» » Өнімді жұмыспен қамтуды дамыту аясында 320 мың қазақстандық 2021 жылға дейін техникалық мамандық алады

Өнімді жұмыспен қамтуды дамыту аясында 320 мың қазақстандық 2021 жылға дейін техникалық мамандық алады

  Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкімет отырысы барысында 2017-2020 жылдарға арналған Өнімді жұмыс және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасын жүзеге асыру аясында ҚР Білім және ғылым министрлігінің есебі қаралды.Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Ресми сайтына сілтеме жасай отырып, EDUNEWS.KZ ақпараттық агенттігі хабарлайды.  

 Ерлан Сағадиев министрліктің Бағдарлама аясында еңбек нарығының талаптарын ескерумен техникалық және кәсіптік білімі бар кадрлар даярлауды іске асыруға жалпы үйлестіру мен мониторинг жүргізетінін баяндады. Мәселен, 2017 жыл мен 2021 жыл аралығында аталған бағыт бойынша Бағдарлама аясында 320,5 мың адам тартылатын болады. 

Сонымен қатар аймақтарда кадрлар даярлауға үміткерлер тізімін құратын 1844 мобильді топ құрылды. 586 біліктілік бойынша жұмысшы кадрларын (сервис және қызмет көрсету, техникалық, технологиялық, ауыл шаруашылығы) даярлау үшін 317 білім беру ұйымымен 271 басымдықты мамандықтан тұратын тізім анықталды. 

Министр Бағдарламаның қатысушылары санатына оқу орындарына түспей қалған 9-11 сыныптардың түлектері, жұмыс іздеп жүргендер, өмірдің қиындығына тап болғандар, аз қамтылған отбасылардың мүшелері мен басқа да санаттағы азаматтар жататын түсіндірді. Сонымен қатар, Бағдарлама қатысушыларына шәкіртақы төленді, бір рет ыстық тамақ беріледі және жолақысы төленеді. Сондай-ақ қазіргі кезде кадрлар даярлауға үміткерлерден 12771 өтініш келіп түскені атап өтілді.

08 тамыз 2017 г. 3 119 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 060 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 821 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930