» » Астанада ғылым және технология бойынша ИЫҰ-ның бірінші саммиті өтеді

Астанада ғылым және технология бойынша ИЫҰ-ның бірінші саммиті өтеді

 2017-ші жылдың 10-11 қыркүйегінде Астанада өткізілетін Ислам ынтымақтастығы Ұйымының (ИЫҰ) Ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммиті қарсаңында 9-шы қыркүйек күні, сағат 10:30-да ғылым және технологиялар салалары министрлерінің кездесуі өтеді.Бұл туралы БҒМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып,EDUNEWS.KZ ақпараттық агенттігі хабарлайды.

 Білім, ғылым және технологиялар салаларының 40-тан астам министрлері қатысатын басқосу барысында қорытынды құжаттың – «ИЫҰ ғылым, технология және инновация саласындағы 2026 жылға дейінгі бағдарламасының» жобасы бекітіледі деп жоспарлануда. Аталмыш құжатты ИЫҰ-ның ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммиті барысында мемлекет басшылары қабылдайды.       

ИЫҰ-ның ғылым, технологиялар және инновациялар саласындағы 2026-шы жылға дейінгі бағдарламасы әлемдегі Ислам елдерінің арасындағы екіжақтық және көп жақты серіктестікті нығайту жөніндегі негізгі құжаттардың бірі болмақ. 

Анықтама: Қорытынды құжат Астана қаласында өтетін ИЫҰ ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммиті барысында қабылдануы тиіс басты екі құжаттың бірі болып табылады.  

12 беттен құралған қорытынды құжат жобасының ішінде үш бөлім бар: преамбула, кіріспе бөлім және Ислам әлемінің дамуы негізгі 12 бағыты бойынша жіктелген іргелі басымдылықтар. Әрбір басымдылықта негіздеме, сонымен қатар мақсаттар мен оларға жету жолдары белгіленеді: жоғарғы білім және ғылыми-зерттеу қызметінің сапасын жақсарту, барлық азаматтарды қолжетімді денсаулық сақтаумен қамтамасыз ету, қоршаған орта, климаттың өзгеруі және экологиялық тұрақтылық және т.б.

Кездесуде басқосудың төрағасы ретінде Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев және ИЫҰ Бас Хатшысы доктор Юсеф Бен Ахмад Әл-Озаймиин, сондай-ақ Жоғарғы лауазымды тұлғалар отырысының Төрағасы Болатбек Әбдірасілов және ИЫҰ елдерінің басқа да өкілдері сөз сөйлейді.

Саммит ИЫҰ мүше мемлекеттерінің ғылыми-техникалық әлеуетін дамыту саласындағы серіктестікті нығайту жөніндегі мәселелерді талқылауға арналған диалог құру алаңы болмақ.

Саммит ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ұйымдастырылып отыр. Бұл жайлы 2016-шы жылы Стамбулда өткен ИЫҰ 13-ші саммитінде мемлекеттердің ғылыми-технологиялық әлеуетін дамыту саласында мұсылман әлемінің күш-жігерін мобилизациялауға бағытталғаны туралы айтылған болатын.

Анықтама: ИЫҰ (Ислам ынтымақтастығы ұйымы) 1969-шы жылы құрылған, ең ірі және ең ықпалды ресми үкіметаралық мұсылмандық халықаралық ұйым болып табылады. Қазіргі таңда жалпы саны 1,5 млрд тұрғындары бар 57 елді біріктіреді. ИЫҰ-ның негізгі қағидасы: тұтас теңдік; әр халықтың өзін-өзі билеу құқығын сыйлау; ішкі істерге кіріспеу; егемендікті, мемлекет аумағының егемендігі мен тәуелсіздігін сыйлау;ИЫҰ мемлекет-мүшелерінің арасында пайда болған даулы мәселелерді бейбіт түрде келіссөз арқылы, делдалдылық және арбитраж арқылы шешу; мемлекет-мүшелердің аумақтық бүтіндігіне, сонымен бірге саяси тәуелсіздікке қарсы келетін қауіпті және күшті қабылдамау

Қазақстан 1995-ші жылы Ұйымның толық құқықты мүшесі болды.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының ғылыми ұйымдары мен жоғарғы оқу орындары ИЫҰ-ның мемлекет-қатысушыларымен белсенді қарым-қатынас құруда. Серіктестік туралы келісімсөздер Малайзия, Оман, Біріккен Араб Әмірліктері, Иордания, Қырғызстан, Әзірбайжан, Түркия және басқа да елдермен орнатылған.  

 Аккредиттеу келесі телефон нөмірі бойынша: 8 (7172) 742414 (Маржан).

Баспасөз қызметкерлерінің отырыс залына өтуі 10:25-тен 10:35-ке дейін жүргізіледі. 

07 қыркүйек 2017 г. 4 172 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 955 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031