» » Алтын ордаға 750 жыл

Алтын ордаға 750 жыл

2020 жылдың   ақпан айының 10 жұлдызында  Алматы қаласы, Алатау ауданы  КМҚК «№37 бөбекжай -балабақшасында» «Алтын орда 750 жыл» атты қалалық семинар болып өтті. Семинарға «Қалалық мектепке дейінгі тәрбие» бөлімінің  басшысы Масақбаева Лунара Тұрсынқызы және әдіскері Гүлназ Серікқызы қатысқан болатын. Алматы қаласының  балабақшаларынан  педагогтар келді. Семинарды  КМҚК «№37 бөбекжай –балабақшасының»  мектеп алды  даярлық «Сұңқар» тобы «Денсаулық»  білім беру саласы, дене шынықтыру, оқу қызметімен ашты. Биыл ұлық ұлыс – айбынды Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл толып отыр. Осыған орай Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алтын Орданың 750 жылдығын лайықты атап өту және ұлыстың негізін қалаған Жошы хан есімін ұлықтау туралы сөздері зор ықыласпен қабылданды. Балалар өздерін жауынгер ретінде қабылдап шайқас көрсете отырып, қылышпен шайқасып, оқу қызметінің көркін аша түсті. Хас батыр ретінде  негізгі жаттығуларды жасап, денелерін шынықтырды. Негізгі қимылда  «Жекпе- жек», «Туыңды тік» ойындары ойнатылып, ғажайып сәтте сүйінші  сұралып, ақ жаулықты әжей мерекеге ортақтасып Алтын орданың төл теңгесін таратты. Іс шараның соңына қарай бүлдіршіндер өнерін көрсетіп, педагогтар  шеберлік сыныбына қатысты. Семинарда тәрбиеленушілер  өз өнерін көрсетіп, педагогтар өздері  тіккен қуыршақтарына жан бітіріп  музыкалық нөмір көрсетті, көпшіліктің көңілінен шыға білді. Алматы қаласының балабақшаларынан келген  педагогтар қатысып, бір –бірімен ой бөлісті. Қонақтар өз ойларын еркін жеткізіп шын жүректен алғыстарын білдіріп жатты.
  

     
18 ақпан 2020 г. 2 640 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 587 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930