» » Ыбырай Алтынсарин атындағы Республикалық педагогтар Академиясының директоры Жолдыбаев Байқабыл Жолдыбайұлымен сұхбат

Ыбырай Алтынсарин атындағы Республикалық педагогтар Академиясының директоры Жолдыбаев Байқабыл Жолдыбайұлымен сұхбат

Ыбырай Алтынсарин атындағы Республикалық педагогтар Академиясының  директоры Жолдыбаев Байқабыл Жолдыбайұлымен сұхбат!

Байқабыл мырза ең бірінші сұрағымызды өзіңіздің өмір жолыңыздан бастасақ: 

       - мен, Жолдыбаев Байқабыл Жолдыбайұлы 1987жылы қыркүйек айының жиырма үшінші жұлдызында Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қораши елді мекенінде  дүниеге келдім. Отбасым өте қарапайым болды. Әкем Қылышбайұлы Жолдыбай ауған соғысының ардагері,  мал шаруашылығымен айналысты. Анам әкемнің тілегін тілеп, күндіз-түні үй шаруасында болды. 1994 жылы алғаш мектеп табалдырығын аттап, 2005 жылы ең бақытты түлектердің бірі болып , алтын ұя мектебімді қимай қоштастым.

Студенттік сәттеріңізбен бөліссеңіз: қайда оқыдыңыз, мамандығыңыз жайлы

       - Ақтөбе Мемлекттік Педагогикалық Институтының физика және матаматика мамандығы бойынша білімімді шыңдап шықтым. Бала кезден арманым математиканың сан қырлы құпиясын ашып түсінсем дегем. Студент кезімде қолым босаса көптеген ғылыми кітаптарды оқып, матаматиканы толық меңгеруге тырыстым. Шынайы еңбектің арқасында бүгінгі таңда математика және физика пәнінің мұғалімі болып жүрмін. Әрине математика үлкен шексіз ғылым. Сол үшін  тынбай еңбек етіп келем.

Математикадан жеткен жетістіктеріңіз туралы айтсаңыз:

     -әрине « жеңіс бар жерде-жеңілісте бар» демекші, көптеген ірі додаларға қатысып бағымды сынадым. Жүлделі орындарыммен жетістіктерім көп. Оның ішінде ірісі, атап айтқанда 2017 жылы Түркістан қаласында республикалық математиктер жарысында екінші орынды қанағат тұттым. Білімімді шыңдап, 2019 жылы қайтадан  Астана қаласында жарыста бағымды сынап, бас жүлдені ұтып «Үздік математика пәнінің мұғалімі»  төсбелгісімен марапатталдым. Осы жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік мерекесіне орай, Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мырзаның алғыс хатымен марапатталдым.

 Математикамен қатар спортты алып жүр екенсіз, осы жайында толық айтсаңыз: жетістіктеріңіз болса бөліссеңіз

    -әрине ауылдың қай баласы болмасын спорттан алыс болмайды. Менде бала кезден асық атып, доп ойнауды жақсы меңгердім. Спорттың қай түріненде болмасын жақсы нәтиже көрсеттім. Соның дәлелі 2014 жылы «қазақ күресінен спорт шеберіне үміткер» болдым. 2020 жылы Алматы қаласында көпсайыстан жеңімпаз атанып «көпсайыстан спорт шеберіне үміткер » атандым. 2021 жылы Қостанайда өткен жазғы спартакиадада гір көтеру сайысынан жүлделі үшінші орынды иелендім. Міне осындай жетістіктеріммен қатар: Қазақ Спорт және Туризм Академиясының 75 жылдығына орай президенті , профессор Қ.Қ.Закирьянов мырзаның қолынан, алғыс хат және төсбелгісімен марапатталдым. 

Бүгінгі таңда немен айналысасыз, қандай қызметтесіз

  • Ыбырай Алтынсарин атындағы Республикалық педагогтар Академиясының  директоры  қызметіндемін. Көптеген мұғалімдермен , оқушылармен, студенттермен тығыз жұмыс жасаймыз. Ұстаздардың білімдерін шыңдап , білім саласында кеңестер береміз.  Математика пәнінен дәріс берем. Қоғамдық жұмыстармен жие айналысам. Еліміздің дамуына өз үлесімді қосып келем. Жұмысымның нәтижесін алған марапаттарымнан байқауға болады. Ақтөбе қаласының құрметті профессоры Қуаныш Мырза ағамыздың қолынан «патриоттық және азаматтық белсенділігі үшін» төсбелгісімен марапатталдым. Сонымен қатар «алтын қыран»  төсбелгісінің иегерімін.

Болашақта қандай мақсаттарыңыз бар: болашақта тағыда қандай жетістіктеріңізбен қуантасыз?

  • Менің алға қойған мақсаттарым өте көп. Бүгінгі таңда негізгі мақсаттарымның бірі орындалды десем болады. Себебі: «Бейбітшілік әлемі » Президенті  ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, БҰҰ, «Халықаралық Адам құқығын қорғау комитетінің » Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің президенті, генерал-майор А.А.Нұрманов мырзаның қолынан «Қазақ қоғамының қайраткері» төсбелгісімен марапатталдым. Ендігі мақсатым елбасының қолынан марапат алу. Марапат алсам бірінші сіздермен бөлісетін болам.
  • Жақсы Байқабыл мырза, сол күнде аманшылықпен кездескенше!
  • Сізге сәттілік тілейміз!!!
06 шілде 2021 г. 35 055 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 607 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930