» » «TopIQ-цифрлық оқулықтар» платформасының пайдасы

«TopIQ-цифрлық оқулықтар» платформасының пайдасы

        Үздіксіз  даму мен жаңашылдықтың тез өзгеруі заман талабына айналды. Кез-келген саланы алсақ та жаңашылдықтардың күн сайын еніп келе  жатқанын байқаймыз.

Өскелең ұрпақтың заман талабына сай азамат болып өсуі, болашақта еліміздің көркеюіне алып келері анық. Ал, сол ұрпақты заманауилыққа баулып, жаңашылдықты меңгерту мектеп қабырғасынан басталады. Барлық балаларға білім мен білік, дағдыны меңгертіп жүрген ұстаздардың да осы талапты үнемі өз  тәжірибесінде қолданса нұр үстіне нұр болар еді.

       Білім саласына да келіп жатқан жаңалықтар мен жаңашылдықтар да аз емес. Соның бірі, әрі бірегейі ретінде «Алматыкітап баспасы» ұсынып отырған, «TopIQ-цифрлық оқулықтар» платформасының білім беру үрдісіндегі айрықша орынын тілге тиек етпекпін.

«TopIQ-цифрлық оқулықтар» платформасын математика және информатика пәнінің ұстазы ретінде өзімнің күнделікті сабақтарымда қолданып, платформадан күнделікті сабағымның тақырыбына қатысты маңызды мәліметтерді сапалы білім беру жолында өз қажетіме пайдаланып, әріптестерім мен платформаның тиіді тұстары жайлы айтып, ой бөлісіп отырамын.         

      Платформаны қолданудың оқушы мен ұстаз үшін тиімділігін, жеңілдігін, заманаулыйлығы мен жалпы пайдасын түсінген мектеп ұстаздары: химия,информатика,математика,қазақ тілі пәнінің мұғалімдері және бастауыш сынып пәнінің мұғалімдері оқушылары TopIQ-цифрлық оқулықтарын сабақтарында тиімді қолданып, сабаққа деген оқушылардың қызығушылқтарын арттыру да  пайдалып сабақтар өткізуде.

      Платформамен сабақ берудегі мақсатым – мектеп ұстаздарына өзіндік жинақтаған тәжірибемізбен бөлісіп, жалпы платформаның мүмкіндіктерін көрсету.

        «TopIQ.kz» білім беру платформасы Лондонда өткен жаһандық білім беру технологиясындағы стартаптар байқауының жеңімпазы атанғанын естіп қатты қуандым. Себебі өзге елді мойындатқан цифрлық оқулықтың шынымен мектеп мұғалімдері мен оқушыларына берері көп. Оны өз тәжірибесінде қолданып, жемісін жеп отырған ұстаз ретінде нық сеніммен айта аламын. Алматыкітап баспасы цифрлық кітапхананы өзге елге мойындату үшін емес, өзіміздің өскелең ұрпақ пен кітап сүйер қауым, ұстаздарға арнап жасап шыққан мақтанышы деп түсінемін. Ендеше неге Алматыкітап баспасын қолдамасқа?!

       Сабақта қолданудың тиімділігін өнімнің таныстырылымдылық бейнероликтері мен презентацияларынан (https://topiq.kz/) көріп алу мүмкіндігі, ізденген адамға  еш қиындық әкелмейді.Ал, менің айтпағым сабақтан тыс кезде де электрондық кітаптың маңыздылығы туралы болмақ.                К. Ушинскийдің «Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқан кезде оның мұғалімдігі де жойылады» деген екен. Олай болса, «Алматкітап» баспасы ұсынып отырған платформаның тиімді тұстары мен бізге берер мүмкіндіктері: 

✓ Өте ыңғайлы. Оқу үшін уақыт пен кеңістік ыңғайлы;

✓ Ортақ терезе. Барлық құрылғы үшін ортақ веб-интерфейсі;

✓ Қолжетімділік. Кез келген оқу жылына арналған оқу материалына қолжетімді;

✓ Ыңғайлы. Оқу процесін шынайы қадағалау;

✓ Жеңіл. Электрондық журналдардың оңай жасалуы;

✓ Үнемі қолыңда.Сабақтың барлық кезеңінде қолдана алу;

✓ Жаңашылдығы.Мұғалім тәжірибесінде әдістер көлемін кеңейту;

✓ Сапа.Сапалы контент;

✓ Үнемі сенімен бірге. Кез-келген уақытта, кез-келген жерде өзіңмен бірге алып жүре аласың. Яғни барлық қажетті кітап, кітапхана сенің смартофоның мен ноутбугыңда жүреді. Оның ішіндегі тапсырмалар ойын арқылы, қызықты тапсырмалар түрінде, интерактивті тақта бейнесінде, анимацияланған тапсырма түрінде жеңілдетіп берілген. Тіпті оқушылар кітаптарын көтеріп келмей, элекронды оқулықты ғана пайдалану арқылы, тапсырмаларды тиімді орындай алады.

       Заманауи, әрі қызықты оқушы, ата-ана, мұғалім үшін пайдасы зор электрондық кітапхананы тек мектеп қабырғасында немесе үйде үй жұмысын жасау мақсатында емес, ондағы көркем әдеби кітаптарды әже, ата, басқа да отбасы мүшесіне сыйлық ретінде тарту жасауға болады. Сіз бір ғана кітап емес, «Алматыкітап» баспасының барлық кітаптарына қол жетімділік жасап, кітапхананы сыйға тартып, әлемдегі ең мықты сыйлықты тарту етесіз.

      Қаншама жеңілдік пен жаңашылдықты ұсынып отырған электрондық кітапхананың мүмкіндігін түсінген, жалпы электрондық оқулықпен жұмыс жасауда ең бірінші демеушілік жасаған «Сәби» қорының Президенті және негізін қалаушы Әсел Тасмағамбетоваға, алғыс айту орынды деп білемін. Және де қасиетті мамандық иелеріне өз білімдерін жетілдіруден шаршамай арнайы біз үшін дайындалған платформаның мүмкіндігін өз тәжірибелерінде қолдануға кеңес беремін.

Қуаныш Салима

«№5 орта мектеп»КММ

Математика және информатика пәнінің мұғалімі

05 шілде 2024 г. 5 736 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 163 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 596 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031