» » «Үздік мақалалар» республикалық конкурсының ережесі

«Үздік мақалалар» республикалық конкурсының ережесі

Осы Ережемен «Үздік мақалалар» республикалық конкурсын өткізу, ұйымдастыру және тәртібі бекітіледі.

Ережеге сәйкес педагогтар мен тәрбиешілердің еңбектері, мақалалары «QAZAQ BILIMI» республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журналы және «ТАҒЫЛЫМ» республикалық ғылыми-әдістемелік журналына қабылданады. 

  Конкурс бойынша педагог-қызметкерлердің мақалалары аталған республикалық БАҚ-ның келесі айдарларына қабылданады: «Үздік мақала», «Үздік ашық сабақ», «Үздік эссе», «Үздік сабақ жоспары», «Үздік баяндама», «Үздік әдістемелік мақала», «Үздік сценарий», «Үздік ғылыми мақала»  және т.б.

Конкурс педагог-қызметкердердің ғылыми және әдістемелік, шығармашылық қабілеттерін дамыту және көрсету, сонымен бірге, педагогтар мен тәрбиешілердің еңбектерін БАҚ-на жариялау мақсатында өткізіледі.

Конкурс комиссиясының мақсаты – жоғарыда көрсетілген айдарлар бойынша педагогтардың үздік ғылыми-әдістемелік мақалаларын анықтау болып табылады. Конкурстың жеңімпаздары комиссия шешімімен анықталады (1,2,3 орындар).

Конкурсқа қатысушыларға келесі талаптар қойылады:

Конкурсқа қатысу туралы өтініш осы хатқа бекітілген форма бойынша толтырылуы тиіс. Аталған өтініш doc форматта сақталып, ruh.jangyru@mail.ru электрондық жәшігіне «Конкурсқа қатысу үшін» деп белгіленіп, жіберілу керек.

Конкусқа қатысу туралы өтінішпен бірге педагогтың конкурсқа жіберіліп жатқан мақаласы да қоса бекітілуі керек. Ол да міндетті түрде doc форматта бөлек сақталынуы тиіс.

Конкурсқа педагогтар мен тәрбиешілердің ғылыми-әдістемелік мақалалары, эсселер, мастер-класстар, сабақ жоспарлары, сараптамалық мақалалар, ұсыныс мақалалар және басқа да материалдар қабылданады.

Аталған айдарларға жұмыстары енген ұстаздарға комиссия шешімімен «Рухани жаңғыру» ақпараттық-сараптамалық орталығы атынан диплом беру көзделген. 

 

Автордың аты жөні


Мақаланың тақырыбы


Автордың жұмыс орны, қызметі, мекен-жайы, облыс, қала немесе аудан, ауыл


Телефон нөмірі, электрондық жәшік


Конкурстың

ережесіне қосымша












Біздің байланыс телефондарымыз:
+7 (707)560 90 60
+7 (747)555 90 60
05 наурыз 2018 г. 15 913 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 485 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930