» » Қазіргі уақытта Kundelik.kz және Daryn.online платформалары бірігіп интеграция жасап жатыр

Қазіргі уақытта Kundelik.kz және Daryn.online платформалары бірігіп интеграция жасап жатыр

Бұл туралы «Daryn.online» білім беру платформасының өкілі Ержан Оңалбаев ОКҚ брифингінде айтып берді. «Қазіргі таңда кез келген қолданушы үшін ең қиыны – платформаның көптігі. Бір мектепте 4 немесе 5 платформа бар. Яғни мұғалімдер мен оқушылар әр платформаның логинін, құпиясөзін жаттауы керек. Ол өте қолайсыздық тудырады деп хабарлайды, edunews.kz Ақпараттық Агенттігі 24.kz  Ақпараттық Агенттігіне.
Осы мақсатта қазір Daryn.online платформасы мен Kundelik.kz платформасы бірігіп, интеграция жасап жатырмыз. Ол қазан айының басында дайын болады. Интеграция бір логин, құпиясөзбен Kundelik.kz және Daryn.online платформаларына бірден кіруге мүмкіндік беерді. Және болашақта Daryn.online-да видеосабақтарды көріп болған соң тест орындайды, содан жинаған ұпай Kundelik.kz платформасында автоматты түрде шығып тұрады», - деді. Осы категория бойынша: « Қазақстанда kundelik.kz платформасын 6 мыңнан астам мектеп қолданады Қазақстандық жоғары оқу орындарының дипломдары Еуропа елдерінде жарамды болады».

Дереккөз:  24.kz  Ақпараттық Агенттігі
17 қыркүйек 2020 г. 17 384 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 13 025 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031