» » Көлікте ұмытылып қалған бала қаза тапты

Көлікте ұмытылып қалған бала қаза тапты

 Мадридте әкесі бір жастағы қызын көлікте қалдырып кеткен. Бұл туралы "Edunews.kz" KTK арнасына сілтеме жасап, хабарлап отыр.
Кішкентай қызын көлікте қалдырып кеткені келіншегі хабарласқаннан кейін ғана есіне түскен. Әкесі Санчинарро ауданында көліктің ішінде ұмытып кеткенін әйеліне хабарлаған.  
Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері дереу жеткен. Алайда жедел жәрдем қызметкерлері балақайды өмірге қайтару үшін 45 минут күрескенімен оны аман алып қала алмады. Кішкентай қыз тар кеңістікте болғандықтан, ауа жетіспеген. Қазіргі уақытта ата-анасынан өлімге қатысты жауаптар алынуда.

05 қазан 2018 г. 2 856 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 13 044 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031