» » «Магистранттардың үздік мақалалары» республикалық конкурсы

«Магистранттардың үздік мақалалары» республикалық конкурсы

«Рухани жаңғыру» ақпараттық-сараптамалық орталығы және «EDUNEWS.KZ» ақпараттық агенттігі «Магистранттардың үздік мақалалары» республикалық конкурсына мақалалар қабылдайтындығын хабарлайды.

Магистранттардың жұмыстары «EDUNEWS.KZ» ақпараттық агенттігінің ресми сайтына жарияланады. Материалдың жарияланғандығы туралы куәлік авторға электронды форматты жіберіледі.

Конкурс аясында магистранттар еркін тақырып бойынша мақалаларын бере алады.

Жұмыстары жеңімпаз атанған авторларға комиссия шешімімен «Рухани жаңғыру» ақпараттық-сараптамалық орталығы атынан диплом беру көзделген.

EDUNEWS.KZ» ақпараттық агенттігінің ресми сайтына материал жариялау тегін.

Конкурстың ережесімен «EDUNEWS.KZ» ақпарат агенттігінің сайтында танысуға болады.

Редакция телефоны: 8-747-555-90-60 (What’s App),

E-mail: ruh.jangyru2@mail.ru.



 

ЕРЕЖЕ

 «Магистранттардың үздік мақалалары» республикалық конкурсының ережесі

 

Осы Ережемен «Магистранттардың үздік мақалалары» республикалық конкурсын өткізу, ұйымдастыру және тәртібі бекітіледі.

Ережеге сәйкес магистранттардың еңбектері, мақалалары «EDUNEWS.KZ» ақпараттық агенттігінің ресми сайтына жарияланады. Материалдың жарияланғандығы туралы куәлік авторға электронды форматты жіберіледі.

Республикалық конкурс магистранттардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және көрсету, сонымен бірге, еңбектерін БАҚ-на жариялау мақсатында өткізіледі.

Конкурс комиссиясының мақсаты – үздік мақалаларды анықтау болып табылады. Конкурстың жеңімпаздары комиссия шешімімен анықталады (1,2,3 орындар).

Конкурсқа қатысушыларға келесі талаптар қойылады:

Конкурсқа қатысатын автор мақаласы doc форматта сақталып, ruh.jangyru2@mail.ru электрондық жәшігіне «Конкурсқа қатысу үшін» деп белгіленіп, жіберілу керек.

Конкурс бойынша  материалдары жарияланған авторлар міндетті түрде өз мақалаларымен әлеуметтік желіде бөлісуі тиіс (Фэйсбук, Вконтакте, Instagram, What’s App, Telegram және т.б. ). Бұл өз кезегінде көп оқырман жинаған автордың мақаласының жеңімпаз атануына ықпал етеді. 

Номинациялар бойынша жұмыстары енген авторларға комиссия шешімімен «Рухани жаңғыру» ақпараттық-сараптамалық орталығы атынан диплом беріледі.

01 сәуір 2018 г. 1 207 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31