» » Түркістанда студент қызды зорламақ болған күдікті ұсталды

Түркістанда студент қызды зорламақ болған күдікті ұсталды

 Түркістанда студент қызды тонап, зорламақ болған күдікті бір айдан кейін ұсталды. Оны жедел іздестіру шараларын  Облыстық ІІД  Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жүргізді, деп хабарлайды "Edunews.kz" AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Айта кетейік, қылмыстық оқиға қыркүйек айында орын алған еді. Ясауи кесенесінің жанында белгісіз біреу жас қыздың ізіне түсіп, оның ұялы телефонын тартып алған. Артынша зорламақ болған еді. Абырой болғанда қызды жергілікті тұрғындар құтқарып, жедел жәрдем шақыртқан. Бұл көрініс әлеуметтік желілерге де тарап кеткен болатын. Осы оқиғадан кейін полицейлер сезіктіні ұстауға кірісті. Із кесушілер өңірдің әрбір ауданын тексеріп, барлық облыстарға күдіктінің бағыттамасы жіберілді. Өйткені, оның облыс аумағынан шығып кетуі мүмкін деген болжам болған. Нәтижесінде қазан айының басында сезікті Алматы қаласынан ұсталды.

Қазіргі таңда  аталған жайт бойынша  ҚР ҚК-нің «Зорлауға оқталу» және  «Тонау» баптарымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.


10 қазан 2018 г. 23 771 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 577 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930