Астанада VI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді
2017 жылдың 20 қыркүйегінде Астана қаласында «Қазақстанның өнеркәсіптік саясаты: еңбек өнімділігін арттыру арқылы кәсіпорындардың бәсекелестікке қабілеттілігін ұлғайту» VI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.Бұл туралы EDUNEWS.KZ ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Конференцияға Инвестициялар және даму министрлігінің, «NOKIA Казахстан», «Назарбаев Университет», «Fraunhofer» неміс қолданбалы зерттеулер институтының өкілдері, шетелдік сарапшылар, дамыту институттары, ұлттық кәсіпкерлік палаталар, салалық ассоциациялары, кеңес беруші компанияла, қазақстандық өндірістік компаниялардың өкілдері және т.б. қатысады.
Аталмыш конференцияның мақсаты ҚР бәсекеге қабілетті экономикасын дамытудың негізгі факторы ретінде еңбек өнімділігін арттырудың жолдарын табу бойынша мемлекеттік сектор мен бизнес қауымдастығының арасында диалогтық алаң ұйымдастыру, Қазақстанның өндірістік саясатының негізгі бағыттарын түсіндіру, Индустрия 4.0 элементтері болып табылатын цифрлік технологияларды әзірлеу және қолданысқа енгізуге қатысты бизнесті қолдау бойынша сұрақтарды талқылау мен еңбек өнімділігін арттыру мен өнім/қызметтіңі өзіндік құнын төмендету мүмкіндіктері, әдістері мен құралдарын көрсету болып табылады.
Конференция барысында «Өнімділік 2020» бағдарламасы бойынша өтеуге ие болған мекемелердің басшылары сөз сөйлейді.
Жоба бойынша толық ақпаратты www.kidi.gov.kz сайтынан алуға болады.
Өткізілетін күні: 20 қыркүйек 2017 жыл.
Өткізілетін орны: Астана қаласы, «Hilton Garden Inn» қонақ үйі (Қабанбай Батыр даңғылы, 15).
Тіркеу: 13.00-ден - 14.00-ке дейін.
БАҚ өкілдерін тіркеу: 12.30 сағаттан бастап.
VI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға барлық мүдделі тұғаларды шақырамыз.
Дереккөз: «ҚИДИ» АҚ Баспасөз қызметі