ОҚУШЫНЫҢ СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТТЕРІН ДАМЫТУ: ІЗДЕНІС. ТӘЖІРИБЕ
Ғ.Мүсірепов
Жазушының бұл ойы уақыт өте келе әдістеме саласында жоғары мазмұнға ие болып отыр. Олай деуге толық негіз бар, себебі, бүгінгі таңда қарым-қатынастың негізгі тетігіне айналған бірнеше дағдылар адам бойында теңдей қалыптаспайынша, ізгі ойы бар, толық адам бола алмасы анық. Осылайша, қазақ тілі пәнін оқыту үдерісі тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым әрекеттері арқылы жүзеге асырылатынына көзіміз жетті. Адам баласы ес біліп, сананың сандалкөгіне мінген сәттен бастап саналы әрекет иесі атанған екен. Естіп, көріп, осылардан бір пікірге тоқталып, өзіндік көзқарасын қалыптастыру үшін тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым әрекеті арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, көшеде кетіп бара жатып билбордтағы сөздерді оқисыз. Кез келген ақпарат мәтін болып табылады. Яғни сіз белгілі бір ақпаратпен танысып, оқисыз және сол туралы мәлімет табасыз. Сол сияқты тыңдалым әрекеті де жүзеге асады. Вокзал немесе түрлі қоғамдық орындағы аудиоқұралдар арқылы берілетін ақпараттарды тыңдаймыз. Тыңдаудың да бірнеше сатысы бар. Бұл туралы баяндаманың кезекті бөлімінде тоқталатын боламын. Сөзіміз дәлелді болу үшін айтылған әрекеттердің адам өмірінде алатын орны туралы ақпаратқа назар аударайық:
ТЫҢДАЛЫМ | 45% |
ОҚЫЛЫМ | 16% |
ЖАЗЫЛЫМ | 9% |
АЙТЫЛЫМ, СӨЙЛЕСІМ | 30% |
Оқытуда әсіресе, қазақ тілін оқытуда қолданылатын әдістемелер жүйесін бір арнаға топтастырып, аудиторияға сәйкес таңдап алу – оқыту жоспарының бірінші сатысы болмақ. Бұл кезең ерекше рөл атқарады және нәтижеге жетуге тікелей байланысты. Себебі тілді үйрету мен оқытуда «деңгей» деген сөз пайда болды. Сыныптардың деңгейіне сәйкес мәтін көлемі, оны құрайтын сөз саны зерттелуі тиіс. Себебі, 5-сыныптың баласына жоғары сыныпта берілетін оқу материалдарын ұсындық делік. Шығарманың жалпы мазмұнын өз деңгейінде ғана түсінеді. Талдау жұмыстары да солай жүзеге асады. Қиын сөздер, фразеологиялық тіркестер, сөз оралымдары баланың ойлау, сөйлеу өресімен санаса отырып берілуі керек. Қазірді отандық әдістемені жасаудың басты қағидасы – деңгейлік лексикалық минимум әзірлеу. Ол дегеніміз оқушы жасына, сыныбына сәйкес қандай сөздерді қолдана алады, репликаларда сол сөздерді қатыстыра ала ма деген сұрақтар төңірегінде ізденген дұрыс. Әдістеме саласындағы шетелдік және отандық ғалымдар белгілі бір тілде қарапайым жағдаятта 800-900 сөз білсеңіз жеткілікті екендігін айтады. Соған орай, ағылшын тілінің базалық минимумы 850 сөз, неміс, француз, испан, португал, итальян тілдерінің де базалық минимумы осы көлемге қарайлас. Орыс тілінде ол 780 сөзді құрайды. Сондықтан да қазақ тілін үйрету әдістемесінде 900 сөзге негізделген тіл үйрету құралының болуы табиғи құбылыс емес пе? Осы ретте, «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми практикалық орталығының әзірлеген «Қазақ сөзі : 900, 1200, 1500» деп аталатын көмекші құралдары мен деңгейлік лексикалық минимумдарын ұсынар едім. Оқушыға тыңдалым, оқылым, айтылым әрекеттері үшін қажет сөздерді дұрыс таңдап беру арқылы, оқу мақсатына жетудің мүмкіндіктері туады.
