» » ШҚО-дағы шалғай ауылдарда ІТ-сыныптар ашылып жатыр

ШҚО-дағы шалғай ауылдарда ІТ-сыныптар ашылып жатыр

 Қытаймен шекарада орналасқан Зайсан ауданының 11 мектебіне робототехника жабдықтары жеткізіліп, 22 ұстаз арнайы білім жетілдіру курстарынан өткен, - деп хабарлайды "Edunews.kz" АА 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Мұнан бөлек биология, химия, физика кабинеттері де күрделі жөндеуден өтіп, жаңартылған білім мазмұнына сәйкес озық технологиямен жабдықталған. «Басты мақсат – жаңа құрылғылар арқылы оқушылардың ізденімпаздығын арттырып, танымын кеңейту», – дейді ұстаздар.

Бақытгүл Үмітбаева, Шілікті орта мектебінің мұғалімі: 

- Қазіргі балаларда қызығушылық өте жақсы. Біз бірінші деңгейдеміз, бастапқыда. Қазір машина жүргізіп үйретіп жатырмыз. Келесі деңгейде күрделілеу робботарды құрастыруды жүргіземіз.

Жанат Байсаринова, аудандық білім бөлімінің бас маманы:

 - Тек қана бюджеттік қаражатқа қарамай, ауданымызда атаулы 41 кабинет жұмыс істеп тұр. Бұл мектеп түлектерінің өздері бітіріп, мектептерінің оқушыларына заманауи білім беру мақсатында интерактивті тақталар, парталар, мұғалім үстелі, оқу құралдары, осындай бізде 41 кабинет жұмыс істеп тұр.

12 қазан 2018 г. 1 463 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 746 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930