23 жасар әже

Сіздердің назарларыңызға осы күннің ең қызықты жаңалықтар топтамасын ұсынып отырмыз. Ең қызықтысы 23 жасында апа атанған сыған қыз туралы және кәмелеттік жасқа толмаған ең кішкентай адам жайлы...
Румынияның Рифка Станеску есімді тұрғыны әлемдегі ең жас апа болып танылды. 23 жаста-ақ мұндай атаққа қол жеткізген жан иесінің өмірі өзгелерге ұқсамаған. 11 жасар балғын қыздың 13 жасар ғашығымен әкесінің қарсылығына қарамастан қашып кеткені қандай дұрыс болған десеңізші. Әйтпесе, 12 жаста туылған тұңғыш бала мен араға бір жыл салып дүние есігін аттаған тағы бір бала болмаса, бүгінгі әңгімеміздің шырайын келтіріп отырмас еді.
Шырылдап келген шарана қызға шешесінің құрметіне орай Мария деп қойған соң ата-анасы бастапқы шырайларынан қайтқан. Көзге көрінбейтін көңіл жібін қалыпқа келтірген уақытта әлгі қыз бала да бойжетіп үлгеріпті. Анасының ақ жолын қабыл алып, 11 жасында Мария қыз үйленіп кете барған. Ал ендеше дегендей, Рифкаға әлемнің ең жас апасы деген лауазым бұйырып отыр.
Ендігі әңгімеміз 17 жасар Филиппин аралының бір жігіті туралы өрбімек. Небәрі бірнеше айдың көлемі ғана қалды, міне сол уақытта осы бір беймәлім жігітіміз әлемнің ең кішкентай адамы болып ресми түрде кітапқа еніп тіркелмек. 18 жасқа толғалы отырған бойы бар-жоғы 55 сантиметрді құрайтын кішкентай жан иесі әзілдеуді қатырады екен: "Жер бетіндегі ең кішкентай адам мен болсам, онда бұл дегеніміз "круто" дегендей жақсы емес пе?!" - деп қалжың аралас сөзін айта кетті.
Тағы да бір болмысы бөлек жандардың бірі ретінде Мехикода тұратын 56 жастағы Миленко Парсерисас Букович туралы айтқымыз келіп отыр. Азғантай ғана ақшасын күнкөрістен жырып алып голливудтық киноактриса Джулия Робертстің суреті салынған кескіндерді денесіне түсірген. Сол арқылы мәңгілік махаббатын білдіргісі келген оңтүстікамерикалық азаматтың бүгінгі таңда бүкіл тұла бойында атақты актриса өмір сүріп жатқандай сыңай қалдырады.
Соңғы кезде ғалымдар арасында Ева Браунның өміріне деген қызығушылық пайда болып отыр. Оған себеп, соңғы кезде Адольф Гитлердің көңілдесі болған әйелдің жаңа суреттері интернет беттерінде жарияланып отыр.
Ең қызығы сол, әлгі суретте фюрердің көңілдесі сол уақытта төменгі нәсіл болып саналған беймәлім бір негрмен жарасымдылық тауып тұр.
Фотографияны Райнхард Шульц есімді коллекционер жариялап отырған көрінеді. Тырнақ бояп, шаш тарағанды жақсы көретін көңілдесінің бұл қылығын сол уақыттарда әлемнің билеушісі болуды армандаған жан ұната бермепті. Әйтсе де, бұған пысқырып та қарамаған сұлу бикеш ойға алған мақсатын орындаудан тайынбапты. (Керемет көрінбейді ме, қара негрмен бірге тәнін көлегейлеп тұрған қолшатырдағы кескінді әйел...)

Автор:Фараби Бақыт

21 қыркүйек 2020 г. 77 309 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 18 125 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 862 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031