» » Жаңа формация мұғалімінің кәсіби мәдениеті

Жаңа формация мұғалімінің кәсіби мәдениеті

Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек – жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келесі мәселе – білім беру, ғылымды дамыту, өркениет біткеннің өзегі, білім, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы, яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогикамен әдістемеден хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім екенін Ахмет Байтұрсынов атап көрсеткені аян.

«Келешек кілті- жастарда» деп дана халқымыз бекер айтпаған. Қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгілікпен XXI ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты мәдениеті, ақпараты сауатты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлғаны қалыптастырушы жастарды даярлау – осындай іскер мұғалімдерге сеніп тапсырған.

«Әлем елдері арасындағы бәсекелестікте олардың шығарған өнімдері мен көрсеткен қызметтері ғана сараланып қоймай, сонымен қатар қоғамдық құндылықтар мен білім экономикада басты назар материалдық тауарлар мен қызметтерге емес, елдің интелллектуалды білім беру жүйелерінің даму барысы да додоға салынады. Осыдан барып заманауи және тиімді білім беру жүйесін қолдап оқыту арқылы жұмыс күшінің интеллектуалды компонентін арттыру – бәсекеге қабілеттіліктің негізгі шарттары болып айқындалады» деп Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаев атап көрсеткендей, жаңа әлемде білім берудегі бәсекеге қабілеттіліктің артуы мен адами капиталдың дамуына айрықша ден қойыла бастады. Әрбір мемлекеттің өсіп-өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы ұстаз берген біліммен бағаланады. Сондықтан дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келетін кез келген мемлекет, ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Сапалы білім мен саналы ұрпақтың қалыптастырушы, әрине, ол – ұстаз. Ал ұстаздың анықтамасын Әл-Фараби дана былай деп берген: «Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсіне білетін, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, еш нәрсені ұмытпайтын алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, дирхем, динар атаулыға, жалған дүниенің басқа да атрибуттарына жирене қарайтын, табиғаттан әдептілік пен әділдікті сүйіп, жақындарына да, жат адамдарға да әділ, жұрттың бәріне өз білгенінше жақсылық пен ізгілік көрсетіп қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек». Нағыз мұғалім деп тәрбиеленушінің ойы мен жүрегіне жол тапқан ұстазды айтамыз. Ендеше қоғам талабына сай кәсіби мұғалім болу заман талабы тұрғаны анық. Жаңа формация мұғалімі кім деген сұраққа жауап іздейтін болсақ, Қазақстан Республикасының жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасында «Жаңа формация мұғалімі – кәсіби дағды мен педагогикалық дарыны қалыптасқан, жаңалыққа құмар, рухани дүниесі бай, шығармашылықпен жұмыс істейтін жеке тұлға » деп көрсетілген, яғни ол ізгілігі мол, әр іске жаңашылдықпен, үлкен ізденіспен зерттеуші ретінде қарайтын, ақпараттық технологияны толық меңгерген, коммуникативті, бір сөзбен айтқанда, толыққанды құзырлы адам.

Мұғалімнің өзі құзыретті болмай, мақсатқа жетуі екіталай. «Ұстаз қандай болса, қоғамда сондай» деген бұлжымас заңдылық қай қоғамда көкейкесті. Жаңа формация мұғаліміне қазіргі таңда мынадай міндеттер жүктеліп отыр:

1. Мамандығы бойынша негізгі дайындығы болуы.

2. Адамдардың адамға, қоғамға қатынасын реттейтін құқықтық және этикалық нормаларын білуі.

3. Қазіргі білім беру технологиясын пайдалана отырып жаңа білім алуы және өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра білуі.

4. Компьютерлік техниканы меңгеруі.

5. Ғылыми іскерлік, қоғамдық, саяси және тұрмыстық тілдер ауқымында мемлекеттік және шетел тілдерінде сөйлесе білуі.

Жаңа формациядағы ұстаздың кәсіби мәдениеті төменгідей сипатталады.

І. Кәсіби қасиеті: ІІ. Моралдық-этикалық қасиеті:

- ұйымдастыру қабілеті; - адамгершілігі;

- білімнің тереңдігі - ақиқатқа құштарлығы;

- ғылыми білімі; - мейірімділігі;

- шығармашылығы; - қарапайымдылығы,

- интеллектуалды қасиеттері.

