» » Болашақ жастардың қолында

Болашақ жастардың қолында

Болашақ - бұл өз алдыңда әр адамның өмірінің жалғасы болып табылады. Ол біздің еңбекпен ақталған жұмысымыздың жемісі, арман мақсатымыздың айқындалуы. Біз болашаққа көз жүгіртсекте, оның нақты қалай өрбитінің білмейміз, бірақ нақты білетініміз ол: - болашақ жастардың қолында.

 Жастар-яғни біздің қоғамның ең белсенділері, ойшылдары, өнерпаздары десекте болады, себебі жаңа идея,креатив,жігерлену тек осы біздің жастар арқылы ғана келеді. Жастар біздің болашағымыздың дамуына үлкен улес қосады, себебі олардың арқасында білім деңгей жетістігі артып, көптеген жаңа технологияларды бағындырып, әлем бойына тереземізді теңдестірдік.

  Болашаққа жарқын қарау үшін ең кажет фактор ол әрине білім.

Білімді бесіктен тесікке дейін ізден дейді атам қазақ, яғни сол арқылы болашақта алдына нұр жауады. Жастардың білімге деген құштарлығы артқан сайын қоғам дамып,үлкен жетістіктерге жетеді. Мысалы: мектеп кезінең оқып,дамып журген бала өскеніңде шет мемлекеттен білім алып, сол алған білімін өз елінде тәжіребиеге жұмсап жаңа өндіріс көзін аша алады, яғни әр адам өзін дамыта отырып өз қоғамында дамыта алады.

  Дегенмен де жастар тек болашақты құруды ғана ойламай , оны қорғауды да жауапкершілікке алу кажет . Қоршаған ортаны қорғау , табиғи құндылық, мәдени мұраны сақтау, болашақ ұрапққа жеткізетін маңызды қазыналардың бірі.

       Мағжан Жұмабаев атамыз жастарға о заманнаң сеніп келді, бізде жылу білдіре жастарға сенім арттыруымыз кажет. Оларға қолдау беріп, оларға жағдай жасау арқылы біз өз болашағымызды да қамтамасыз етеміз.  Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, еліміздің ертененің ашып, алға жетелейтің тек осы жастар болмақ!


Қанат Мақпал Қайдарқызы

Астана каласы

Жусипбек Аймауытов атындағы

24 орта мектеп түлегі

03 шілде 2024 г. 1 995 0

Похожие новости:

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 16 771 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30