» » Назарбаев зияткерлік мектептері: үздік тәжірибе, инновация және таңдамалы шығармалар

Назарбаев зияткерлік мектептері: үздік тәжірибе, инновация және таңдамалы шығармалар

«Ұлы Дала Ұстазы» Халықаралық ғылыми-педагогикалық журналы 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап «Назарбаев зияткерлік мектептері: үздік тәжірибе, инновация және таңдамалы шығармалар» атты республикалық жобасына ғылыми-әдістемелік мақалалар, эсселер, баяндамалар және педагогтардың басқа да еңбектерін қабылдайтынын хабарлайды.

Аталған арнайы жинаққа тек Назарбаев Зияткерлік мектептері желісінің ұстаздары қатысып, мақалалары мен еңбектерін жібере алады.

Сонымен қатар аталған республикалық педагогикалық жобаның аясында «Үздік педагогикалық мақала» республикалық конкурсы ұйымдастырылып, жеңімпаздарға халықаралық журнал редакциясы атынан сертификат және диплом беріліп, жобаны жүзеге асыруға атсалысқан педагогтарға «Рухани жаңғыру» ақпараттық-сараптамалық орталығы атынан Құрмет грамотасы мен Алғыс хат беру жоспарланған.

Аталған арнайы шығарылымның І томын қазан айында шығару жоспарлануда.

«Назарбаев зияткерлік мектептері: үздік тәжірибе, инновация және таңдамалы шығармалар» республикалық жобасы аясындағы материалдарды dala.ustazy@gmail.com электрондық жәшігіне жіберуге болады.

 

Жоба жетекшісі: Жұлдызай Әтімқұл

Байланыс телефонымыз: 8-707-560-90-60 (Whats App)

19 қыркүйек 2019 г. 15 521 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 260 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 622 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031