және Абай Құнанбайұлы, оның қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласындағы мұрасы» жобасы аясында жарық көріп отыр. Зерттеу жұмыстарын жазу барысында авторлар қоғамның, ғылымның, діннің, тілдің өзекті мәселелерін Абайдың шығармашылығы, дүниетанымы және мұрасы негізінде қарастырды. Іс-шараға белгілі абайтанушылар, еліміздің ғылыми-сараптамалық қоғамдастығының өкілдері қатысады.Кітаптардың тұсаукесері аясында «Абай академиясы» ҒЗИ ғалымдары «Абай Құнанбаев және қазіргі қазақстандық қоғамның басымдықтары» бағыты бойынша әлеуметтік сауалнаманың қорытындыларын ұсынады. Оған еліміздің 9 мыңнан астам тұрғыны қатысты.Айта кету керек, 2019 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ақынның өмірі мен шығармашылығын жүйелі және терең зерделеу мақсатында «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институты құрылған болатын.

26 желтоксан 2022 г. 535 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 615 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930