» » Қазақстан «WorldSkills Competition» чемпионатына қатысқан Орталық Азиядағы жалғыз мемлекет

Қазақстан «WorldSkills Competition» чемпионатына қатысқан Орталық Азиядағы жалғыз мемлекет

 2017 жылдың 14-19 қазан аралығында Абу-Даби қаласында (БАӘ)  өткен WorldSkills Competition чемпионатында  Қазақстан әлемнің үздік 77 мемлекеті ішінде 24-орынға ие болып, бәсекеге қабілетті жұмысшы кадрларды даярлау бойынша 30 елдің қатарына енді. 

«WorldSkills Abu Dhabi» әлем чемпионаты  51 жұмысшы мамандығын қамтыды, Қазақстанның ұлттық құрамасы 23 құзіреттілік бойынша қатысты. Олар: Жүк автокөліктеріне қызмет көрсету, дәнекерлеу ісі, бетон технологиясының жұмыстары,  дәнекерлеу технологиясы, электроника, сантехника және жылыту, графикалық дизайн, суыту және желдету техникаларына қызмет көрсету, мейрамхана сервисі, жеңіл автокөлік жұмыстарын жөндеу, сылау және декоративті жұмыстар, флористика, мехатроника, визуальды мерчандайзинг және витринистика, кірпіш қалау, құрғақ құрылыс пен сылақ жұмыстары, электромонтаж, инженерлік графика, шаштараз өнері, киім дизайны және үлгілеу, желілік және жүйелік басқару, нан пісіру шебері, веб-дизайн мамадықтары.

 Іс-шараға 1300-ден астам жас маман мен 100 мыңнан астам көрермен қатысты. Әлем чемпионаты жастарға өздерінің шеберліктерін, кәсіби деңгейін қалың көрерменге көрсетуге, сондай-ақ, оларға біліктілігін, білімін жетілдіруде және жалпы болашақта мамандану бағытын таңдауда кәсіби мамандардан ақыл-кеңес алуға зор мүмкіндік берді.

 Анықтама: Бұл шара Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының аясында жалпы еңбек қоғамын құру және жұмысшы мәртебесін арттыру,  кәсіптік-техникалық білім беру саласына ерекше көңіл бөліп, жастарды аталған салаға тарту, еңбек нарығына бәсекеге қабілетті техника саласындағы мамандарды даярлау бағыттарындағы нақты тапсырмаларды іске асыру аясында өткізіліп жатыр.

Осындай әлемдік деңгейде инновациялық алаңдардың бірі WorldSkills қозғалысы болып табылады. Қазақстан 2014 жылдан аталған қозғалыстың мүшесі болып табылады. Бұл жоба жұмысшы мамандықтардың мәртебесін арттыру және дәріптеу бойынша орта және кәсіптік білім беру мекемелерінде маман тапшылығын азайтып, аса қажет кадр дайындауда үлесі зор.


25 қазан 2017 г. 4 034 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 156 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 593 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031