» » Байқоңырда еліміздің білім стандартына сәйкес келетін 3 балабақша салынады

Байқоңырда еліміздің білім стандартына сәйкес келетін 3 балабақша салынады

Байқоңырда қызмет етіп тұрған 13 балабақшаның небәрі 1-еуі ғана қазақстандық білім стандарты бойынша жұмыс жасайды. Бұл туралы "Edunews.kz" AA 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Мектеп жасына дейінгі балалар білім ошағына дайын болуы үшін білім мен тәрбие қазақстандық стандарт бойынша берілуі тиіс. 
«Қазір Байқоңыр қаласында біздің еліміздің білім стандарттарымен жұмыс істейтін 8 орта мектеп бар. Онда сабақтар қазақша жүргізіледі. Жалпы Байқоңырда 1500 қазақстандық бала Ресей стандарты бойынша білім алып келеді. Қазіргі кезде оларды қазақстандық білім беру жүйесіне көшіру жоспарланып отыр», - деді облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова. 
Қазіргі таңда Байқоңырда 600 орындық жаңа мектеп салу немесе тағы бір мектепті қазақстандық стандартқа көшіру туралы ұсыныс дайындалуда. Ол үкіметаралық келісімдер аясында шешіледі.
12 қазан 2018 г. 1 307 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 621 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930