 

ІІІ. Психологиялық даярлығы:

- сыртқы келбеті;

- сөйлеу мәдениеті;

- киім киісі;

- әдептілігі.

А. Макаренконың «Өзара қарым-қатынас қуанышты болуға тиісті. Ол шығармашылық өрлеуді, батылдықты, сергектікті керек етеді» дегені белгілі. Өз жұмысының сипатына байланысты мұғалім ұйымдастырушы, жетекші болуға тиісті, тіпті ол сыртқы келбетімен де тәрбиелей алады. Сондықтан жаңа ғасырдың ұстазына қойылатын талап та күрделі. Алайда, талантты, шебер жаңа формация ұстазы болудың алғышарты шебер мұғалімдердің еңбектегі озат тәжірибесін, педагогикалық еңбектің технологиясын зерттеп үйренуден басталады.

Қазақтың ұлы педагогі, психологі, ағартушы, жазушы Ж. Аймауытов «. .. Баланың ақылы, сезімі, қайраты мұғалімнің жігерлі ықпалы арқасында жетіледі. Мұғалім балаларына салақ, селқос қараса, олардың жан қуатын кемітіп, тәрбие де бере алмайды» деп мұғалімнің бала алдындағы үлкен жауапкершілігін атап көрсеткені мәлім. Ж. Аймауытовтың осы айтылған кәделі ой, орнықты көзқарасын ескерсек, мұғалім бала бойындағы туа біткен түрлі қасиеттерді дәл байқап, оның сапалық ерекшеліктеріне баға беріп, әрі қарай әр баламен психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып жұмыс жүргізуі негізгі мәселеге айналды.

Білімі терең және жоғарғы мәдениетті, ғылым мен техниканың жетістіктерін игерген оқушының өзін-өзі тануға ұмтылуына, ізденуіне жол ашу – мұғалім алдындағы үлкен міндет. Өмірде дұрыс жол табуы үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелдә шешімдер қабылдауы керек. Демек, бүгінгі күні мектептің алдына қойған ең басты мақсаты – қазіргі заманның өркениеті, прогресшіл бағытына сай азаматтық адамгершілік қасиеті мол, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу. Олай болса, білім беру ісінде ұстаз басты әрі шешуші тұлға болып саналады.

Оқу – баланың рухани өміріндегі өте маңызды сала, бірақ бірден – бір сала емес. Оқушының жаңа материалды қабылдауына немесе білгенін көрсетуде көңіл күйдің орны ерекше екені белгілі. Сондықтан әрбір оқушымен жеке танысып, оларды қабілетіне қарай бөліп, соған сәйкес оқытудың әртүрлі типтерін қолдану – тығырықтан шығудың бір жолы. Бұл арада оқушыларға білім берудегі мұғалімнің жеке қасиеттерінің маңызы зор, яғни мұғалімнің педагогтік әідебі.

Педагогтік әдеп - әр ұстаздың дара қасиеті. Педагогтік әдеп мұғалімнің жас ерекшелігіне, темпераментіне, мінез – құлқына, алған тәрбиесіне, т. б. ерекшеліктеріне байланысты болады.

Әдепті мұғалім өзінің педагогтік шеберлігін де ұтымды көрсете біледі. Біз әр баланың дара қасиеттерін ескере отырып таңқалдыруға әрекет жасай алуымыз керек. «Баланы таңқалдыруды ұмытпа, даналық таңқалдырудан басталады» дейді даналар. Әрбір бала – халқының тұлғасы, сондықтан халықты жасайтында мұғалім.

Берілетін білімді де, тәрбиені де, әдепті де ұрпақ бойына құр айтумен ғана емес, өз бойымыздағы шынайы асыл қасиеттерімізді іс арқылы сіңіре алсақ, ұтарымыз көп болмақ. Адамгершілікті мұғалімнің келбеті оның кісілігі мен маман ретіндегі білігінің үйлесімінен тұрады. Олай болса, осы деңгейден жаңа формация мұғалімі шыға алуы қажет – ақ. Ол білікті маманның ғана қолынан келетін шаруа.

 

Байтуреева Назифа Сабировна

«№41 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы



31 наурыз 2023 г. 4 146 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 219 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 609 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031