» » Мысырдағы қазақстандықтарды ұлттық қауіпсіздік қызметі ұстаған - СІМ

Мысырдағы қазақстандықтарды ұлттық қауіпсіздік қызметі ұстаған - СІМ

Мысырдағы қазақстандық студенттерді сол елдің ұлттық қауіпсіздік органы ұстаған, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов. Бұл туралы inform.kz хабарлайды.
«Бүгін Қазақстан Елшісі Мысыр Сыртқы істер министрінің орынбасарымен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан азаматтарын ұлттық қауіпсіздік органы қызметкерлері ұстағаны белгілі болды. Толық мәліметтерді жақын арада хабарлайтын боламыз», - деді Ә.Жайнақов. Бұған дейін Мысырда жоғалып кеткен 6 қазақстандық студентті Каирдің құқық қорғау органдары ұстап отырғандығы туралы хабарланған болатын.


28 шілде 2017 г. 93 437 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 13 042 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031