Көкшетауда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды марапаттау рәсімі мен гала-концерт өтті

2023 жылғы 28 наурыз күні ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және қазақстандық қоғамда инклюзивті ортаны қалыптастыруға ықпал ету мақсатымен Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы «Жұлдызай» балалар шығармашылық фестивалінің облыстық кезеңін өткізді.
Байқауға Атбасар, Ақкөл, Жақсы, Ерейментау, Бурабай, Сандықтау, Шортанды, Астрахан аудандарынан және Көкшетау, Степногорск қалаларынан барлығы 93 бала қатысты.Байқаудың қорытындысы бойынша 69 бала жүлделі орындарға ие болып, Гала-концертке жолдама алды.
Байқау келесі 4 номинация бойынша өткізілді – вокал, хореография, аспаптық орындау, ым тілінде ән айту.
Бүгін 2023 жылғы 14 сәуір күні сағат 11.00-де «Bolashaq Saraiy» балалар мен жасөспірімдер сарайында «Жұлдызай» облыстық балалар шығармашылығы байқауының 5 арнайы орындардан (Степногорск қаласы №3 арнайы мектеп-интернаты; Көкшетау қаласы №1 «Арнайы мектеп-интернаты»; Көкшетау қаласы №4 «Арнайы мектеп-интернат»; Ақкөл ауданы, Урюпинка ауылы «Балабақша-мектеп-интернат» арнайы кешені; Атбасар қаласы «№8 психологиялық - педагогикалық түзету кабинеті») және 7 ауыл/қала мектептерінен келген жеңімпаздар өз өнерлерін Гала-концертте көрсетті.

Әр балаға өз жаны мен жүрегінің бір бөлігін сыйлап, балалармен жұмыс жасайтын ұстаздардың еңбегін ерекше атап өткіміз келеді.
Гала-концерттің соңында байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, сондай-ақ педагогтарға алғыс хаттар табысталды.