Тілші-ғалым Ф. Оразбаеваның айтуы бойынша, түсіну – сөйлесім әрекетінің барлық түрлеріне тән ең басты көрсеткіш. Бір адам екінші адамның айтқанын түсінбесе, ұқпаса, онда пікірлесу мен сөйлесу жүзеге аспайды. Сөйлесім әрекетіне қатысты айту да, оқу да, жазу да, есту де, тілдесу де белгілі бір хабарланған, баяндалған ойды түсінуге негізделеді. Оқыту кезінде сөйлеу әрекеттерінің түрлері бойынша: «алды, кезеңі, соңы» деп аталатын үш кезең жүзеге асуы тиіс. Мысалы: Тыңдалым алды, тыңдалым кезеңі, тыңдалымнан кейінгі кезең. Осы үш кезеңді меңгертудегі әдістер топтамасын жүйелі қолдану арқылы нәтижелі әрі өнімді жұмыс алуға болады. Сөйлеу дағдыларын (тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым) оқытуда қолданылатын және ескеретін оқыту түрлерін былайша жіктеген дұрыс:
Тыңдалым-айтылым | Оқылым | Жазылым |
-болжау; -әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау; -мәтіннен ақпаратты анықтау; -негізгі ойды анықтау; -тыңдалым материалы бойынша жауап беру және бағалау; -сөйлеу мәдениетін дамыту | -ақпаратты түсіну; -мәтіннің стильдік, жанрлық ерекшелігін ажырату; -мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау; -оқылым стратегияларын қолдану; -әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу | -әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру; -жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну; -эссе жазу; -мәтіндерді түзету және редакциялау. |
Ал, кезеңдік тапсырмалар:
Алды | Кезеңі | Кейінгі |
Тақырып арқылы болжау, сурет арқылы болжау, негізгі тірек сөздермен жұмыс, мақал-мәтел немесе тұрақты тіркестердің мағынасын ашу | Мәтінге тақырып қою, негізгі ойды табу, бөліктерге бөлу, мәліметтерді сәйкестендіру, ДЖИГСО,ФИШБОУН, ПЕРИФРАЗ | Мәтінде берілген ақпаратқа байланысты талқылау сұрақтары, сұрақтардың мазмұны сол күнгі лексикалық минимумға сәйкес болуы шарт, жауап беру барысында оқушылар ақпаратты өмірмен байланыстыра отырып беруіне ықпал жасау керек. |
Келесі мәселе-мәтін мазмұнын таңдау. Мәтін құрастыру мен таңдау кезінде әртүрлі ақпарат (газет-журнал, интернет, аудиофайл, кітап) көздерін қолданатынымыз анық. Дегенмен түпнұсқа мәтіннің мазмұны мен сөз саны сыныптың деңгейіне сай таңдалуы қажет. Бұл ретте мәтінді бейімдеу (кванттеу) үлкен рөл атқарады. Түпнұсқа мәтіннің негізгі идеясын сақтай отырып, сандық мәліметтерді мүмкіндігінше азайтып беру. Мысал үшін кванттелген мәтінге назар аударайық:
Әлемдік тәжірибе бойынша тілді тиімді меңгерту төрт дағды арқылы жүзеге асырылады екен. Оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым дағдылары оқушының коммуникативтік дағдылары болып табылады. Коммуникативті дағдыларды басшылыққа алып оқыту функционалды сауаттылықты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Грамматикалық білім тілдік төрт дағдыны қалыптастыру барысында жүзеге асып отырады. Оқушының әдеби тіл нормаларын дұрыс және орынды қолдана білуіне мән беріледі. Ал лексикалық тақырыптар белгілі бір тақырыптар аясында оқушылардың сөздік қорын байта отырып, сөздердің мағынасын түсінуге көмектеседі.
Түпнұсқа мәтін Бейімделген мәтін
аманаты
Сонымен қатар, мәтін мазмұнын барынша ұлттық сөз оралымдары мен ұлттық танымға байланысты таңдау шеберлігі – мұғалімнің жеке шығармашылық ізденісіне байланысты. Пән мұғалімі ретінде жоғарыдағы әрекеттерді жүзеге асыру барысында тарихи фильмдерден, халық ауыз әдебиетінің мұралары-айтыс, бата, терме, өсиет сөздерден аудио және бейнематериалдарды ұсынамын. Мақсаты-есте қалар есті сөздерді қолданудың артықшылығын ұғындыру. Ерте заманда қазақтың батыры да, байы да, баласы да шешен, көреген болған емес пе? Кесек ой, сиқырлы сөзді түйдектеп те, әдіптеп те жеткізе білген ғой. Ендеше біз сол қазақтың ұрпағы емеспіз бе? Үйренуге мүмкіндік мол, білуге құштар ниет болса болғаны. Осы дүниелерді баланың санасына құя отырып үйрету – оқытудың жазылмаған заңдылығы дер едім. Педагогика саласында өзіндік әдістемелік қолтаңбасы бар Ж.Аймауытұлының : «Дайын мағлұматты мұғалім айтып беріп, балалар жадағай отырып тыңдағандай болмасын. Мұғалімнің жәрдемімен өмір мәселесін бала өздігінен ойлап, ізденіп шешкендей болсын» деген сөзі біз айтып отырған белсенді оқытудың қағидасына айналды. Оқытуға арналған заманауи мүмкіндіктің тағы бір ұштығы -платформалар. Соның ішінде «Мәтінді сөйлеуге түрлендіру KZTTS bot» каналы арқылы белгілі бір мәтінді ер немесе әйел адамның даусын таңдау арқылы тыңдалымға айналдыра аласыз.
Қазақ тілін мәдениет пен салт-дәстүрмен байланыстырып оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар екендігін осы жерде айта кетуіміз керек. Оқытудың өзіндік ерекшелігі қазақ тілін жақсы білетін, сөйлей алатын оқушылардың тілдік қатысымдық қызметімен бірге, ол көптеген қызметтерімен анағұрлым бай.Сондықтан оқытудағы ұлттық болмыстың көрініс табуы – әрбір пән оқытушылары үшін таптырмас құрал, әсіресе, тіл майданында мұқалмас қару болып қалмақ.
Икрамова Жанат Абибуллаевна
Жетісай ауданы ,Жылысу а/о, Жылы су ауылы
«М.Шоқай атындағы №26 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі