» » Қызды педофилден құтқарған жігіт Алматыдағы ЖОО-да білім грантына ие болды

Қызды педофилден құтқарған жігіт Алматыдағы ЖОО-да білім грантына ие болды

 8 жастағы қызды педофилден құтқарып қалған Алматы облысының түлегі Тимурбек Жамаладдинов білім грантына ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 
 Тимурбек Жамаладдиновке Қазақ ұлттық аграрлық университетінің білім грантының сертификатын Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар табыстады. "Сенің ерлігін әлі күнге дейін халық арасында айтылып жүр. Ерлігіңнің арқасында қызды қылмыскерден құтқарып қана қоймай, барлығына үлгі болдың", - деді облыс әкімінің орынбасары. Тимурбек Жамаладдинов өз кезегінде сертификатты алу үшін Талдықорғанға келіп, осындай қолдау көрсетіп жатқан басшылыққа алғысын айтты. "Университеттегі барлық мамандықтың ішінен мен "мемлекеттік және жергілікті басқару" факультетін таңдадым. Болашақта оқу орнын бітірген соң сіздермен бірге жұмыс істеп, елімізді дамытуға көмектесеін деген сенімдемін", - деді Тимурбек Жамаладдинов. Еске салайық, бұл оқиға 3 мамырда болған еді. Астана қаласының жаңа вокзалының құрылыс аумағындағы жұмысшылардың бірі Асқар Қажығұмаров су қоймасына қарай құрылыстың маңынан өтіп бара жатқан ер адам мен кішкентай қызды байқаған. 22 жастағы жұмысшы Асқар Кенжеғұмаров әріптестерімен бірге қызды зорламақ болған күдіктіні ұстағаны туралы айтып берді. Жұмысшылардың барлығы жаңа вокзалдың жылу жолын салып жатқан. Оқиға Нәжімеденов және №82 көшелерінің қиылысында болған. Ал жақында Астана түбінде 6 жасар қызды зорламақ болған ер адамға қатысты сот үкімі шыққан болатын. "Сот Хафизов Рамай Райысұлын ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі мен 24-бабының 3-бөлігінде қарастырылған қылмыс жасады деп танып, оған 15 жылға бас бостандығынан айыру туралы жаза тағайындайды. Сонымен қатар, ол педагогикалық немесе кәмелетке толмағандармен байланысты қызметке келуге өмір бойына шектелсін", - деп оқыған еді үкімді судья.
24 тамыз 2017 г. 3 862 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 570 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930