Бөбекжайда бала тілін дамытудың маңызы
Бөбекжайдағы тәрбиешілерге халық ауыз әдебиетінен үйретуге бас назар аударылған. Онда оқыған ертегі, әңгіме мазмұнын жүйелі байланыстарын әңгімелеп біреуге үйрету, ертегі мазмұнында кездесетін кейіпкерлердің іс-әрекетіне сай оброзды сөздер мен диологтарды кейбір өлең шумақтарын бұлжытпай жатқа айта білуге екі адамның диалогында кездесетін сұрақ қарқынын, талап тілектерді білдіретін сөздерге дауыс екпінін дұрыс қойып мәнерін айта білуге тәрбиелеу талап етілген. Халық ауыз әдебиетінің маңызы балаларға мәдениетті сөйлеуді үйрету, баланың тілдік қатынастық дамуын қамтамасыз ету. Ауыз әдебиеті ауызша шағарылып, ауызша айту арқылы таралатын болғандықтан, творчествовалық өзгеріске ұшырап отырады. Қазақ ауыз әдебиетінің негізгі түрлеріне мақал – мәтелдер мен жұмбақтар, санамақтар мен ертегілер, жаңылтпаштар жатады. Бұлардың бәрі Отанды сүюге, ерлікке, елін қорғауға тәрбиелейді; халық ауыз әдебиетінен сусындаған баланын тілі ұшқыр, ойы зерек, алғыр, қиялын шарықтатып тіл байлығын молайтады. Ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстыру үшін, алдымен оқылатын материалдың көлемін, мазмұнын жас ерекшелігіне байланысты анықтап алу керек.
Балалардың сөйлеу тіліне үйретуде ең үздік оқытушы – халық. Халықтың шығарма тіліндегі басқа шығармалардың ешқайсысында кедеспетін, естілуі жөнінен бір-біріне ұқсас, ажыратып айтуға қиын сөздердің тамаша орналастыруының өзі балалар ұғымына өте жеңіл тиеді. Сондай-ақ жеңіл қалжыңды тақпақтар, жаңылтпаштар, жұмбақтар – педагоикалық әсер берудің ең тиімді құралы, жалқаулық, қорқақтық, эгоистік сияқты жағымсыз қылықтарға қарсы жақсы «деру». Қиял дүниесінен тараған ғажайып оқиғалы ертегілер, батырлық жырлар, өмір тәжірибесінің қысқаша қорытындысы. Мақал – мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған жаңылтпаштар – бәрі де балабақшада бала тілінің дамуына әсері мол. Халық ауыз әдебиетімен таныстыру, арнайы өтілетін оқу қызметтері мен оқу қызметінен тыс жүргізілетін ойын, еңбек жұмыстарында іске асады және де баланың сөздік қорын молайтып, әр сөздің мағынасын дұрыс түсініп, қолдана білу көзделеді; бейнелі, көркем сөздерді қолдана білуге үйретеді. Балалардың тілін дамытуда ертегілерді әңгімелеу, оны кейіптендіру, баланы сөйлемді байланыстырып сөйлеуге үйретеді. Көркем әдебиет сабағында алдыма қойылған мақсат: баланың ертегіні байланыстыра сөйлеу дағдыларын жетілдіру, ертегінің мазмұнын дұрыс түсініп, грамматикалық жағынан дұрыс байланыстырып, жүйелі әңгімелеп беруге үйретуді, алдыға қоямыз. Тіл байлықтарын арттыру мақсатында және оқылған ертегінің мазмұнын толық қабылдау негізінде күннің екінші жартысында осы оқыған ертегіні кейіптендіреді. Мысалы: «Ақымақ қасқыр», «Мақта қыз бен мысық», ертегілерін. Олар өздерінің қалаған ертегілерін кейіптендіреді, сөздерін жатқа айтып отырып, өзі қалап алған кейіпкерлердің көңіл-күйін, іс әрекетін беруге тырысады. Ертегіні кейіптендіруде баланы дұрыс сөйлеуге, сөйлемді байланыстыра құрастырып айтуға үйретемін. Ал жұмбақ баланың білімін тиянақтау үшін бақылау кезінде, бейнелеу сабақтарында, қоршаған ортамен таныстыру, оқу қызметінде жиі қолданылады. Мысалы: Балалар айналадағы өмірді бақылау арқылы таниды. Сондықтан, бақылау кезеңі нәтижелі, мазмұнды өтуіне мән береміз. Қыс уақытында серуенге шығар кезде, қардың суық болатынын, алақаныңа салып ұстасаң, еритініне де көңіл бөлемін. Балалар, қолға ұстасам ериді, себебі қол жылы, жылылықтан қар ериді, -деп жауап береді. Балалар бірнеше нәтижеден соң, өздері қар жайлы айтып әңгімелейді. Келесі серуенде балаларға «Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тонады», деген жұмбақты жасырып өздеріне айтқызып, шешуін тауып, айтуларын ұсынамын. Жұмбақты 3-4 рет естіген соң балалар өздері жатқа айтып тілдері жаттығып, мағынасын түсіне бастайды.
