» » С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде республикалық форум өткізіледі.

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде республикалық форум өткізіледі.

2018 жылы 21 қыркүйек күні сағат 10.00-де С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті (Астана қ. Бас ғимарат, Жеңіс даңғылы 62) «Университеттің және жұмыс берушілердің экономиканың нақты секторы үшін кадрларды даярлаудағы әріптестігі» тақырыбында республикалық форум өткізеді, деп хабарлайды университет баспасөз қызметі.
     Шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары В.К.Божко, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі А.К.Евниев,             «С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ» АҚ Басқарма Төрағасы А.Қ.Күрішбаев және 150-ден астам отандық, шетелдік агробизнес өкілдері, ассоциациялар, сондай- қоғамдық ұйым мен саяси партия өкілдері қатысады.

          Форум барысында  жоғары оқу орындарының білікті маман дайындауы, университет қызметкерлерінің қажеттіліктері, оқу ордасы түлектерді нарықтың шынайылығына толық бейімдеу барысындағы жаңа бағдарламалар және өзге де сұрақтар қарастырылады. Мұндай мәселелерде ауылшаруашылық тауар өндірушілері мен кәсіпкерлер арасында байланыс қажет.

          С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті отандық нақты сектор үшін кадрларды даярлауға арналған стратегиялық әріптестік бағдарламасын әзірлеуі форумның өзектілігін көрсетеді. Бүгінгі таңда білім ордасы 86 мамандық бойынша, оның ішінде 14 аграрлық бағыт бойынша бакалаврларды, магистрлерді және PhD докторларды дайындайды.

19 қыркүйек 2018 г. 7 980 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 203 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 607 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031