» » Мұғалімдердің 70%-ы тесттен өте алмады

Мұғалімдердің 70%-ы тесттен өте алмады

«Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшідинова Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының жетекші мектептерінің форумында мұғалімдердің кәсіби деңгейі мен білімін өткір сынға алды. Бұл туралы sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап baq.kz хабарлайды.


«Ақтөбе Таймс» басылымы хабарлағандай, Күләш Шәмшідинова Назарбаев зияткерлік мектептеріне оқытушыларды іріктеп алу конкурстары кезінде өзі байқаған жайтты айтып берген. Бұл конкурстар кезінде 7 мың мұғалімнің өздері сабақ беретін пәндері бойынша білімі бағаланыпты.

Шәмшідинованың айтуынша, мұғалімдердің тек 5%-ы ғана қарапайым тест бойынша барлық 25 сұраққа жауап берген. Ал сынақ тапсырған ұстаздардың 70%-ы шекті 13 балды да жинай алмаған.

Сондай-ақ, Шәмшідинова мәлімдегендей, мұғалімдердің көпшілігі мүлдем дерлік кітап оқымайды. Мәселен, қазақ әдебиеті мұғалімдері әңгімелесу кезінде мектеп бағдарламасынан бір өлең де оқып бере алмаған.

Бұдан бөлек, "Назарбаев зияткерлік мектебінің" басшысы ұстаздардың компьютермен дұрыс жұмыс істей алмайтынына да шағымданды. Оның айтуынша, кейбіреулер өз поштасының логині мен поролін есте сақтай алмаған.


25 шілде 2017 г. 61 796 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 766 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 056 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031