» » «Оқушылардың үздік шығармалары» республикалық конкурсы

«Оқушылардың үздік шығармалары» республикалық конкурсы

«Рухани жаңғыру» ақпараттық-сараптамалық орталығы және «EDUNEWS.KZ» ақпараттық агенттігі «Оқушылардың үздік шығармалары» республикалық конкурсына мақалалар қабылдайтындығын хабарлайды.

Оқушылардың шығармалары «EDUNEWS.KZ» ақпараттық агенттігінің ресми сайтына жарияланады. Материалдың жарияланғандығы туралы куәлік авторға электронды форматты жіберіледі.

Конкурс аясында оқушылар еркін тақырыптар бойынша мақалаларын бере алады.

Жұмыстары жеңімпаз атанған авторларға комиссия шешімімен «Рухани жаңғыру» ақпараттық-сараптамалық орталығы атынан диплом беру көзделген.

EDUNEWS.KZ» ақпараттық агенттігінің ресми сайтына материал жариялау тегін.

Конкурстың ережесімен «EDUNEWS.KZ» ақпарат агенттігінің сайтында танысуға болады.

Редакция телефоны: 8-747-555-90-60 (What’s App),

E-mail: ruh.jangyru@mail.ru.

 

ЕРЕЖЕ

 «Оқушылардың үздік шығармалары» республикалық конкурсының ережесі

 

Осы Ережемен «Оқушылардың үздік шығармалары» республикалық конкурсын өткізу, ұйымдастыру және тәртібі бекітіледі.

Ережеге сәйкес оқушылардың еңбектері, шығармалары «EDUNEWS.KZ» ақпараттық агенттігінің ресми сайтына жарияланады. Материалдың жарияланғандығы туралы куәлік авторға электронды форматты жіберіледі.

Республикалық конкурс оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және көрсету, сонымен бірге, еңбектерін БАҚ-на жариялау мақсатында өткізіледі.

Конкурс комиссиясының мақсаты – үздік мақалаларды анықтау болып табылады. Конкурстың жеңімпаздары комиссия шешімімен анықталады (1,2,3 орындар).

Конкурсқа қатысушыларға келесі талаптар қойылады:

Конкурсқа қатысатын студенттің мақаласы doc форматта сақталып, ruh.jangyru@mail.ru электрондық жәшігіне «Конкурсқа қатысу үшін» деп белгіленіп, жіберілу керек.

Конкурс бойынша  материалдары жарияланған авторлар міндетті түрде өз мақалаларымен әлеуметтік желіде бөлісуі тиіс (Фэйсбук, Вконтакте, Instagram, What’s App, Telegram және т.б. ). Бұл өз кезегінде көп оқырман жинаған автордың мақаласының жеңімпаз атануына ықпал етеді. 

Номинациялар бойынша жұмыстары енген авторларға комиссия шешімімен «Рухани жаңғыру» ақпараттық-сараптамалық орталығы атынан диплом беріледі.

01 сәуір 2018 г. 3 463 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 602 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930