» » Қазақстан мектептері кедергісіз орта құруға дайын ба - министрдің жауабы

Қазақстан мектептері кедергісіз орта құруға дайын ба - министрдің жауабы

  ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев инклюзивті білім беруге жағдай жасау жұмыстары туралы баяндады, деп хабарлайды "Edunews.kz" AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


«Барлық мектепті қайта жабдықтап шығу үшін өте көп қаражат пен уақыт керек. Мектептеріміздің басым бөлігі ескі және бастапқыда онда кедергісіз орта құру қарастырылмаған. Университеттерде мүгедектерге арналған лифт орнату - өте қымбат шаруа. Мәселені оңай шешетін амалды көріп тұрған жоқпыз», - деп жауап берді Ерлан Сағадиев Үкімет үйінде журналистер сұрағына.

 Оның айтуынша, пандус мәселесі аз ғана уақытта шешіліп келе жатыр.

«Көптеген мектептер пандус салумен айналысып жатыр. Пандустар - бірінші қабатқа ғана апаратын жол, осы нәтиженің өзі де жаман емес. Біздің қазіргі міндетіміз - барлық мектептер мен ұйымдарды пандуспен қамтамасыз ету, кейінірек мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған лифт қою мәселесін де қарастыра жатармыз»- деді Сағадиев.

Айта кетейік, бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова мүмкіндігі шектеулі 10 мыңнан астам баланың мектепке бара алмай отырғанын мәлімдеді.

Осыған байланысты, министр Әбілқасымова Білім және ғылым министрлігіне инклюзивті білім беруді дамыту мақсатында кадрлардың жетіспеушілігі, инклюзивті білім беру жүйесін әдістемелік қамтамасыз ету, кедергісіз орта құру шеңберінде білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту сияқты мәселелерді шешу қажеттігін ескертті.


09 қазан 2018 г. 1 783 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 248 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 619 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031