» » Қызылордалық ғалымдар күріш қауызын құрылысқа пайдаланбақ

Қызылордалық ғалымдар күріш қауызын құрылысқа пайдаланбақ

 Қызылордалық ғалымдар құрылыс және мұнай өндірісінде энергия және ресурс үнемді технологиялар ойлап тапты. Тынымсыз зерттеулердің нәтижесінде күн сәулесін пайдаланып, бетон бұйымдарын тез әрі біркелкі кептіруге болатыны дәлелденді. Сондай-ақ жергілікті ғалымдар күріш пен мұнайдың қалдығын пайдаға жаратудың тың жолын ұсынып отыр. Бұл туралы 24.kz - ке сілтеме жасап baq.kz хабарлайды.


Жыл сайын Сыр өңірінде шамамен 40 мың тонна күріш қауызы өндірістік қалдық ретінде қажетке жарамай қалатын. Ал, сырбойылық ғалымдар осы күріш қауызынан арболит жасауға болатынын айтады. Бұл әдіс жеңіл бетон өндірісіндегі дәстүрлі технологиямен салыстырғанда біршама арзан әрі экологияны сауықтыруда пайдасы орасан.

– Жергілікті арзан шикізаттарды қолданамыз. Яғни жылу орталығының күлін, сонымен қатар әртүрлі химиялық қоспалар, сұйық шыны, кальций хлориді. Солардың мөлшерін біз екі есе азайтып, арболиттің өзіндік бағасын төмендеттік. Ал техника ғылымдарының кандидаты Нәби Даужанов темірбетон бұйымдарын өндіруші кәсіпорындар шығынан азайтудың жолын ұсынып отыр. Яғни бетон құймасын кептіру кезінде күн энергиясы пайдаланылады. Ол үшін арнайы гелиоқақпақ ойлап табылды, – дейді техника ғылымдарының докторы Сәкен Үдербаев.


Техника ғылымдарының кандидаты Нәби Даужановтың айтуынша гелиоқақпақтың төрт жағына төрт рама орнатылады да, екіқабатты полиэтилендік плёнка тартылады. Екі полиэтилендік плёнканың белгілі арақашықтығы бар. Егер ол сақталмаса, берілетін жылудың мөлшері өзгеруі мүмкін. Сол арқылы арнайы бекіткіш құлыптар арқылы бекітіліп, формалар қатаю процесіне қойылады.

Жергілікті ғалымдар мұнай бұрғылау кезінде шығатын қалдықтарды да пайдалы іске бағыттауға болатынын айтады. Әдетте тонналап көмір шығындалатын керамзит өндірісіне енді «қара алтын» қалдықтарын қолданған жөн.


– Алынған технологияны біз Орал қаласындағы керамзит зауытында тәжірибелік сынақтан өткіздік. Ол зауытта акредиттелген зертхана бар. Сол зертхана біздің алынған керамзитіміздің құрамына сертификат сәйкестігін берді. Яғни мемлекеттік стандартқа барлық физикалық-механикалық қасиеттері бойынша сай келеді, – техника ғылымдарының кандидаты Роза Нарманова.


«Қорқыт ата» атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің зертханасында бірқатар тың технология әлі де сыналып жатыр. Басты мақсат – энергия және ресурс үнемдеу тәсілдерін жетілдіріп, отандық өндірістің өркендеуіне жол ашу.


25 шілде 2017 г. 2 852 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 13 025 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031