» » 500-ден астам колледж студенті «worldskills» әлем чемпионатына жолдама алу үшін бағын сынап жатыр

500-ден астам колледж студенті «worldskills» әлем чемпионатына жолдама алу үшін бағын сынап жатыр

 Қазақстандық колледждердің 500-ден астам студенті «WorldSkills-2022» әлем чемпионатына жолдама алу үшін өз дағдыларын көрсетіп жатыр. Қатысушылардың конкурс алаңына Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов келді, деп хабарлайды edunews.kz ақпарат агенттігі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Министр студенттердің шаштараз, аспаз, мехатроника, сырлау-сәндеу бағыты, сылау жұмыстары, кірпіш қалау, дәнекерлеу технологиялары және т.б. бағыттар бойынша жұмыстарымен танысты.

Сонымен қатар, Асхат Аймағамбетов жұмыс берушілермен және колледж басшыларымен берілген академиялық еркіндік, дуалды оқыту және т.б. жобалардың артықшылықтарын талқылады.

 «Чемпионаттың өңірлік кезеңінен өткен үздік студенттер елордаға жиналып, өз шеберліктерін танытуда. WorldSkills - бұл кадрларды даярлаудың әлемдік стандарттары, олар біздің білім беру бағдарламаларымызға белсенді енгізіліп келеді. Президент біздің алдымызға жұмысшы мамандықтарды насихаттау және еңбек адамын қолдау міндетін қойып отыр. Біз өткізетін чемпионат - бұл жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және насихаттау шараларының бірі. Сондай-ақ, біз елімізді халықаралық деңгейде де танытып жатырмыз, біздің колледж студенттері үздік-15 мемлекеттің қатарына кіреді. Министрлік 2025 жылға дейін қажетті кәсіптер бойынша 100% тегін техникалық және кәсіптік білім беруді қамтамасыз етуді жоспарлап отыр», - деп атап өтті министр Асхат Аймағамбетов.

Естеріңізге сала кетейік, «WorldSkills Kazakhstan 2022» республикалық чемпионаты 6 желтоқсанда басталды. Оған еліміздің барлық өңірлерінен 500-ден астам жас маман - WorldSkills өңірлік турларының жеңімпаздары қатысады. Олар 30 ресми құзыреттілік бойынша жарысып жатыр. Оның ішінде, электрмонтаждау жұмыстары, бизнеске арналған IT-шешімдер, web-технологиялар, мобильді робототехника, мехатроника, прототиптеу және т.б.

«Мен республикалық чемпионатқа екінші рет қатысып отырмын. Мен үшін бұл тәжірибе алмасу, дағдыларымды жетілдіру алаңы болып табылады. Айтпақшы, біз жаңа технологияларды дәл осы жерде сынап, көре аламыз. Мен осы чемпионатта жеңіске жетіп, еліміздің намысын әлемдік деңгейде қорғап, дәнекерлеу ісінің маманы болғым келеді. Бұл өте қажетті мамандық», - деп бөлісті Шымкент индустриалды-технологиялық колледжінің студенті Нұрболат Әшербаев.

Республикалық конкурс жеңімпаздары медальдармен және құрмет грамоталарымен марапатталады. Олар сондай-ақ WorldSkills халықаралық чемпионатында ел намысын қорғайтын ұлттық құрамаға алынады.

Әлемдік жарысқа жыл сайын 60-тан астам мемлекет қатысады. Қазақстан WorldSkills International (WSІ), WorldSkills Europe (WSE) и WorldSkills Asia (WSА) ұйымдарының толыққанды мүшесі болып табылады және қатысушы елдер арасында үздік-15 мемлекеттің қатарына кіреді.

2021 жылы Еуропа чемпионатында алғаш рет қазақстандық Дина Афанасьева "web-әзірлеме" құзыреттілігі бойынша қола медаль жеңіп алды.

12 желтоксан 2022 г. 623 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 004 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 800 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930