» » Шымкенттік азамат латын әліпбиіне өтудің оңай жолын ойлап тапты

Шымкенттік азамат латын әліпбиіне өтудің оңай жолын ойлап тапты

 

Шымкенттік азамат латын қаріпіне көшу кезінде кездесетін қиындықты жеңетін әдіс ойлап тапты. Өнертапқыш бұл жобасын «Хакатон» марафонына арнайы дайындаған. Облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен осыдан бір ай бұрын ІТ мамандары арасында конкур жарияланған болатын. Аталған байқауға компьютерлік бағдарлама құрушы Қуаныш Рысқұлов тың идеясын ұсынып, бірінші орынды жеңіп алды. Бұл туралы tvk хабарлайды.

     Қуаныш Тұрсынқұлұлы ақпараттық технологиялар саласында еңбек етіп жүргеніне 8 жыл болған. Ол бұған дейін бірнеше компьютерлік бағдарламалар әзірлеп, Алматы, Астана қалаларындағы өткен республикалық додаларда топ жарған. Бүгінде тың идеясымен облыстық байқауда да өзгелерден озып шықты.

     Байқауға қазылық еткен азаматтар Қуаныштың жобасы тап қазір сұранып тұрған қажетті бағдарлама деп тапқан. Алдағы уақытта Крилицианы латын қаріпіне лезде ауыстыратын бағдарламаға қаржы бөліп, кең көлемде қолданысқа енгізуге жоспарлар жасалуда. Жалпы шараға студенттер, оқушылар, жас өнертапқыштар мен түрлі деңгейлі ІТ мамандардан құралған 50 адам  қатысқан.Олардың ішінен 8 ІТ маманның жобасы үздік деп танылған.

     Ел басының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа жолдауында экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы жөнінде айтылған. Осыған байланысты «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы кең қолданысқа енді. «Хакатон» марафоны елбасы саясатын қолдау мақсатында қолға алынған жоба. Ұйымдастырушылар мұндай жоба алдағы уақытта жалғасын табатынын айтады.

24 шілде 2017 г. 3 029 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 063 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 821 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930