Жұмбақта сурет, мүсіндеу, жапсыру оқу қызметінде де қолданылады. Мысалы: түйенің бейнесін салу алдында, түйенің ерекшелігін естеріне түсіру
мақсатымен, түйе туралы жұмбақ жасырылады.
Кезекті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.
Шешуін тапқан балалар, оның жануар екенін, оның екі өркеші барын айтып өтеді, тіл байлықтарымен ойлану қабілеттері дамиды. Жұмбақ баланың ойланып жауап беруіне, заттың қасиетін байқауға, сабақ алдында балалардың көңілін аудару мақсатымен айтылады.
Көркем шығармаларды тыңдауға бала мектепке дейінгі кезеңнен-ақ құмартып,қызығады. Қысқа ертегі, өлең оқып берсе, тез жаттап алады. Жаттау арқылы оның тілі жетіледі. Әдеби кейіпкерлердің жақсы ісіне сүйсінеді, жаманынан жиренеді, бойын қорқыныш билейді. Сәбилерде жақсы және жаман іс-әрекет жөнінде түсінік пайда болады.
Ең соңында, көркем шығарманы оқығанда шығарманың мазмұнына лайықты суреттерді пайдаланған жөн. Өйткені бұл жастағы балалар өз беттерімен оқи алмайды. Ал шығарманың мазмұнын сурет арқылы жылджам түсінеді. Бала кейде кітаптың бетін ашып отырып, суреттің астына жазылған өлең жолдарын дәл тауып, өз бетімен оқып отырғандай әңгімелеп береді. Сондықтан тәрбиеші қажетті шығарманы оқудан бұрын, суретті көрсету арқылы әңгімелеседі. Соңынан шығарманы оқып береді. Ересек балаларға шығармаға байланысты қажетті суретті шығарма оқылған соң берген дұрыс.Өйткені шығарманы оқудан бұрын сурет көрсетілсе, балалардың бар ынтасы суретке ауадыда, тәрбиеші оқығанда зейін қоймайтын болады.
Тәрбиеші қай тақырыпта қандай шығарма оқыса да, бақылау, экскурсия, әңгімелесу, әңгімелетіп айтқызу сабақтарын өткізсе де, әр заттың, іс-қимылдың сөздік атауларын бала түсініп, дәл тани білуге тиісті. Әдеби шығармаларды оқу, тіл дамыту жұмыстарындағы басты әдістердің бірі- сөздік жұмысын жүргізу. Мектеп жасына дейінгі мекемелерде балалар өздігінен оқи алмайтыны анық.Сондықтан текст оқуға, әңгімелеп айтуға үйрету, көркем сөздермен таныстыру жұмысы бағдарлама талабына сәйкес тақырыптық принциптерге негізделеді. Ол принциптер айналадағы дүниемен, қоғам өмірімен, табиғатпен таныстыру, дүние танымын, ой-өрісін жетілдіру, зейінін, қабылдауын бағдарлай білу, қабілеттерін дамыту болып табылады. Осы мақсаттарға орай әдеби шығармаларды оқу, алған білімдерін тиянақтау жалпы сөздік қорларын молайта отырып, мағынасы ұқсас, мағынасы қарама-қарсы сөздерді меңгерту, көрген-білгендері жөнінде (салыстыра, теңей айтуға үйрету) алғашқы ұғымдарын қалыптастыру міндеті қойылады. Ертегі, жаңылтпаш оқу, тіл дамыту жұмысында ортаңғы тобында тыңдау қабілетін дамыту, шағын өлеңді жатқа айтуға, ауызша әңгімені талдауға, суретке, қойылған сұраққа сүйене отырып, әңгімелеп беруге үйрету көзделеді. Ал ересектер мен мектепалды тобы (4-5 жас аралығы) шығарманы тыңдай отырып, оның (әңгіме, ертегі) мазмұнын жүйелі әңгімелей білуге, кейіпкерлердің іс-әрекетін түсініп, өзінше талдап, ойын қорытындылай білуге, кейбір үзінділерді жатқа айтуға, мазмұнға сай ертегі құрауға, бейнелі сөздерді дәл тауып айтуға, өздігінен салыстыра сипаттай білуге үйренуге тиісті.
Темирболатова Перизат Орынбасаровна тәрбиеші
Қалиева Гүлзат Сансизбайқызы педагог – психолог
БҚО, Орал қаласы
ЖШС «Малышарики» жеке бөбекжайы