» » Бала тәрбиесі – ұлт тәрбиесі

Бала тәрбиесі – ұлт тәрбиесі

Бала отбасының көз қуанышы. Өйткені қазақта сөз бар: «Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар» деген. Сондықтан да, халқымыз баланы ерекше қадірлеген. Біреу бақытты байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, қызмет пен мансаптан іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі. Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. Олай болса адам өмірінің мәні-өз ұрпағы: «Адам ұрпағымен мың жасайды».

Ал, тәрбиеге келетін болсақ, қазақ халқы баланы жастан, жастан емес-ау бесіктен, тіпті ана құрсағынан бастап тәрбиелеу керек деп өсиет қалдырған. Баланың түп казығы, алтын ұясы-отбасы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, сол ортаның ыстық суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Әке-шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Әйел-отбасының ұйтқысы. Баланы өсіріп тәрбиелеу –ата-ана міндеті. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу-отбасы мен мектептен алған үлгі- өнеге жиынтығының жемісі. Баланы өсіру, оны азамат етіп тәрбиелеу кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Бала отбасында әкеге қарап, ал, қыз анаға қарап өседі. Сондықтан да әр ата- ана балаларының алдында өздерін дұрыс ұстап, ғибраты мол әңгіме айтып, жүріс –тұрысымен, киім –киісімен, іс –әрекетімен үлгі бола білуі керек.

Өтенге көз жүгіртер болсақ, халқымыз тамаша салт дәстүрлерді ұстанған. Сонау құрсақ тойынан бастап, отау тігіп, шаңырақ көтергенге дейін сан алуан ғұрыппен атасқан.

Ал қазір қандай?

Қазір баланың сана сезімін улайтын айғақтар телеарнадағы түрлі бағдарламалар. Бұлардың бала психологиясына кері әсерін тигізбей қоймайды. Сондықтан да, қазіргі таңда балаларға кітап оқытып, кітаптың берер тәрбиелік мәні өте зор екенін ұғындыру керек. Бала бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп өсіру қажет. Жат қылықтан аулақ болуға, тәртіпті адам барлық жерде, үйде, мектепте, қоғамдық орындарда, өзін –өзі дұрыс ұстауын санасына құйып отыру қажет.

Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен, мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісі негізгі рөл атқарады. Мұғалім мен ата-аналардың өзара қатынасы міндеттерінің ең негізгісі — психологиялық-педагогикалық білімдерін көтеру болып табылады. Осы міндеттерді шешуде оқу бағдарламасын меңгертуде түрлі тиімді әдістер мен технологияларды пайдаланғаны сияқты, ата-аналарға көмек ретінде «Өзін-өзі тану» пәнінің формаларын пайдалана отырып ата-аналар жиналысының дәстүрлі емес түрін өткізгенде интерактивті тақтаны, яғни ақпараттық технологияны пайдалану ата-ана қызығушылығын арттырып қана қоймай, жеке танып-білуге, байланысты нығайтуға қосар үлесі зор.

Ата-аналардың тәрбие процесінде жеке адамның қалыптасуына ықпалы, олардың жалпы педагогикалық мәдениетіне байланысты. Мектептің, отбасының, жалпы халықтың және мемлекеттің негізгі мақсаты, казіргі заманың талаптарына сай балаларды және жастарды тәрбиелеу, олардың өмірде өз орындарын таба білуге даярлау болып табылады.

Бүгінгі таңда: «Нарықтық экономикаға сай, ұлттық сана сезімі жоғары, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан Қазақстан азаматын тәрбиелеу ата-анамен мектептің міндеті. Ұстаздар жүйелі жоспар құрып, шәкірттерімен ақылдасып ата –аналармен бірлесе жұмыс істегенде ғана үлкен нәтижелелерге ие болады. Ең бастысы мектеп қабырғасында әрбір ұстаз өзі атқаратын тәлім-тәрбие ісін ғылыми тұрғыдан ұйымдастырып, шәкірттерін жан –жакты біліп, ата- аналармен тығыз байланыста болу кажет. Осы орайда сынып жетекшілік қызметін атқаратын сыныптағы оқушылардың күшті және алсіз жақтарын ескеріп, нәтежелеріне салыстырулар жүргізіп нақты талдау жасап отыру қажет. Шәкірттерімнің тәрбиелік деңгейлерін үнемі бақылаймын. «Отбасы туралы жалпы мәліметтер», «Ата- ана және бала», «Достық дегеніміз не? » атты сауалнамалар алу барысында, отбасының әлеуметтік жағдайын, отбасының тәрбиелік мүмкіндігін зерттеп үшінші сауалнама бойынша тәрбиеленушілердің жүрген ортасын анықтауға мүмкіндік алдым.

Сонымен қатар, «Сыныпты бақылау күнделігін» бастап, онда та –ана, бала, мұғалім атқаратын жұмыстарын есепке алып отырамын.

Осылайша сыныптағы оқушылар, елін суйетін, мектеп тәртібін қатаң сақтайтын үлкенді құрметтеп, кішіге ізет корсете білетін оқушыларды тәрбиелейміз.

Ұрпақ көші дұрыс перзент болсын десек, перзент болмысын түзетуді құрсақтан бастаған жөн. Дана халқымыз «Жасында бағу көрмеген, өскенде қарауға көнбес», - деп бекер айтпаған. Ұрпағын өмірінің қазнасы санаған қариялар тәңірге «Құдай бала бер бала берсен сана бер», -деп те бекер айтпаған. Яғни жалпыға тән адамгершілік қасаеттер – мейірбандық, сыйластық, өзара түсіністікке ұмытылдыру, жаксыны өнерге тарту, үлкенге құрмет, кішіге изет көрсете білуді, бүгінгі жас ұрпақты заман талабына сай тәрбиелеу, отбасы мен мектептің басты мақсаты болып табылады.

Тәрбие – бұл қоғам талабына сай, адамды қалыптастыруда белгілі бір мақсатқа сәйкес түрде әсер ету. Н. Ә. Назарбаев өзінің « Ғасырлар тоғысында» атты еңбегінде, «Тәрбиенің түпкі мақсаты- қоғамның нарықтық қарым – қатынасқа көшу кезінде экономикалық және және рухани дағдарыстытарды жеңіп шыға алатын ізгілігі мен XX ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген жан - жакты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру» деп айқын көрсеткен.

Қорыта келе, «Тәрбие тал бесіктен»-дейді атамыз қазақ. Тал бесіктен жер бесікке дейінгі баланың өсіп жетілуінің негізі отбасында жатыр «Сүтпен сіңген мінез сүйекпен кетеді»деген сөз ата –ана тәрбиесінің күштілігін көрсетеді. Егемен еліміздің болашағы білім мен тәрбиеге байланысты. Ал тәрбиенің басты ұясы отбасы –мемлекеттің негізгі буыны. Сондықтан да бала тәрбиесіне немқұрайлы қарамай, жауапкершілікпен қарайық дегім келеді.

Ертеде бір ғұлама келіп:

-Баланы неше жастан бастап тәрбиелеген дұрыс? –деп сұрапты.

Ғұлама:

-Балаңыз қаншада? –деп өзіне сұрақ қояды.

-Бес –ақ ай толды, дейді сонда ғұлама басын шайқап:

-Бес айға кешіккен екенсіз -деген екен.

Халық арасындағы кең тараған бұл аңыздың айтпағы баршаға түсінікті, яғни баланы туған сәтінен бастап тәрбиелеу керек. Менің де айтарым бала тәрбиесінен кеш қалмайық, құрметті халқым!


 Мамашева Жумагуль Зейнадиловна

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының

№3 «Мейірім» арнайы мектеп-интернаты

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

31 наурыз 2023 г. 14 311 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 13 750 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 351 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930