» » Ауыл шаруашылығы мамандары Геоақпараттық технологиялар жүйесі бойынша білім алуда

Ауыл шаруашылығы мамандары Геоақпараттық технологиялар жүйесі бойынша білім алуда

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті өз базасында еліміздің солтүстік және орталық аймақтарының ауылшаруашылығы мамандарына арнап «Ауыл шаруашылығын цифрландыру және нақты егіншілік технологияларын енгізу» бойынша арнайы семинар өткізуде, деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметі. 

Мұндай семинар сабағы елімізде бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Қостанай облыстарынан келген мамандар білімін жетілдіріп, арнайы сертификатқа ие болды. Курс барысында ауылдық жерлерден келген мамандар ауылшаруашылыған сандық жүйеге өткізу жобаларын нақты түрде түйсініп, мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бағдарлы «Цифрлы Қазақстан»  бағдарламасындағы  тапсырманы іске асыруды көздеп отыр.

«Білімін жетілдірушілер геоақпараттық жүйелер мен дәлдік егіншілік технологиясының ерекшелігіне назар аударуда. Арнайы оқу аяқталғаннан кейін келушілер өз аудандарына ауылдық окургтарға барып алған білімдерін іс жүзінде жүзеге асырады. Егер қолдарынан келмей жатса, біздің мамандар көмек қолын созуға дайын отыр. Бірақ семинарға қатысушылар тарапынан қиындықтар туындамауы керек. Себебі қатысушыларға дәріс оқып жатқан ҚазАТУ-дың білікті мамандары. Сонымен бірге Евразия Групп  ЖШС мен «AgroSmart KZ» ЖШС –нен мамандар келіп дәріс оқуда.

Бұл жөнінде арнайы семинар курсының жетекшісі техника ғылымдарының кандидаты, доцент Есен Жақсылықұлы Қаспақов  айтып отыр. Омарбаев Болат Қарағанды облысы ауыл шаруашылығы басқармасының маманы: ҒАЖ саласы мен нақты егіншілікке байланысты біз біршама дүниелерді үйреніп жатырмыз. Әр өңірдің топырағы мен экологиялық жағдайы әр басқа болып келеді. Сондықтан біз семинар аяқталған соң үйренген дүниелерімізді ескере отырып, өз облысымызда арнайы бағдарлама қабылдап сол бағдарламаның алғышарты бойынша жұмыс жүргізуді көздеп отырмыз. Әрине С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне алғыс айтамыз.

Айта кетерлік жайт, арнайы курсты С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті өз есебінен тегін түрде ұйымдастырып отыр.


     


18 сәуір 2018 г. 4 251 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 831 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930