» » Балабақша – бақытты балалық ордасы

Балабақша – бақытты балалық ордасы

 Қазақ халқының нағыз азаматын тәрбиелеп өсіру негіздерін қалыптастыратын тұңғыш мектеп- ол балабақша. Балабақша келер ұрпақты еңбекке  , өнер-білімге, елінің ар намысын қорғауға және ізгі адамгершілік ниеттерге  баулиды.Сондай балабақшалардың бірі- Жамбыл облысы, Меркі ауданының Ақермен ауылындағы «Бүлдіршін»балабақшасы.

 Балабақша-келешек,ел басқарар, жер суына иелік етер, ел халқын гүлдентер, мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды шыңдап өмірдің ең басты сатысын қалайтын киелі ұя. Балабақша ұжымы келешек ұрпақтың тәрбиелі болып өсуіне қызмет етуде.Балабақшамыз 2004 жылдың  24 қыркүйегінен бастап жұмыс істейді. Ашылғанына  биыл бір мүшел толады.

  Балабақшамыздың жақсы жетістіктерге жетуі, әрбір тәрбиешінің өз еңбегінің нәтижесімен, жаңалығымен біліктілігі мен білімдерінің арқасы деп білеміз.Атап айтсақ, балабақшада екі топ жұмыс жасап, онда 30 бүлдіршін тәрбиеленеді. Балабақшада 17 жұмысшы қызметкер бар, оның 7-уі педагог мамандар, жоғары білімдісі-5, орта арнаулы -2 қызметкер қызмет етеді.  Балабақша топтарында өз жұмысын жақсы білетін, бірінші,екінші санатты мамандар жұмыс жасайды. Балабақша ұжымының әрбір қызметкерлерінің міндеті- күнделікті тәрбиеленуші бүлдіршіндерге бақыт сыйлау.

«Үйренер нәрсең-білім мен мейірімділік»-деп, Жүсіп Баласағұн  айтқандай, балабақша ұжымы әрбір күнін ізденіспен өткізеді.Балабақшамыз «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу  бағдарламасы» бойынша оқу-тәрбие жұмыстарын қазақ  тілінде жүргізеді. Балабақшамыздың көптеген жетістіктері бар.  

 2016 жылдың қараша айында облыстық “Жүрегімді балаларға арнаймын» атты фестивальда «Жүректен жүрекке» атты топпен бас жүлдеге ие болдық.

Осындай маман иелерінің кәсіби шеберлігін арттыруда олардың маңдай тері еңбектерінің жемісін көруге көмегін тигізетін әдіскер қауымының атқарар еңбегі қашанда ауқымды, маңызды,қажетті және жауапты іс болып қала бермек.Аудандық «Айналайын» атты ән байқауында II-орынды балабақшамыздың балғын тәрбиеленушілері жеңіп алды.2017 жылы «Менің балабақшам-менің мақтанышым » атты аудандық байқауына қатысып III орынды иеленді.Педагогтар  ұжымы жоғары білімді, іскер меңгерушіміз Жомартова Мира Доғдырбайқызының жетекшілігімен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын » басшылыққа алып, оқу -тәрбие процесінің ізгілендіру тұрғысындағы ұстанымдарды іске асырып: «Негізгі құзыреттілікке, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде тұлғалық мәдениетке ие бала тұлғасын дамыту» тақырыбын бекітіп, мақсаттар мен міндеттерді белгіледі.

 «Бүлдіршін» балабақшасының ұйытқысы, ізденімпаз, іскер басшы Жомартова М.Д. балалардың жан-жақты қорғалған, үйлесімді тұлға болып қалыптасуына жағдай жасауда.Балабақшамыздан ұшқан жас түлектеріміз  мектепте оқып білім алуда. Тәуелсіз еліміздің бақытты балдырғандарына білім, тәрбие беруде балабақша ұжымы жаста болса біршама жетістіктерге қол жеткізді. Педагогтарымыз үнемі, шығармашылық ізденіс жолында. Ата-аналар пікірінше біздің «Бүлдіршін» балабақшасы «балалардың саялы мекені

Нарымбетова Жанна

Жамбыл облысы,Меркі ауданы,Ақермен ауылы

«Бүлдіршін» балабақшасының әдіскері

17 тамыз 2017 г. 19 922 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 227 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 613 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031